Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет50/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96

151
Қазіргі  қазақ  ісқағаздар  тілін  қалыптастыруда  да  аудармаға 
қатысты  қалыптастыра  алмай,  ретке  келтіре  алмай  жатқан 
тұстарымыз  жетерлік.  Мысалы,  жоғары  оқу  орындарында 
«Введение  в  политическую  науку»  деген  пән  бар,  оны  диплом 
қосымшасында  «Саяси  ғылымға  кіріспе»  деп  жазып  жүрміз. 
«Саясаттану  ғылымына  кіріспе»  немесе  қысқа  да  нұсқа  етіп 
«Саясаттануға кіріспе» деп алсақ дұрыс болар еді. Сондай-ақ «О 
переводе студентов на последующий курс обучения» деген бұйрық 
«Студентті  курстан  курсқа  көшіру  туралы»  деп  аударылып 
жүр.  Сөзбе-сөз  аударсақ  «Студентті  оқытудың  келесі  курсына 
көшіру  туралы»  болады.  Дұрысы  «Студентті  келесі  курсқа 
көшіру туралы» сияқты, орысша нұсқасында обучение деген сөз 
болғанымен қазақша нұсқасына оқытудың деген сөз қажет емес, 
себебі мұнда студент деген сөздің болуының өзі-ақ мәселенің оқу 
туралы екендігін білдіріп тұр. 
Сондай-ақ  курстық  жұмыс  туралы  Ереженің  бір  тарауының 
«Порядок выполнения и подготовки курсовой работы к защите» 
деген  тақырыбы  «Курс  жұмысын  қорғауға  дайындық  және 
оны  орындау  тәртібі»  болып  аударылған.  Бұл  жерде  қорғауға 
дайындықтың орындалу тәртібі деген мағына беріп тұр. Дұрысы 
«Курстық жұмысты орындау және қорғауға дайындық тәртібі».
Орыс  тіліндегі  оформление  деген  сөздің  күнделікті 
қолданыстағы  аудармасы,  беретін  мағынасы  безендіру,  ал 
ісқағаздар тілінде рәсімдеу сөзін қолданған дұрыс, ресімдеу емес. 
Мысалы,  оформление  документов  –  құжаттарды  рәсімдеу
Пример оформления – рәсімдеу үлгісіоформление диссертации – 
диссертацияны рәсімдеу т.б. 
Ісқағаздарын  аудару  кезінде  қолданылатын  жекелеген  сөздің, 
сөз  тіркесінің  грамматикалық  тұлғалардың  белгілі  бір  стильге, 
яғни  ресми  стильге  бағындырыла  қолданылуы  қажет.  Аударма 
нақты, түсінікті болу үшін орын алмастыру, ауыстыру, қосу, түсіріп 
тастау сияқты трансформациялық процестердің қай-қайсысын да 
пайдалануға болады. 
1920-1930  жылдары  қазақ  ресми  ісқағаздар  тілін,  бұқаралық 
ақпарат құралдар тілін қалыптастыру мақсатында қыруар жұмыс 
жүргізілді. Қазақ тілінде аударма сипаттағы жаңа сөздер ғана емес 
жаңа  морфологиялық  тұлғалар  мен  синтаксистік  құрылымдар 


152
пайда болды. Олар сол кезеңде түрлі ұғымдар мен құбылыстарды 
ана тілінде беру мақсатында туындаған аудармашы ізденістерінің 
нәтижесі  еді.  Сол  кезде  жасалған  морфологиялық  тұлғалардың 
бірқатары,  мысалы,  -мыш,  (айтылмыш  мәселелер  –  айтылған 
мәселелер),  -а  шақ  (жазылып  тұрашақ  –  жазылып  тұратын), 
-дүр  (тиісдүр  –  тиісті)  тұлғалары  қазақ  тілінің  табиғатына  жат 
болғандықтан, тілімізге сіңісті болмай уақыт өте келе қолданыстан 
шығып  қалды.  Сол  кезеңде  пайда  болған  морфологиялық 
тұлғалардың бірі тұйық етістіктің  жұрнағы мен жатыс септіктің 
-да, -де жалғауын қосу арқылы осы шақтағы белгілі бір процестің 
созылыңқылық  күйін,  яғни  әрекеттің  әлі  де  жүріп  жатқандығын 
білдіретін  -уда  форманты.  Бірақ  бұған  қарап  іс-әрекеттің  қазір 
болып  жатқанын,  әлі  де  болатынын  білдіретін  сөз  қазақ  тілінде 
Октябрь революциясына дейін болмаған екен деген ұғым тумауы 
керек. Ондай әрекет 1920 жылдарға дейін бұл сияқты формада емес, 
отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  көмекші  етістіктері  арқылы  берілетін. 
Мысалы, өтіп жатыр, болып жатыр, жазып жүр, көбейіп тұр, 
пайдаланып отыр т.б.
Тілші-ғалым  Т.Қордабаев  тілімізде  -уда  тұлғасының  пайда 
болуы,  қалыптасуы  туралы:  «Бұл  форма  синтаксистік  жаңа 
рольге  ие  болумен  бірге,  тұрақты  шақтық  көрсеткіш  болып 
та  қалыптасып  отыр.  Мұның  шақтық  мәні  –  болған  үстіне 
үстемелеп  болып  жатқан  қарқынды  іс-әрекетті  білдіру.  Біздің 
байқауымызша, сөз болып отырған форманың жаңа функциясын 
туғызған алғашқы қажеттіліктің өзі совет адамдарының дамыған 
үстіне дамып отыратын өршіл қарқынды еңбегін, өскелең өмірін 
көрсету  мүддесі  сияқты»,  -  деп  жазады  [63,  52-б.].  Ғалым  атап 
көрсеткендей  бұл  тұлғаның  Совет  дәуіріндегі  баспасөз  бетінде 
өте  жиі  қолданылғандығына  төмендегі  мысалдар  арқылы  көз 
жеткізуге  болады.  «Социалистік  Қазақстан»  газетінің  1964 
жылғы  15  майдағы  нөмірінің  бірінші  бетінде  бұл  форма  6  рет 
қолданылыпты.  Мысалы,  Диқандар  мен  механизаторлар  бар 
қиындықтарды  жеңе  отырып,  көктемгі  дала  жұмыстарын 
күн сайын қыздыра түсуде. Целиноград облысының Қорғалжын 
өндіріс  басқармасына  қарасты  көптеген  совхоздарда  да  егіске 
әзірлікті  көктемнің  алғашқы  күндері  айқын  көрсетуде.  Әңгіме 
әрбір  мүмкіндікті  орнымен  пайдаланып,  көктем  егісін  сапалы 


153
өткізуде.  Нилді  бөгеу  үшін  осы  заманғы  советтік  техника  25 
тонналық  25  самосвал,  жүкті  өздігінен  түсіретін  қуатты  9 
баржа пайдалануда. Бұған жету үшін механизаторлар қазірден 
бастап  жан  аямай  еңбек  етуде.  Егіс  жұмысы  агротехникалық 
шараларға сай жүргізілуде [64, 97-б.]. 
Бұл  форма  қазіргі  баспасөз  тілі  мен  ресми-ісқағаздар 
тілінде  совет  дәуіріндегідей  өте  кең  көлемде  болмаса  да  әлі  де 
қолданылады.  Ғалым  Ы.Маманов  «Әдеби  норма  талабы»  атты 
мақаласында  бұл  тұлғаның  шақ  көрсеткіші  ретінде  баяндауыш 
қызметінде «ауызекі сөйлеу тілімізде де, көркем шығармаларда да 
көп кездесе бермейтіндігін», сондай-ақ «қазақ тілі грамматикалық 
оқулықтарында да» жоқ екенін көрсете келіп, газет-журнал тілінде 
қолданылатын  бұл  тұлғаны  «қазақ  тілі  табиғатына  үйлеспейтін 
жасанды  форма»,  -  деп  қорытады  [65,  3-б.].  Біз  де  ғалымның 
осы  пікірін  қостай  отырып  қазақ  тіліндегі  қимылдың  болып 
жатқандығын,  әлі  де  болатындығын  жасанды  -уда  форманты 
арқылы емес, қазақ тілінің өз заңдылығына сай көмекші етістіктер 
арқылы берілуін дұрыс деп есептейміз. Игі іс жалғасын табуда 
демей-ақ  Игі  іс  жалғасын  тауып  отыр.  Олардың  қатары  күн 
сайын өсуде демей-ақ, Олардың қатары күн сайын көбейіп отыр 
десек, қазақша болмас па еді. 
Осындай қолданыстың бірі – орыс тіліндегі привели к гибели 
тіркесінің аудармасы. «Мысалы, Қалада болған өрт екі адамның 
қайтыс  болуына  соқтырды.  Шахтада  болған  авария  он  жеті 
адамның  өмірін  қиюға  әкеліп  соқтырды.  Қазақ  қашан  қайтыс 
болуға  әкеліп  соқтырды  деп  айтып  немесе  жазушы  еді»,  -  деп 
жазады М.Серғалиев [66]. Соқтырып немесе әкеліп соқтырмай-ақ
Қалада болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Шахтада 
болған авария салдарынан он жеті адам қайтыс болды деп жазсақ 
та мәтін өзінің ресми сипатын жоғалта қоймайды. 
  Әрбір  мекеменің,  кез  келген  қоғамдық  орынның  есігінде 
жазылатын  Вход,  Выход  сөздері  бар.  Олар  белгілі  бір 
коммуникациялық мақсатқа – нұсқауға, сілтеме жасауға, ескертуге 
бағытталған стандартты сөз-формулалар. Қазақша Кіру, Шығу деп 
жазып  жүрміз.  Ағылшын  және  орыс  тілдеріндегі  Entrance,  Exit, 
Вход, Выход дегендердің ұғымдық көлеміне заттың нақтылығы да 
(место входа, место выхода) енеді. Ал қазақ тіліндегі кіру, шығу 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау