Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет8/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96

24
әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін 
қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек. 
Аударма  мәтінінің  басты  қызметі  адресатқа  әсер  ету 
болғандықтан,  негізінен  эстетикалық  және  танымдық  қызмет 
атқарады. Ол қызметтерді төмендегіше санамалауға болады:
1) интеллектуалды-ақпараттық қызмет;
2) эмотивті қызмет;
3) эстетикалық қызмет;
4) қозғау салу, бұйыру қызметі;
5) ерекше мән берілетін қызмет;
6)  байланыстырушылық  қызмет  (контактная  функция)  [3,  66-
69-бб.].
Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды 
төмендегіше топтастырамыз:
1.  Дәлдік.  Аудармашы  автордың  ойын  толығымен  аудармада 
жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы 
тиіс,  сонымен  бірге  айтылған  ойдың  ньюанстары  мен  белгілері 
де  сақталуы  тиіс.  Автордың  айтқан  ойларын  жеткізе  отырып, 
сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға 
және оны түсіндіруге тиіс емес.
2.  Ықшамдылық.  Аудармашы  көп  сөзді  болмауы  керек, 
ойлары  барынша  ықшамды  және  мәнерлі  (үйлесімді)  түрде 
мазмұндалуы тиіс.
3.  Айқындылық.  Аудармада  тілдің  жеңілдігі  мен  ықшам-
дылығы аса қажет. Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және 
екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын, 
баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі тиіс. 
4.  Әдебилік.  Аударма  әдеби  тілдің  жалпыға  бірдей  тұтастай 
нормасына  сай  жасалуы  қажет.  Әрбір  сөйлем  түпнұсқаның 
синтаксистік  құрылымындағы  аударма  тіліне  жат  ешқандай 
тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде айшықталып тұруы 
тиіс.  Шетелдік  сөздерге  калька  жасаудан  бойды  аулақ  салып, 
сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып, 
аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.


25
1.1.5  Аудармашыға қойылатын талаптар 
Аудармашының тілдік тұлғасын төмендегі жайттар қалыптас-
тырады:  а)  тұлғаның  әлеуметтік  мінездемесі;  ә)  ішкі  тұлғалық 
қасиеттер; б) филиологиялық білімі, білігі, дағдысы; в) түпнұсқа 
авторы  мен  аудармашы  тұлғаларының  үйлесуі  (жақындығы 
немесе ұқсамайтындығы) (Т.Никитченко). Аудармашы осы қасиет-
тері  арқылы  шығармашығын  танытып,  өзі  аударған  мәтінде  өз 
қолтаңбасын қалдырады. 
Аударма  жасау  кезінде  практик  аудармашының  және  осы 
процесті  сипаттауда  («моделировании»)  аударма  теоретигінің 
алдында  тұратын  ең  маңызды  міндеттердің  бірі  шығыс  тілдегі 
аударылуға  жататын  ең  аз  бірлікті  (мұны  аударма  бірлігі  деп  те 
атайды) іздеп табу болып табылады [1, 174-б.]
Аудармашы ең алдымен коммуникацияның тікелей қатысушысы 
болуы тиіс (В.Н.Комиссаров).
Дж.Драйден аудармашыға төмендегідей талаптар қояды: 
1) аудармашы ақын болуы тиіс;
2) түпнұсқа тілі мен өз тілін жетік білуі тиіс;
3) түпнұсқа авторының жеке ерекшеліктерін түсінуі керек;
4)  өз  дарынын  түпнұсқа  авторының  дарынымен  үйлестіруі 
керек;
5) түпнұсқаның мағынасын сақтауы керек;
6) түпнұсқа мағынасын сақтай отырып, оның тартымдылығын 
сақтауы керек;
7) аудармада өлеңнің сапасын сақтау керек; 
8)  авторды  қазіргі  ағылшынның  сөйлеуіне  орай  сөйлетуге 
«мәжбүрлеу»;
9)  түпнұсқаның  «рухын»  жоғалтып  алмау  үшін  оның 
(түпнұсқаның) сөзіне «қатып қалмау» керек;
10) түпнұсқаны тым жақсартуға ұмтылмау [4, 11-б.]
Ал  біз  ғалымдар  мен  практиктердің  аудармашы  қойылатын 
талаптарын  қорыта  келе,  оларды  төмендегіше  жинақтауды  жөн 
көрдік:
1.  Ол тек қана жеткілікті түрде түпнұсқа тілінің морфология, 
синтаксис, лексика және идиоматикасын меңгерумен бірге, өзінің 
ана тілін, екі тілдік жүйені жақсы түсінетін, терең білетін қабілетке 
ие болуы тиіс.


26
2. Сондай-ақ  негізгі  екі  міндетті:  аударылатын  тіл  мазмұнын 
дұрыс  түсінуімен  және  аударма  тілінің  құралдарымен  сол 
мазмұнды  дәл  және  толық  сәйкестікте  жеткізуден  тұрады.  Бұл 
талаптар мына жағдайда орындалады:
1. аударма тілінің лексикалық бірлігін түп негізіне дейін білу;
2. аударма тілінің грамматикасын және стилистикасын білу;
3. аударма теориясының негізін білу;
4. аударма  техникасын  меңгеру  (сөздіктер  мен  анықтамалық 
материалдарды  пайдалана  білу  қабілеті,  аударма  дағдылары  мен 
ережелерін игеру);
5. аударма  кезінде  әдеби  тілдің  барлық  байлығын  кеңінен 
пайдалану;
6. аудармаға қатысты білім саласын жақсы білу;
7. аударма сөзбе-сөз күйінде жасалмауы тиіс, калька жасаудың 
кез келген түріне жол берілмейді;
8. аудармашы реалийлерді және аударма жасалатын елдің өмірі 
мен тұрмысының нақты жағдайларын білуі тиіс.
9. Аударматанудың негіздері және аударма теориясын білу.
10.  Шет тілі мәтінін түсіну және оны барлық түпнегізіне дейін 
талдай білу.
11.  Аударма  кезінде  қазақ  тілінің  барлық  мүмкіндіктерін, 
ұлттық тіліміздің байлығын пайдалана білу.
12.  Аудармашылық жұмыста автордың ойлары мен эмоциясын 
іштей дұрыс жеткізу үшін шығармашылық қабілеті болу.
13.  Аудармашы  әркез  жекелеген  сөздерді  (бұл  сөзбе-сөздік), 
немесе  жекелеген  құрылымдарды  (бұл  калька  жасау)  жеткізіп 
қоймауы  қажет,  автор  ойларын,  оның  барлық  қыр-сырларымен 
бере білуі керек.
14.  Аудармашы  сөйлемдегі  түйінді,  негізгі  ойды  түсініп, 
аңғарып,  біліп,  сондай-ақ  ең  бастысы  өзінің  ана  тілінің  құрал-
дарымен тиісті талапқа сай жеткізе білуі тиіс. Аудармашы әрбір 
сөйлемдегі  ойдың  орталық  элементін  бөліп,  ажыратып,  анықтап 
ала білуі тиіс.
15.  Логикалық  екпінді  дұрыс  жеткізуде  түпнұсқа  құрылы-
мының  жекелеген  элементтеріне  немқұрайлы  қарамауы  керек. 
Аудармашы  соған  сәйкесетін  ұғымдағы  дәл  сөзді  дұрыс  таңдай 
білуі қажет. Бұл үшін синонимдік қатарларды жақсы таңдай білуі 
әрі оларды дұрыс қолдануы қажет. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау