213
децентрализация; қатерсіздендіру – дезактивизация; залалсыз-
дандыру – дезинфекция.
- сөз біріктіру арқылы жасалған терминдер:
азатжол – абзац; авторлық баспатабақ – авторский
лист; айлықақы – оклад; ақаутапқыш – дефектоскоп;
басиесіздік – анархия; дыбысқұжат – фонодокумент;
әріпсан – индекс; бағакөрсеткі – прейскурант; баяндаухат –
докладная записка; бейнеүнхат – видеофонограмма; бірмәнді
– однозначно; әралуандық – прюрализм; дереккөз – источник;
екіқұрамды – двухсоставный; екіұдайлылық – двойственность;
заңсыйлаушылық – законопослушность; кәдесый – сувенир;
қалаулеп – кондиционер; қанатбелгі – галочка; қосаймақтық
– двухзональный; ықпалшара – санкция; сәулебелгі – водяной
знак; жолпарақ – путевой лист; мөрқалып – штемпель;
мөртабан – штамп; мөртану – сфрагистика; жөнсілтер –
путеводитель; телқұжат – дубликат; түпқұжат – подлинник;
ультрашағынафиша – ультрамикроафиша; үлеспайда – дивиденд.
- сөз тіркестіру арқылы жасалған терминдер:
азаматтық қуыным – гражданский иск; айқарма титул
бет – разговорный титульный лист; ақпарат жиымы – массив
информации; аса құнды істер тізімдемесі – опись особо ценных
дел; атаулы сыйлық – именная премия; біржолғы рұқсатнама –
разовый пропуск; даяр сөз орамы – речевой штамп; ескертпе белгі
– ремарка; жанаспа тәсіл – контактный способ; жаңа енгізім –
нововведение; жиынтық төлқұжат – сводный паспорт; жөнелтпе
құжат – накладная: құжаттардың үлгі тізбесі – примерный
перечень документов; қызметтік хаттар – служебные письма;
қысқа жазба – заметка; мақсатты тақырыптама – целевая
тематика; тете автор – соавтор; тең төраға – сопредседатель.
- сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған терминдер:
сауалдама – опрос; сауалнама – анкета; қуыным – иск; жиым
– массив; тізімдеме – опись; рұқсаттама – пропуск; аңдатпа –
аннотация; шығарылым – выпуск; көрсеткі – указатель; әдіскер
– методист; әдіснама – методология; әзірлеме – разработка;
ұсыным – рекомендация; әкелім – ввоз; белгіленім – котировка;
парақша – листок; ымдаспа – жестикуляция; құжаттама
– документация; дәлелдеме – довод; деректеме – реквизит;
214
жарияланым – публикация; тізімдік – табель; сараптама –
экспертиза; тізбе – перечень; тақырыптама – тематика;
тұжырымдама – концепция; жөнелтілім – отправление; ұйғарым
– вердикт; шегерім – вычет.
- сөз қосарлау амалы арқылы жасалған терминдер:
анықтама-негіздеме – справка-обоснование; ақпараттық-
іздестіру тілі – информационно поисковый язык; ақыл-парасат –
разум; алым-салық – дань; әкімшілік-басқару – административно-
управленческий; сән-салтанат – роскошь.
Сонымен, ресми мәтіндердегі қазақ әдеби тілі терминжасам
жүйесінің көрінісін талдау үшін көрсетілген мәліметтер
мыналарды дәлелдейді:
- қазіргі кезеңдегі қазақ-ресми іскери стилі, әсіресе оның
қатарындағы басты ішкі тармақ (подстиль) нормативтік-
жарлықшы құжаттар мәтіні – әдеби тілдегі терминдену процесін
толық қамтитын және терминжасамның динамикасын толық
таныта алатын жанрлық-стильдік күрделі құрылым.
- интернационалдық терминдердің қолданысын атамағанның
өзінде қазіргі қазақ ресми-іскери стилі қазақ тілінің төл әлеуеті
арқылы жасалған терминдердің ену мерзімін нақтылауға мүмкіндік
береді (мыс.,
санат, сынып, мәтін, төлқұжат, тек, рәміз);
кей реттерде жарыса қолданылған аталымдардың нормалық,
мағыналық тұрғыдан сұрыпталуын таныта алады (мыс.,
әкімгер –
әкімші; түпнұсқа – телнұсқа; мөртаңба – мөртабан); сөзжасам
тұлғаларының сөз тудыруының сөз тудыру процесіндегі дәрежесін
айқындайды; өзге тілдегі лексикалық қозғалыстарды танып-білуге,
әрі қарай зерделеуге толық мүмкіндік жасайды.
3.7 Терминдерді аудару мәселесіне
Аударма ісіндегі маңызды мәселе – терминдердің аудармасына
байланысты. Жоғарыдағы аудармасы жиі қолданылатын сөздердің
қатарына қоса келгенде, термин деп қабылдап жүрген тілдік
бірліктердің өзін іштей топтап алған да орынды. Оны шамамен
терминдер, құжат лексикасы, кәсіби сөздер сияқты топтарға бөлуге
болады. Осы орайда, терминдердің аудармасына, оған қатысты
қалыптасқан түсінік пен жағдайға жан-жақты тоқталған орынды.