34
нормасына елеулі нұқсан келтіретін жайт; аудармашының қатесі
немесе аудармашының лингвомәдени құзыретінің төмендігін
көрсететін белгі. Әріпқойлық жеке сөзден гөрі сөз тіркесінің,
фразалық тұтастықтың, сөйлемнің аудармасында айқын көрініс
береді. Оның себебі мынада: аудармашы жеке сөзді алғанда
оның сөздіктегі сәйкес баламасын игереді немесе контекстуалды,
функционалды баламаларын қолданады, бұл аудармадағы
заңдылық болып саналады. Ал сөз тіркесінен бастап былай қарай
күрделене беретін құрылымдар үшін сөздіктегі сәйкестіктердің
алынуы немесе калька баламаның жасалуы әріпқойлыққа
ұрындырады. Әріпқойлық әсіресе көркем мәтіннің аудармасына
нұқсан келтіреді.
Мысалдарға назар аударалық:
Ракета ….
Ол – соңғы бес жыл бойы зымыран құрылысы
жүйесін басқаратын Мервин Уорреннің жеке көмекшісі («Із
қалмасын» романының аудармасынан).
Бұнда түпнұсқадағы сөз үшін алынған сөздіктегі сәйкестік
(
зымыран) әріпқойлықтың белгісі емес. Аудармашы осындай
баламаны алуға құқылы; ол, керісінше, қазақ әдеби тілінде жаңа
қолданыс болып табылатын тілдік бірлікті көркем мәтіннің
айналымына түсіріп, тың сөздің жұмсалу өрісіне жол ашқан.
Полуприкрытие глаза ...
Оның жартылай жабық көзі көшеден
түсіп тұрған жарықта Дузинский бетін бақылауда еді (Сонда).
Не позволим посадить себя в мешок …
Өзімізді жаудың
қапшық ішінде қалдыруына жол бермейміз («Біз ораламыз»
романының аудармасынан).
Берілген мысалдардағы қарамен белгіленген сөз тіркестерін
әріпқойлықтың көрінісі деп табамыз; өйткені: а)
жартылай
жабық көз, қапшық ішінде қалдыру – қазақ ұлтының концептілер
жүйесінде жоқ ұғым-түсініктер; ә) олардың контекстуалды,
функционалды баламаларын табуға қазақ тілінің әлеуеті толық
жетеді; б) аудармашы жасаған баламалар қазақ тілінің стильдік
нормаларына сәйкес емес; в) көркем әдебиеттің аударма нұсқасын
эстетикалық деңгейде қабылдауға кедергі келтіреді.
Сөзбе-сөз аударманы қазақ ғылымында аударманың сапасын
төмендететін, аударма теориясының әдістерін, техникасын
меңгермеуден туатын құбылыс деп бағалаушылық бар. Бұл
35
– негізінен көркем әдебиетті аудару практикасын зерттеуден
туындыған қорытынды. Сөзбе-сөз аударма көркем мәтінді
тәржімалаудағы әмбебап тәсіл емес. Бастапқы мәтіннің формалды
немесе семантикалық компоненттерін (сөйлемнің орналасу
тәртібін, қосымшалар мен түбір сөзді калька арқылы жасау) екінші
тілде тура қайталау – сөзбе-cөз аударудың үлгісі. Көркем әдебиетті
дәл осы жолмен тәржімалаған жағдайда ақпараттың мазмұнына,
аударылатын тілдің әдеби нормаларына нұқсан келеді. Сонымен
қатар сөзбе-сөз аударма – жанрлардың қайсыбір түрлерін аударуда
қажетті амал. Айталық, нормативтік құжаттар аудармасының төмен
болуы түпнұсқаның – орыс тілінде жасалған мәтіннің – қазақша
сөзбе-сөз тәржімаланғанынан деген пікірлер жиі айтылып келеді.
Шындығында нормативтік құжаттардың күрделі түрлері (жарғы,
жарлық, қаулы, ереже және т.б.) сөзбе-сөз аударылады. Бұлай
болуы – аудармашының лингвомәдени құзыретінің төмендігінен
емес. Ресми құжаттарды сөзбе-сөз аударып беруге міндетті, мәтінді
қазақы тілмен мазмұндап беруге, еркін аударуға, арасына сөз, сөз
тіркестерін қосып нақтылап түсіндіруге, түсіріп тастау амалын
қолдануға маманның құқығы жоқ. Өйткені бірнеше тілде жасалған
заңнамалық құжаттардың барлығының да заң күші бірдей болуы
керек. Аударылатын тілдің табиғи заңдылығына салып, «бейімдеп
жіберу» ресми құжаттың заң күшін әлсіретеді, бір тілдегі мәтін
бір мағынада, ал екінші тілдегі мәтін екінші мағынада ұғынылуы
мүмкін. Сондықтан аудармашы нормативтік құжаттарды екінші
тілге аударғанда, сөзбе-сөз аударуға амалсыз, әрі заңға сүйене
отырып, әділетті, сауатты түрде барады.
Мысалдарға жүгінелік:
Көркем әдебиеттің сөзбе-сөз аударылуы:
Түпнұсқада:
Потом Тушкевич, – ты
его видела, он был при Бетси.
Аудармада:
Одан кейінгі Тушкевич, - сен оны көргенсің, Бетси тұсында
болған ол («Анна Каренина» романының аудармасынан).
Бұл арада түпнұсқа бойынша бір шығарма кейіпкерінің
екінші шығарма кейіпкерінің қасынан қалмай, соның шылауында
болғандығы айтылып тұр.
Ресми құжаттың аударылуы: