Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Компенсация  (өтеу,  орнын  толтыру)



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет6/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

18
Компенсация  (өтеу,  орнын  толтыру).  Бұл  тәсіл  түпнұсқа 
тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы 
болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен 
және  сол  сөйлемнің  ішінде  емес,  мәтіннің  басқа  бір  жерінде 
түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда 
кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін. 
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не 
элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда 
сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған 
байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы: Слава народам 
Казахстана!  –  Қазақстан  халықтарының  даңқы  арта  берсін! 
Решения сессии – в жизнь – Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға  байланысты  тағы  бір  байқалғаны  –  аударма  мәтін 
оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы. 
Мәселен,  Олар  Припятьке  таяды  деген  сөйлемді  осы  тәсілмен 
Олар  Припять  өзеніне  таяды  деп  беру  ұтымды  болуы  мүмкін, 
өйткені  қазақ  оқырманы  «Припятьтің»  өзен,  қала,  әлде  село 
екенін  айыра  алмауы  ықтимал.  Тағы  бір  мысал:  Ол  шіркеуге 
баратын күні келді. –Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді 
(Христиандардың  шіркеуге  жексенбі  күні  баратынын  қазақтың 
бәрі біле бермейді).
4.  Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. 
Аудару  үстінде  түпнұсқадағы  мағыналық  тұрғыдан  басы  артық 
сөздер,  оларды  алып  тастаса  да,  мағына-мазмұнды  өзгеріске 
ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп 
тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты 
болатыны  байқалады.  Мысалы,  орыс  тілінде  «каждая  минута 
времени», «в апреле месяце», «промышленная индустрия» сияқты 
тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке 
ала отырып, «әрбір минут», «сәуірде», «өнеркәсіп» деп аударуға да 
болады, өйткені минут сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал «апрель» 
ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия» сәйкес 
ұғымдарды береді.
Келесі  бір  кездесетін  құбылыс  –  орыс  тілінің  сөйлеміндегі 
кейбір  сөзді  қазақ  тілінде  көрсету  міндетті  болмай  қалады. 
Мысалы:  Солдаты  остановились  у  дома,  хозяйн  встретил  их.  – 
Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.


19
Қазақ  тілі  синтаксистік  құрылысының  бір  ерекшелігі  сол, 
салалас  құрмалас  сөйлемді  құрастырушы  сыңарлардың  жалғау-
лықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал 
орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан 
орыс  тіліндегі  кейбір  жалғаулықтарды  аудармай-ақ  түсіріп 
тастауға болады. Мысалы: Пошла ба и она влес, но детей не с кем 
оставить. – Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер 
ешкім  жоқ.  Байқап  отырғанымыздай,  орыс  тілінде  қарсылықты 
мағына  жалғаулық  арқылы  айқындалып  тұр,  ал  қазақ  тілінде 
жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
Қалай  десек  те,  аударманың  нәтижелі  болуы  аудармашының 
тілдік білімі, аялық білімі, контексті түйсінуі, филологиялық білім 
мен шығармашылық талантына байланысты болатыны даусыз.
1.1.3  Аударма жасаудың техникасы 
  
Аударма  жасаудың  техникасы  –  қостілділік  жағдайында 
аударма процесінде пайдаланылатын кәсіби тәсілдердің жиынтығы. 
Аудармашының  мәтінді  талдау  негізінде  оның  морфологиялық 
құрылымын,  бейресми  сөздердің  грамматикалық  категориясын, 
олардың  мағыналық  байланысын  тез  қалпына  келтіре  білудегі 
кәсіби шеберлігі, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін білу және 
онымен жұмыс істеу қабілеті.
Түпнұсқадағы  ақпаратты  «сіңіру»  әдетте  «мағынаны  түсіну» 
деп  аталады.  Бірінші  кезеңде  аудармашы  түпнұсқаның  аудары-
латын  үзіндісіндегі  ақпаратты,  сондай-ақ  лингвистикалық  және 
жағдаяттық  контекстегі  ақпаратты  да  алып,  осы  ақпараттың 
негізінде өзі келесі кезеңде «жарыққа шығаратын» мазмұн туралы 
қажетті  ой-түйін  жасауы  тиіс...  бірінші  кезеңде  аудармашы 
не  түсінсе,  соны  аударады...  аударма  процесінің  екінші  кезеңі 
аударма  мәтінін  жасауда  тілдік  таңбаларды  таңдаудан  тұрады. 
Бұл  аудармашының  кіріс  тілдегі  сөйлеу  әрекетін  көрсетеді. 
Аудармашының  стратегиясын  көрсететін  бұл  екінші  принцип 
әдетте  «түпнұсқаның  таңбасын  емес,  мағынаны  аудару»  талабы 
делінеді  және  түпнұсқаның  тұлғасын  (формасын)  көшіруге 
жол  бермеу  болып  табылады.  Аударма  стратегиясының  үшінші 
принципі аудармашы аударылған және аударған мәтініндегі қандай 


20
да  бір  маңызды  мағыналық  элементтерді  анықтаудан  тұрады. 
Аудармашының  төртінші  стартегиялық  принципі  тұтас  мәтінді 
түсіну  жекелеген  бөліктердің  мағынасынан  маңызды  болып, 
тұтас  мәтіннің  мағынасын  дұрыс  беруде  жекелеген  детальдарды 
«құрбандыққа  шалуға»  саяды.  ...  тағы  бір  ереже  –  аударма  кіріс 
тілдің нормаларына сай болуы тиіс [4, 187-199-бб].
Аударма процесінде ең алдымен аударатын тілдегі лексикалық 
бірліктердің аударылатын тілдегі баламасын дәл қолдану маңызды. 
Сонымен қатар аудару процесінде баламалықтың төрт түрін атауға 
болады. Аударманың бірінші түрдегі баламалылығы түпнұсқаның 
коммуникацияның  мақсатын  құрайтын  мазмұндық  бөлігін  ғана 
сақтаудан  тұрады.  Баламалылықтың  екінші  түрінде  түпнұсқа 
мен  аударма  мазмұнының  жалпы  бөлігі  коммуникацияның 
бірдей  мақсатын  ғана  көрсетіп  қоймайды,  бірдей  тілден  тыс 
жағдаятты  береді.  Түпнұсқа  мен  аударманы  салғастырудың 
үшінші түрінің төмендегідей ерекшеліктері болады: 1) лексикалық 
құрам мен синтаксистік құрылымында параллелизм болмайды; 2) 
түпнұсқа  мен  аударма  құрылымын  синтаксистік  трансформация 
қатынасы арқылы байланыстыру мүмкін болмайды; 3) аудармада 
түпнұсқадағы  коммуникациялық  мақсат  пен  жағдаят  бірдей 
сақталады;  4)  аудармада  жалпы  ұғым  сақталып,  олар  арқылы 
түпнұсқадағы  жағдаят  сипатталады.  Баламалылықтың  төртінші 
түрінде, жоғарыдағыларды қоса алғанда, аудармада түпнұсқаның 
синтаксистік  құрылымының,  мағынасының  айтарлықтай  бөлігі 
көрініс  табады.  Түпнұсқа  мәтінінің  құрылымдық  ұйымдасуы 
аударылатын  мәтіннің  жалпы  мазмұнына  енетін  белгілі  бір 
ақпаратты айқындайды... Баламалылықтың соңғы бесінші түрінде 
түпнұсқа мен аударма мазмұнының барынша жуықтатылуына қол 
жеткізіледі [4, 52-78-бб.].
Ал дәл баламасы жоқ лексикалық бірлікті берудің төмендегідей 
жолдары кездеседі: а) транслитерация; б) калькалау; в) сипаттамалы 
(түсіндірмелі)  аударма;  г)  жуықтатылған  (ұқсас)  аударма;  д) 
антонимдік (қарама-қарсы) аударма [4, 104-121-бб.]. Баламасы жоқ 
сөзді аударуда аталған тәсілдер арқылы сәйкестік орнату болмаған 
жағдайда сипаттау тәсілі қолданылады.
Құрылымдары  әртүрлі  тілдердің  грамматикалық  өзіндік 
ерекшелігі  болатындығы  белгілі.  Кез  келген  тілдің  өзіндік 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау