Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет52/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96

157
шарт,  кепілдеме,  мәлімет  т.б.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңде 
ислам діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша 
болғандықтан қазақ ісқағаздар тілінде араб-парсы элементтері көп 
қолданылды. Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы элементтерінің 
жаңасы  кірмей,  олар  сан  жағынан  азая  бастағаны  байқалады. 
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде ісқағаздар тілінде қазақтың төл 
сөздері мен орыс тілінен енген сөздер біршама көбейе бастайды.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс ісқағаздарын, олардағы 
терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті 
бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібергіміз келмейді, түгендеп отырамыз, 
кейде осыны қатаң ұстанамыз деп шарттылыққа, түсінбеушілікке 
ұрынамыз.  Мысалы,  орыс  тіліндегі  делопроизводство  термині 
ісқағаздарын  жүргізу  болып  қалыптасқан,  соңғы  кезде  орыс 
тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан оны алып тастап 
іс жүргізу деп айту, жазу, белең алып жүр. Негізінде іс жүргізу 
заң саласында қолданылатын термин ретінде қалыптасқан. Беретін 
мағынасы  да  көпшілікке  түсінікті  –  белгілі  бір  қылмысты  істі 
жүргізу. Осыған орай істі болды, ісі сотта қаралдықылмысты 
іс  тоқтатылды,  істі  жүргізу  Пәленшеевке  тапсырылды  деген 
сияқты тіркестерді жиі қолданамыз. Олай болса делопроизводство 
терминін  іс  жүргізу  деп  алудың  қанша  қажеттілігі  бар? 
Делопроизводство  терминінің  ісқағаздарын  жүргізу  деп 
қолданылғаны  дұрыс.  Себебі  ісқағаздарын  жүргізу  термин 
ретінде бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден өз 
мағынасын  толық,  айқын  бере  алады,  үшіншіден  іс  жүргізу  заң 
термині ретінде қалыптасқан, өзінің беретін мағынасы, атқаратын 
қызметі,  қолданылу  ерекшелігі  бар,  төртіншіден  әрқайсысының 
өз  атауы  тұрғанда  екі  терминді  бір  сөзбен  беру  қажеттілігі  жоқ. 
Делопроизводство  –  ісқағаздарын  жүргізу,  деловые  бумаги  –  іс 
қағаздары болып қолданылуы тиіс.
Кеңес дәуірінде басшылыққа алынып келген терминжасаудың 
негізгі  принциптерінің  біразы  бүгінгі  күні  ескерілмей,  қазақ 
тілінде  термин  қалыптастырудың  ғылыми  негізделген  жаңа 
принциптері  әлі  қалыптаса  қоймағандықтан,  бүгінгі  таңда  қазақ 
терминологиясы  күрделі  кезеңді  бастан  өткеріп  жатыр.  Осының 
нәтижесінде  терминжасау  бейберекет,  бұқаралық  әрекетке 
айналып бара жатқаны да жасырын емес. Бұған соңғы жылдары 


158
жарық  көрген  түрлі  сөздіктерді,  оқулықтарды,  оқу  құралдарын, 
ісқағаздарында  қолданылып  жүрген  түрлі  сөз  қолданыстарын 
салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.
Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайық толыққанды қызмет 
атқарып, кеңінен қолданысқа түсу деңгейі ұлттық терминологияның 
дамуымен  тығыз  байланысты  екені  даусыз.  Қазақ  ісқағаздары 
тіліндегі көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден  енген.  Олардың  көпшілігінің  қазақшаланған  нұсқасы 
бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы 
да  қатар  қолданылып  жүр.  Мысалы,  резолюция  –  бұрыштама, 
резюме – түйіндеме, акт-кесім т.б. 
Кез  келген  құжаттың  алғашқы,  яғни  негізгі  нұсқасы  болады. 
«Оригинал документа:   1. Первоначальный экземпляр документа. 
2. Экземпляр документа, являющийся исходным материалом для 
копирования»  [68,  54-б.].  Бұл  негізгі  нұсқа  да  ісқағаздарында 
әртүрлі  жазылып  жүр.  Кейде  оригинал  күйінде,  яғни  орыс 
тілінен  аударылмай  сол  күйінде  қолданылса,  кейде  төлқұжат, 
кейде  түпқұжат  деп  те  қолданылады.  Төлқұжат  деген  сөзді 
оригиналдың  аудармасы  ретінде  қабылдай  алмаймыз.  Біріншіден 
төлқұжат  термині  «паспорттың»  аудармасы  ретінде  бекітіліп, 
қолданысқа  еніп  кетті,  екіншіден,  оригинал  паспорта  деген 
қолданысты  төлқұжаттың  төлқұжаты  деп  қалай  аударамыз?! 
Оригиналдың ең ұтымды баламасы ретінде түпнұсқа сөзін алуға 
болады.  Себебі  түп  сөзінің  шыққан  тегі,  негізі  деген  мағынасы 
бар, ал нұсқа сөзі түсіндірме сөздікте берілген «Белгілі бір заттың 
ең алғашқы түп негізі» мағынасымен қатар қазір вариант сөзінің 
баламасы ретінде де қолданылады. Сонда түпнұсқа сөзі ісқағаздар 
тілінде  белгілі  бір  құжаттың  алғашқы  нұсқасы,  негізгі  варианты 
деген ұғымды бере алады.
Құжат жоғалған кезде қолға берілетін, құжаттың түпнұсқасымен 
күші бірдей көшірмесі дубликат деп аталады. Оқу құралдарында 
дубликат – төлқұжат деп аударылып жүр. Төлқұжат жоғарыда 
айтылғандай паспорттың аудармасы ретінде бекітіліп, қолданысқа 
еніп кеткендіктен және төл деген сөз ең алғашқы, өзіне ғана тән 
деген  ұғымдарды  беретіндіктен  дубликат  сөзінің  орнына  жүре 
алмайды. Қазір ісқағаздар тілінде дубликаттың баламасы ретінде 
телқұжат,  телнұсқа  терминдері  қолданылып  жүр.  Оригиналды 


159
түпнұсқа  деп  қалыптастырсақ  дубликатты  телнұсқа  деп 
қалыптастыруға әбден болар еді. 
«Протокол»  терминінің  аудармасы  ретінде  осы  уақытқа 
дейін  мәжілісхат,  хаттама  сөздері  қатар  қолданылып  келді. 
Мәжілісхат  терминінің  мәжілістің  мәжілісхаты  сияқты 
қолданыстардағы  үйлесімсіздігіне  байланысты  соңғы  уақытта 
хаттама  сөзі  термин  ретінде  көп  қолданылып,  қалыптаса 
бастады. Бірақ хаттама термині мекеменің, ұйымның жиналысы 
мен  мәжілістерінде  қаралған,  қорытындыланған  мәселелерді 
көрсететін,  тіркейтін  құжат  атауына  сәтті  табылған  балама 
болғанымен, «дипломатиялық акт тәртібін реттейтін ережелер мен 
дәстүрлер жиынтығы» ұғымында қолданылатын дипломатический 
протокол, Протокольная служба президента сияқты тіркестерде 
қолданысқа жарай алмай тұр. 
Хаттаманың  қолға  берілетін  белгілі  бөлігін  (выписка  из 
протокола)  осыған  дейін  хаттамадан  көшірме  деп  атап  келдік. 
Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның 
мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірімен 
шатастырмас  үшін  хаттамадан  көшірме  емес,  хаттаммадан 
үзінді деген қолданыс дұрыс. Біріншіден, екі терминді бір сөзбен 
атағанша, әрқайсысының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия 
мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан 
үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын 
көшірмеге  қарағанда  дәл  ашады.  Хаттамадан  көшірме  деп 
аталатын  құжат  хаттаманың  бүкіл  мазмұнының  көшірмесі  емес, 
тек қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін 
нұсқасы.  Кез  келген  құжаттың  үзіндісі  құжаттың  толық  мәтіні 
қажет  болмаған  жағдайда,  құжатта  жазылған  бірнеше  мәселенің 
ішінен  біреуі  ғана  қажет  болғанда  немесе  құжаттың  толық 
мазмұнын  құпия  ұстау  қажет  болған  жағдайда  дайындалады. 
Құжат  үзіндісінде  жазылған  мәліметтің  растығын,  дұрыстығын 
дәлелдеу  үшін  орыс  тілінде  «выписка  верна»  деп  жазылып, 
жауапты  қызметкердің  қолы  қойылып,  мекеме  мөрі  басылады. 
Құжат  үзіндісінің  дұрыстығын,  растығын  дәлелдейтін  жазба 
үзіндісі  рас,  үзіндісі  заңды,  үзіндісі  дұрыс  т.б.  бірнеше  нұсқада 
қолданылып  жүр.  Бұлардың  ішінен  үзіндісі  дұрыс  деген  нұсқа 
ісқағаздар  тілінде  қолдануға  икемді,  растайтын  жазба  ұғымын 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау