12
сөйлеудегі жұмсалымы. Ал аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге
асады деген сұраққа Л.С.Бархударовтың төмендегі пікірімен жауап
беруге болады:
1) фонема (графема)
деңгейіндегі аударма;
2) морфема деңгейіндегі аударма;
3)
сөз деңгейіндегі аударма;
4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;
5)
сөйлем деңгейіндегі аударма;
6) мәтін деңгейіндегі аударма [1, 176-184-бб.]. Бұл пікірге
былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға
аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық
заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге
аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау;
ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен
айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.
1.1.2 Аударма процесіндегі трансформалау әдісі
Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты
тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн.
Аудармашының жұмысы осы нақты мәтіннің тіліне байланысты
істелетін нақты әрекеттерден тұратынын дәйім ескеріп отырған
ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы
тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер
аударматануда трансформалау (трансформация) деп аталып жүр.
Мұндай трансформалаулар көбінесе түпнұсқа тіліндегі хабар,
мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл нормаларын
сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын
техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:
1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз
тіркестерінің орын тәртібі);
2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін
ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік
және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма;
компенсация);
13
3) қосу;
4) түсіру [1, 190-231-бб.]. Осы негізгі техникалық әдіс-
тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай аударма түпнұсқаға дәл
келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық
(көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа
ретінде бағаланады.
Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс.
Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса,
бірігіп, араласып келіп отырады.
1. Орын алмастыру. Бұл – аудару үстінде түпнұсқа тілдегі
элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу.
Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас
сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес
сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт – түпнұсқа
мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма
мәтінде өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан,
тұрақты. Бір мысал:
Не послушался стрелец своего коня,
поднял перо жар-птицы,
привез и подносит царю в дар.
Мерген тұлпардың айтқанына
көнбепті, зымыран құстың
қауырсынын әкеп, патшаға
тартыпты.
(Ауд. – М.Әлімбаевтікі). Бұл аудармада орын алмастыру бір
сөйлемнің ішінде болып тұр.
Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма
мәтінде бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура
келеді. Мысалы:
Мен базардан сатып
алған телпекті кидім.
Бұл – ұзын күнқағары бар,
аңшының қызыл телпегі еді.
Я надел красную шапку,
которую утром купил в базаре. Это
была охотничья шапка, с очень-очень
длинным козырьком.
Бұл аудармада орын ауыстыруға мүмкіндік беріп тұрған нәрсе
–
телпек сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.
Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі –
заңды құбылыс. Бір мысал:
Я в отчаянье, если бы Вы на то не
согласислись. –
Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.