264
пламя» – Жұртқа мәлім, «Искра» аттың астына «Ұшқыннан
жалын қаулайды» деген сөз жазылған.
Дұрысы: Тақырыптың астына «Ұшқыннан жалын қаулайды»
деген сөз жазылғаны баршаға мәлім.
3. Недоставало топлива на Шуйские фабрики – Ильич также
решает разбронировать находящиеся вблизи 3000 кубометров
торфа и передать фабрикам – Шуйскідегі фабрикаларға отын
жетпеді, сонда Ленин мұны да шешіп, таяу жердегі 3000 текше
метр шымтезекке бронь салдырып, оны сол фабрикаларға бергізеді.
Дұрысы: Шуйск фабрикаларына отын жетпей қалған кезде
Ильич таяу жердегі 3000 текше метр шымтезекке ешкімді
тигізбей фабрикаларға жіберуді ұйғарды.
4. По отношению к специалистам мы не должны
придерживаться системы мелких придирок – Мамандар жөнінде
біз ұсақ-түйек тиісу системасын қолданбауға тиістіміз.
Дұрысы: Біз жоқтан өзгені сылтауратып мамандарға тиісе
бермеуіміз керек.
5. Однако вспомнишь, что ведь Ильичу тоже, наверное,
частенько приходятся держать душу за крылья, и стыдно мне
слабости своей – Бірақ та, Ильичке де, тегі жанды қанатынан
ұстап отыратын кездер талай кездесетіні есіме түскенде өзімнің
нашарлығымнан ұяламын.
Дұрысы: – Алайда Ильичтің де жанын шүберекке түйіп
отыратын кездері жиі кездесетіні есіме түскенде өзімнің
нашарлығыма қысыламын.
6. У него была естественная связь только со своими товарищами
по работе, рабочими и крестьянами, и он предпочитал отдавать
все свое время только им – Оның тек жұмысшылар мен шаруалар
жөніндегі ғана табиғи байланысы болды, сондықтан да өзінің бар
уақытын тек соларға арнауды артық көретін.
Дұрысы: Ол жұмыстағы жолдастарымен, жұмысшылармен
және шаруалармен етене тығыз байланыста болды, сондықтан
бар уақытын тек соларға арнағанды жөн көретін.
7. Объективы фотокамер и кино вместе с художниками ловили
неуловимого живого Ленина – Суретшімен бірге фотокамералар
да, кино объективтері де сынаптай толқыған тірі Ленинді
аулауға кірісті.
265
Дұрысы: фотокамералар мен кино объективтері суретші-
лермен бірге қолға түсе бермейтін Лениннің бейнесін түсіріп
алуға ұмтылумен болды.
Кейде құрмалас сөйлем кездескенде түпнұсқаны түсінбей
аударғандықтан мән-мағынасы мүлдем өзгеріп кететін кездер
болады. Мысалы, мына бір сөйлемді талдап көрелік.
«Герой пьесы В.Шаврина «Разбуженная совесть» Анатолий,
бежавший из тюрьмы и скрывающийся под чужой фамилией
вор, доказывает Зоре, что в совершенных поступках виноват не
человек, а обстоятельства».
Осы сөйлемнің аудармасы былай болып шыққан:
«В.Шавриннің «Оянған ар» атты пьесасының кейіпкері
Анатолий түрмеден қашып шығып, біреудің фамилиясымен
жасырынып жүрген ұры – Зоря деген қызға қылмыс жасауда
адам емес, жағдай кінәлі деп дәлелдейді».
Ал керек болса! Түпнұсқада түрмеден қашып, жасырынып
жүрген ұры Анатолий деген жігіт болса, аударма мәтінінде ол Зоря
деген қыз болып шыға келген.
Мұндай қателіктерге ешбір жол беруге болмайтыны өзінен-өзі
түсінікті жәйт. Бұл – аударманың өзіндік ерекшеліктері бар қиын
өнер екенінің тағы бір дәлелі.
Бүгін таңда әдебиетіміздің бір саласы болып отырған қоғамдық-
саяси әдебиеттердің аудармасы жылдан-жылға қанаты қатайып,
бағанасы бекіп келеді деуге болады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ғалымдар мен жазушылар,
журналистер мен оқытушылар, мамандар, жалпы ана тілімізді
өркендетуге үлес қосқан азаматтар ұсынып, терминология
комитеті бекіткен біраз терминдер құлаққа сіңісіп кетті. Мысалы:
айқындама – позиция
аманат – наказ
бағдарлама – программа
ғарышкер – космонавт
елтаңба – герб
жарлық – указ
құжат – документ
мәртебе – статус
отбасы – семья
266
өкім – распоряжение
өркениет – цивилизация
тапсырыс – заказ
ұлан – гвардия
хаттама – протокол және т.б.
Біз бұл арада ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізген кезде
басқаларынан гөрі жиірек кездеседі-ау деген терминдерді ғана
алып отырмыз.
Сол сияқты соңғы кездері ара-тұра қолданыла бастаған
автотұрақ – автостоянка
әлеует – потенциал
зымыран – ракета
мұражай – музей
процент – пайыз
сазгер – композитор
сынама – проба сөздерінің де келешегі кемел болар дегіміз
келеді.
Еліміз едәуір еркін тыныстап, қанатымызды қаймықпай қаға
бастаған бүгінгі таңда Ана тіліміздің бай, өрісі кең екенін қай
жағынан болса да дәлелдей алатын дәрежеге жетіп отырмыз. Ол
үшін шетел тілдерінен кейбір тілдерге аударылмай алынатын,
ал қазақ тілінде керемет баламалары табылған сөздерден бір
мысал келтірелік. «Гонорар» (латын сөзі) мен «горизонт» (грек
сөзі) көптеген тілдерде аударылмай алынады. Ал осы сөздердің
ана тіліміздегі баламалары «қаламақы» және «көкжиек» болып
алынып жүргенін жұрттың бәрі біледі. Тек бірен-саран шала
қазақтар болмаса, көпшіліктің құлағына сіңісіп те кетті. Мұндай
сәтті алынған баламалар тілімізде көп-ақ. Оның үстіне бұрынғы
кезде аударылмай алынып жүрген біраз сөздердің баламалары
табылып, тіліміз тазара түсті. Мысалы, конфисковатъ – тәркілеу,
оформление – ресімдеу, изучение – зерделеу. Бұларды біз бұрын
«кәмпескелеу, хаттау, зерттеу» деп келгенбіз. Оның үстіне
«исследование» сөзін де «зерттеу» дейтінбіз. Енді, міне, бұл
сөздердің әрқайсысы өз орнында, дәл мағынасын беріп тұр деуге
болады.
Әлбетте шетел тілдерінен енген терминдердің бәрін беталды
аудару қиын іс әрі оның қажеті де жоқ деп ойлаймыз. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |