Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет75/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96

227
Қазақ оқырмандарының арасында да мен білсем, неміс тіліне 
жетік  зиялы  азаматтар  баршылық.  Сондықтан  мен  түпнұсқадан 
мысал  ретінде  бір  ғана  шумақ  келтірейін.  Содан-ақ  балладаның 
өлең өлшемі мен әуен, ырғағын байқауға болады. Дегенмен, бұл 
шумақтан жалпы жұрт та бірдеңе ұғу үшін қара сөзбен жолма-жол 
аудармасын келтіруді жөн көріп отырмын:
Бұл кімдер екен желді түнек түнде жортып келе жатқан? 
Олар – әке мен оның жас баласы ғой;
Әке жас сәбиін кеудесіне мейірлене қысып, 
Құшақтайды сақтықпен, жылытады.
Әдетте жолма-жол аудармада өлең байғұс ит талаған баладай 
сиқы  кетіп,  сорлап  сала  береді,  поэзияға  тән  лүпілдеп  соққан 
жүрек  тынысы  да,  сыршыл  ақынның  шынайы,  нәзік  сезімі  де 
олақ  қатынның  қолына  түскен  асыл  бұйымның  кебін  киіп,  әрі 
қашып,  адам  көргісіз  болады.  Құдірет  талантты  құдіреттей 
талант  аударғанда  ғана  кісі  таңданатын  туынды  шығады.  Неміс 
тілінің ой-шұңқырын білген тамаша аудармашы В.Жуковскийдің 
тәржімалауында  әлгі  «Орман  патшасы»  орыс  тілінде  былай 
сөйлейді:
Кто скачет, кто мчится под хладною мглой?
Ездок запоздалый, с ним сын молодой.
К отцу, весь издрогнув, малютка приник;
Обняв, его держит и греет старик.
Василий  Жуковский  бұны  1818  жылы  аударған.  Содан  бері 
бұл  аударма  Гетенің  барлық  орысша  басылымдарында  үзбей 
жарияланып келеді. Өйткені бұл аударма – өнерінің шырқау биігі 
болып  есептелетін  үздік  дүние.  Шынында  да,  сіз  түпнұсқа  мен 
аударманы  қанша,  сығалап  салыстырып  оқысаңыз  да  көңіліңізге 
сәл-пәл  болса  да  олқы  соғатын  бір  жолын  таба  алмайсыз.  Орыс 
ақыны неміс ақынының поэзиясын жан-тәнімен түсінген. Түсініп 
қана  қоймай,  сыры  мен  қырына  терең  бойлап,  тәнті  болған 
кісі.  Сондықтан  да  аталмыш  балладаның  поэтикалық  құны 
мен  қасиетін  мейлінше  жеріне  жеткізіп,  нақышын  келтіріп-ақ 
аударған.  Балладаның  оқиға  желісін,  мазмұн-мағынасын,  сөз 
саптауын  тіркес-оралымдарын  бір  тілден  екінші  тілге  дәлме-дәл 


228
ғана аударып қоймай, сонымен бірге сезім иірімдері мен ойнақы 
сырын, күллі поэтикалық рухын өзінің сол бір табиғи қалпында 
майдан қылшық суырғандай татаусыз қалпын сақтаған. Кәне, енді 
әке мен бала арасындағы диалогқа назар аударып қараңызшы:
«Дитя, что ко мне ты так робко прильнул?»
«Родимый, лесной царь в глаза мне сверкнул:
О в темной короне, с густой бородой»
«О нет, то белеет туман над водой».
Әлбетте,  қадағалап,  зейін  қойып,  шұқшиып  оқыған  кісіге 
түпнұсқа  мен  аударманың  тек  өлең  өлшемінде  болар-болмас 
айырма  әсері  сезіледі.  Мәселен,  неміс  поэзиясына  тән  дольник 
(қазақша  баламасы  маған  беймәлім)  өлең  өлшемін  Жуковский 
орыстың поэтикалық өлшем-ырғағына лайықтап келтіріп, кәдуілгі 
амфибрахий өлшеміне салған. Ал, сол амфибрахий өлең өлшемін, 
айталық,  қазақ  тіліне  аударар  болсақ,  оған  қазақтың  бәрімізге 
белгілі дәстүрлі он бір буынды қара өлең ырғағының оң жамбасына 
дөп келер еді ғой.
Гетенің  «Эрлкенигі»  мен  Жуковскийдің  «Лесной  царь» 
арасындағы  көзге  көрінер-көрінбес,  сәл-пәл  айырмашылықты, 
ырғақ-өлшеміндегі  әлде  қалай  ауытқулықты  белгілі  орыс  ақыны 
Аполлон  Григорьев  дәл  байқаған  да  әйгілі  ақын  Жуковскийдің 
өзімен  бәсекеге  түскен.  Сөйтіп  түпнұсқада  кездесетін  дольник 
өлшемін  орысша  аударғанда  айнытпай,  мейлінше  дәл  жеткізбек 
болып, жанын салып, «Орман патшасын» өзінше аударып шыққан.
Енді сол Григорьевтің аудармасындағы алғашқы екі шумақты 
келтірейін:
Кто мчится так поздно под вихрем ночным? 
Это – отец с малюткой своим 
Мальчика он рукой охватил, 
Крепко прижал, тепло приютил!
Что все личиком жмешься, малютка, ко мне?
– Видишь тятя, лесного царя в стороне? 
Лесного, царя в венке с бородой ?
 – Дитятко — это туман седой.
Аударманы  көркемдік  қасиетіне  зақым  келтірмей  түпнұсқаға 


229
одан  сайын  жақындату,  тіпті,  мүмкін  емес  сияқты.  Аполлон 
Григорьев  өз  аудармасында  жолына  жолын,  сөзіне  сөзін,  үніне 
үнін,  ырғағына  ырғағын,  әуеніне  әуенін,  өлшеміне  өлшемін 
келтіріп, әрі-берідесін, тіпті тыныс белгісіне дейін дәл сақтапты. 
Тіпті бұл аударма емес, түпнұсқаның басқа бір тілге бұлжытпай 
түсірген дәлме-дәл көшірмесі, калькасы іспеттес. Қайран қаласың!
Сүйдей  тұрсақ  та,  неміс  поэзиясында  кездесетін  дольник 
өлшемінің екінші бір тілде туғанда орыс оқушыларының құлағына 
сәл-пәл  қатқылдау  тиетіні  кәміл.  Оны  Григорьев  тәржімасынан 
көріп отырмыз. Әсіресе әрбір шумақтың екінші, төртінші жолын 
оқығанда,  бірер  буыны  мүлт  кетіп  тұрғандай  іштей  кібіртіктеп 
қаласыз.  Сондықтан  да  болу  керек,  салған  жерден  орыс 
оқырманының  сезімін  баурап  алып,  эстетикалық  ықпал-әсері 
жағынан алып қарағанда, әрине, Жуковский аудармасы түпнұсқаға 
көп жақын. Бір есептен мұның себебі түсінікті де. Мәселен, он бір 
буынды қара өлең ұйқасына ғасырлар бойы әбден құлағы қанып, 
еті  үйреніп,  эстетикалық  талғамы  қалыптасқан  алаш  баласына, 
айталық,  көне  грек  гекзаметрі,  иә  болмаса,  ешкі  құйрығындай 
шолтаңдаған  орыс  частушкасының  өлшем-ырғағы  бір  түрлі  жат, 
тұрпайылау естіліп тұруы хақ.
Әрине, Гетенің «Орман патшасы» Аполлон Григорьевке қатты 
әсер  еткені  сөзсіз.  Оны  ақынның  өзі  де  жасырмай,  1850  жылы 
«Отечественные записки» журналында басылған бір мақаласында 
былай деп жазған болатын. «Орман патшасын» оқығанда адам бір 
түрлі тебіреніп, таңғажайып сезімге түседі. Сіз бірде жас баланың 
ыңырсып жылағанын естисіз, бірде құлағыңызға сәбиді азғырған 
орман  патшасының  әзәзіл  үні  келеді,  енді  бірде  әкенің  баласын 
алдарқатып жұбатқан сөзіне кәдімгідей иланып қаласыз, ал, орман 
патшасы  сонадайдан  бұлдырап,  ақшыл  тұман  болып  елестейді. 
Кішкентай  балладаның  бар  болмысы,  терең  сыры  мен  құдірет-
күші де осында».
Гетенің  балладасы  жер-дүниенің  талай  ақын-аудармашы-
ларының назарын аударып, талай тілде сөйлеп, талай ұрпақпен сыр 
сүзіскен  шығарма.  Бұл  баллада  қазақ  тілінде  де  өзіне  сырластар 
тапқан.
Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында «Орман 
патшасын»  қазақ  тілінде  тұңғыш  сөйлеткен  Мағжан  Жұмабаев 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау