252
– өлең (стих) емес. Ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшеулері
өлеңге тән өзгешеліктей боп шумаққа да бөлінбейді. Әр кезде
сөйлеп айтатын ауызша әңгіме» сияқты боп, оқиғалы, мазмұнды
боп келеді. Міне, мысалдың осындай жанрлық ерекшелігі қазақ
тіліндегі аудармаларында сақталмаған.
Бұл ерекшелік Ыбырай мен Абайда да, сондай-ақ мысал
жанрын аударумен шұғылданған қазақтың барлық басқа ақын-
жазушыларында да сақталмай келеді. Олар, негізінен, өлең
түрінде аударады. Кейбіреулері төрт жолдық шумағы бар он бір
буынды өлең етіп аударса, екінші біреулері жеті-сегіз буынды жыр
өрнегімен алып шығады. Осының себебінен жол саны да көбейіп
кетіп отырады, оқиғаны баяндау үлгісі сөйлесу түрінде еркін
шықпай, белгілі бір ырғақ – өлшемдегі өлең шеңберінде қалады.
Сон-дықтан да «қазақша аударылуда, орыс әдебиетінің бұндайлық
бөлекше жанры, қазақша да бөлекше жанр тудырмайды» деген
қорытындыға келеді автор.
Ал Абайдың өз қайраткерлігін сөз еткен жерде М.Әуезов
оның мысал жанрларын аудару арқылы қазақ поэзиясына енгізген
жаңалықтарын жоғары бағалайды. Сол кездегі қоғамдық қалыпты,
жеке адамдардың басындағы ездіктерді мінеуге келгенде, Абайдың
тұспалдап айтатын мысал жанрын місе тұтпай, Лермонтов үлгісіне,
Некрасов пен Салтыков-Щедриннің дәстүріне көшкенін аңғартады
автор. Абай соларша «басқа соғып, көзге шұқып отырып айтуды
ақынның айқын жолы деп білді» дейді.
Абай мұрасының ішінде аударма туындыларының қандай
орын алатындығы, олардың қайсысының кімнен аударылғандығы
туралы, кейбір аударма өлеңдердің көркемдік қасиеттері туралы
бізде жазылған еңбектер біраз бар. Бірақ солардың бәрінде де
нақ Әуезовше аударманың ішкі сырларына терең үңілгені аз. Бұл
еңбектің құндылығы сол – ол Абай аудармаларының творчествалық
сырын ашуға, оның көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге тікелей
жол ашады. Бұдан былайғы Абай мұрасын зерттеушілердің қай-
қайсысы да бұған соқпай өте алмақ емес.
Бұл М.Әуезовтің аударма туындыларын тікелей салыстыра
отырып зерттеген ең көлемді еңбегі. Бұдан кейін ол аударманың
жалпы теориялық мәселелерімен көбірек шұғылданды, оның
негізгі мәселелерін шешуге жалпы Одақ көлемінде ат салысып
отырды.
253
Тегі елуінші жылдар бізде көркем аударма жайындағы ғылыми
ой-пікірдің едәуір дамып, кең өріс ала бастаған жылы болды. Бұл
жылдары газет-журналдардың беттерінде бұл мәселеге арналған
мақала-рецензиялар көбейді.
1957 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы
осындай мақалалардың біразынан құрастырып «Көркем
аударманың кейбір мәселелері» деген жинақ шығарды. Жинақ
профессор М.Әуезовтің «Көркем аударманың кейбір теориялық
мәселелері» деген мақаласымен ашылады. Онда автор аударма
жайындағы теориялық ой-пікірдің ептеп дами бастағанын айта
келіп, «алайда аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі
жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею
күйінде ғана екендігін» атап айтқан («Көркем аударманың кейбір
мәселелері», ҚКӘБ, 1957 ж., 3-бет).
Содан соң ол аударма теориясын жасаудағы негізгі кемшіліктер
деп, аударманың жақсы тәжірибелерін анықтай отырып, оларды үлгі
ретінде ұсыну жағы жеткіліксіз екендігін, көркем аударма туралы
басылып шығып жүрген мақалалардың көбі жеке сөздердің не
дұрыс, не теріс аударылғандарын тізіп, ұсақ нәрселерді сөз етумен
ғана тынатынын, ал аударманың күрделі теориялық мәселелерін
саралап күн тәртібіне әлі қоя алмай отырғандығымызды және
оларды шешетін ірі еңбектер әлі тумай жатқандығын көрсетеді.
Сонымен бірге қазіргі кезендегі аударма теориясының ең күрделі
міндеттері ретінде автордың стилін сақтау, түпнұсқадағы ұлттық
сипатты жеткізу мәселелерін арнайы бөліп алады. «Аударма
саласындағы көптеген міндеттер нақтылы түрде, түпнұсқаның
түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-
тәсілдерді зерттеумен анықталады, ол қасиеттерге: интонация,
ырғақ, образдылық (синонимдердің, идиомалардың, мақал-
мәтелдердің, афоризмдердің түрліше астарларымен бірге)
секілді элементтер жатады және бұған ұлттық форманың әрқилы
өзгешеліктері, тарихи сипаттары да келіп қосылады» дейді автор.
М.Әуезов осы міндеттерді іс жүзінде ойдағыдай шешудің
үлгісі деп, шығармаларды аудару тәжірибесіне тоқтайды. Бұл
жұмыстың жалпы Одақ көлемінде белгілі бір ғылыми негізге
қойылғандығын, оның бар жұмысты басқарып отыратын
беделді ғылыми орталығы, бірыңғай жүйесі, әрбір республикада
254
филиалдары мен бөлімшелері бар екенін, сол себепті мұнда
негізгі мәселелер ұжымдық түрде, ғылыми тұрғыдан ойланып-
толғану арқылы байыпты шешіліп отыратынын баяндай келіп,
аударма тәжірибесінде олардың қолданып жүрген тәсілдері көркем
прозаның аудармасына да көп ретте қолайлы келетінін дәлелдейді.
«Аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі деп
олар – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін
ғылыми дәл, балама аударманы есептейді. Марксизм-ленинизм
классиктерін аударушылар аударылатын шығарманың лексикасын
да, синтаксисін де, олардағы ой-пікірлерді, эмоциялык және
образдық көріктерді толығымен сақтауға, түпнұсқаның мазмұны
мен формасының бүкіл нәр-қуатын толық беруге талаптанады»
– дейді деп, М.Әуезов нақ осы қағиданы прозалық көркем
шығармалардың аудармасына да қолдануды ұсынады.
Бұл пікір көркем аударманың практикасы мен теориясына көп
еңбек сіңірген жазушы М.Әуезовтің кездейсоқ айта салған ойы
емес, қазақтың тіл мәдениетінің, әдебиетінің, көркем ойының,
тіпті жалпы дүниежүзілік әдебиет пен мәдениеттің даму бағытын
бағдарлай отырып, ұзақ ойланудан соң айтқан ғылыми қорытынды
еді. Бұл әдіс, яғни түпнұсқаның формасы мен мазмұнын толық
та дәл сақтай отырып айнытпай аударуға тырысу, сол кездің
өзінде көркем аудармада молынан бар болатын. Бірақ онда, бар
тәжірибені қорытып, бар жұмысты белгілі бір ізге салып отыру
жағы болмағандықтан, бұл тәжірибе кейде сәтті, кейде сәтсіз
шығатын да, түпнұсқаның формасы мен мазмұнын, автордың күллі
стилін толық сақтаймын деушілердің бірсыпырасы сөзбе-сөздікке,
әріпқойлыққа ұрынып қалатын.
М.Әуезов көркем аудармада түпнұсқаның мазмұнымен қатар,
бүкіл формасын да айнытпай сақтау керек деген қағиданы ұстады.
Мұны ол бұл мақаласын жариялаудан бес жыл бұрын, яғни 1952
жылы И.Тургеневтің «Дворян ұясы» романының өзі жасаған
аудармасын жариялаумен байланысты жазған кіріспе мақаласында
да атап көрсеткен болатын. «Мен шамам келгенше ең алдымен
романды дәл аударуға тырыстым, - деген ол.
− Тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем
ерекшеліктерін бере алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару
дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп түсінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |