224
осындай Жүрек лүпілімен өзінің ана тілінде алдыңғы буынға екпін
түсіре отырып, осы бір ғажап есімдерді айтқан еді. Оның «Батыс-
Шығыс диуанын» оқып көріңіз, тым құрыса, ашып қараңыз,
бұған әбден көз жеткізесіз. Шығыс өзінің дүниені парықтаудағы
поэзиясымен, философиясымен, құнарлы тіршілігімен, асқан
сезімталдығымен Батысты өзіне іңкәр еткен. Батыс білімдарлары
мәдениетті жақындастыруға һәм екі араға көпір салуға ұдайы
ұмтылып келген. Сол ғұламалардың бірі Иоганн Вольфганг Гете
еді. Шығыс поэзиясына арбалған жан Шығыс пен Батыстың бірдей
құдіреттілігі туралы:
Шығысты Тіңір жаратты
Батысты-дағы жаратты! - деген болатын.
Арада талай ондаған жылдар өткеннен кейін өзіне ғана тән
құштарлық қуатымен
қаймықпастан біздің замандасымыз Олжас
Сүлейменов те осы идеяны айтады:
Шығыс жоқ
Және Батыс жоқ,
Аспанның дағы жоқ соңы.
Шығыс жоқ
Және Батыс жоқ –
Әкенің бар тек екі ұлы
Шығыс жоқ
және Батыс жоқ,
Күн шығады да батады
Жер деген үлкен бір ұғым
Ортақ болып жатады...
...Уақыт байланысы ажырағысыз, сонымен бірге үлкен ақындар
да рухани туыс, бір-бірімен үндес, оларды нағыз құдіретті тылсым,
құдіретті
ғажайып Поэзия тұтастырып, туыстырып тұрады.
* * *
Осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын (1782) ұлы аллемандық
ақын Иоганн Вольфганг Гете қазір барша әлемге белгілі «Эрлкениг»
атты балладасын жазған болатын. Атышулы балладаның дүниеге
келу тарихы да қызық.
225
Гетенің замандасы, тек замандас қана емес, ұстазы болған
Иоганн Готфрид Гердер бірнеше халықтың ескі жырларын жинап,
құрастырып, өңдеп, немісшеге аударып, жеке жинақ түрінде
бастырып шығарған. Бұл өзі заманында үлкен ақын, философ,
әдебиет пен тіл зерттеушісі болған кісі еді. Осы жинаққа енген
халық балладалары кезінде Гетеге өте-мөте қатты әсер еткен.
Ежелгі дат елінің «Орман патшасының қызы» атты өлеңі өзінің
поэтикалық құдірет күшімен ақын назарын әсіресе қатты
аударып, барынша баурап алса керек. Шынтуайтқа келгенде, бұл
аңызда әңгіме болатын орман патшасының қызы емес, эльфтер
патшасының қызы болатұғын. Ал, эльфтер дегеніміз ертедегі
герман тайпаларының, атап айтқанда, сол Дания, Норвегия,
Швеция елдерінің аңыз-ертегілерінің бәрінде де дайым көрініс
тауып отыратын табиғат бойындағы
шипалы қасиетті бейнелейтін
кішігірім демеуші рухтардың атауы. Бұл арада анықтай түсетін бір
жай мынау: Гердер дат тіліндегі «эллерконга» деген сөзді жаңылыс
түсініп, «Орман» деп қате аударған. Шындығында оның дұрысы
«Эльфтер патшасы». Гете де атаудың мән-жайына байыптап
бармай, ұстазына сеніп, айтқанын сол күйінде қабылдай салған.
Әйтпесе, Гете Эльфті білмеді деп ойлау қате: әрілесе, тіпті, Гетенің
«Эльфенлид» – «Эльфтер әні» дейтін өлеңі бар.
Гердер аударған дат балладасының мазмұнын біз қазақтың
қарабайыр тіліне салып айтар болсақ, төмендегідей болып
шығады. Күндердің бір күнінде Олуф деген сері жігіт үйлену
тойына қонақ шақырмақ болып, салт атпен түнделетіп алыс жолға
шығады. Ну орманның шетінде көкорай шалғында мәз боп, би
билеп жүрген эльфтерге кезігеді. Эльфтер патшасының қызы жас
Олуфтың алдынан шығып, сәл бөгеп, биге шақырады, сиқырмен
арбайды. Жігіт көнбейді, тым асығыс екенін, ертең болатын той
қамымен жүргенін, қалыңдығын алдынан күтіп алатынын айтады.
Эльфтер патшасының қызы бұрынғыдан бетер қылымсып, арбап,
сері жігітке сәнді жібек көйлек, ат басындай алтын сыйлаймын деп
қызықтырып тұрып алады. Әйтеуір, не керек, арбайды, азғырады,
Жігіт оған да көнбейді. Енді қыз намысы қорланған сұлу ашуға
булығып тұрып: ендігі қалған өмірінде шегер ауыр азабың да,
тартар жазаң да айықпас дерт болсын деп қарғап, Олуфты дәл
жүрегіне жұдырықпен қойып қалыпты. Бір сәтте құп-қу болып,