Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет77/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162

217

ноғай тілінен, ноғай жырларынан іздеуге тура келеді. Мысалы, жеке 

сөздерді былай қойғанда, білейім, менім, өткеріп, жеткеріп, өзіңдін 

соң,  соңратын,  бағананшы  деген  грамматикалық  тұлғалар  қазақша 

білейін,  менің,  өткізіп,  жеткізіп,  өзіңнен  соң,  бағанағы  болып  ай-

тылса керек еді, бірақ бізге қазақша жеткен вариантында осылайша 

«ноғайша» сақталған.

Қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалардың  бірқатары  «қазақ»  ата-

нып,  XV  ғасырларда  Ноғай  одағында  болғаны  белгілі.  Солардың 

ішіндегі Шалкиіз жырау ноғай тіліндегі бір жырында: Көп ноғайым 

кең  йайлаған  йеримсиң.  Талайсыз  Шалкиіз  бу  күнде  Қазақ  шығып 

барады, – дейді (Шалкиіздің ноғай арасында сақталған жырлары //

XV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы.  -  Алматы:  Ғылым,  1982.  - 

202-бет). Бұл жердегі қазақ шығу – «қазақ болу» деген мағынадағы 

тұрақты  тіркес.  Демек,  XV-XVI  ғасырлардағы  Ноғай  одағындағы 

халықтардың  тілдері  бір-біріне  жақын  болған,  тіпті  кейбір  жы-

раулар  екі  тілде  бірдей  жырлай  бергенге  ұқсайды.  Сондықтан 

олардың  көбі  ноғайлы-қазақ  жыраулары  деп  танылып  жүр.  Тілдері 

де, дәстүрлі бейнелеуіш құралдары да (теңеу, эпитет, метафора т.б.) 

ортақ  немесе  тіпті  ұқсас  болып  отырғандықтан,  олардың  біреулері 

таза  ноғай  тілінде  не  таза  қазақ  тілінде  жырлады  деу  қиын.  Бірақ 

Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет сынды жыраулардың шығармашылық 

мұрасы  ноғай-қазақтық  ортада  туғандықтан,  оларды  қазақ  туыста-

ры  өздерімен  бірге  алып  кеткенде,  алдымен  өз  дүниеміз  деп  және 

кейбір  тұстарын  қазақшалап  иеленгені  байқалады.  Сонымен  қатар 

бұл үлгілерде (жырларда) ноғайлық элементтер молынан кездеседі.

ХV-XVI  ғасырлардағы  жыраулар  туындыларында  лексикалық, 

фонетикалық,  морфологиялық  ескіліктердің,  айталық,  ноғай  тілі 

бірліктерінің  орын  алуының  және  бір  себептері  назар  аудартады. 

Белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин мынадай пікір айтқан бола-

тын: «XV ғасырда жасаған Асанқайғының толғаулары хатқа түспей, 

ауызша  сақталып  келген,  сондықтан  бұлардағы  ескіліктер  (қазақ 

тіліне  тән  еместері  немесе  бұл  күнде  қазақтар  үшін  түсініксіздері) 

сақталмай, қазақ тіліне сай жаңартылып отырған, ал одан кейін өмір 

сүрген Шалкиіз, Доспамбет сияқты жыраулардың туындылары хатқа 

түсіп, ішінара қолжазба түрінде де бізге жеткендіктен, бұларда көне 

заманның сөздік қор мен ақындық тәсілдері едәуір мол сақталған»

1

.

Ноғай,  қазақ  жырауларының  Асаннан  басқаларында  ноғай  тілі 



элементтерінің  молырақ  кездесетіндігінің  ең  басты  себебін  біз  де 

осы тұстан іздейміз, яғни қазақ қауымы тарихында тіпті ХVІ-ХVІІ 

ғасырлардан бастап жазба дәстүрі болған, бұл үрдіс тек ноғайлы-қазақ 

1

 XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. - Алматы: Ғылым, 1982. - 20-б.




218

дәуірінде ғана емес, таза қазақ хандықтары тұсында да, әсіресе қазақ 

даласының батыс өңірлерінде орын алып келгені байқалады. Бұған 

Маңғыстау,  Атырау  өлкелерінде  ХVІІ-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен 

ақын-жыраулар шығармаларының тілі айғақ. Бұларда дәстүрлі көне 

сөз-образдар  да,  тұрақты  шаблондық  мәтін  үзіктері  де,  көне  тілдік 

бірліктер  де  (тек  жеке  сөздер  емес,  грамматикалық,  фонетикалық 

ерекшеліктер) орын алғанын соңғы кезеңдердегі ізденістер көрсетіп 

отыр.

Үшіншіден,  ертеден  келе  жатқан  деп  есептелетін  өлең-жыр  

мәтіндерінің  көбі  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  алғашқы  онжыл- 

дықтарында  араб  жазуымен  хатқа  түскен.  Қазіргі  қазақ  жазуына 

(кириллицаға) көшірген кезде, дұрыс оқылмай, өзгеріп кеткен, қате 

ұсынылған  сөздер  қаншама?!  Мысалы,  1970  жылдардың  басында 

ғалым,  жазушы  М.Мағауин  XV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ  ақын- 

жырауларының шығармалар жинағын «Алдаспан» деген атпен жарық- 

қа  шығарды.  Еңбектің  құндылығы  даусыз.  Бұл  бір  адамның  еңбегі 

болатын. Мұра мәтіндері араб жазуынан транскрипцияланғандықтан, 

басылымда  едәуір  қате  жазылған  сөздер  бар  (кейін  олардың  көбі 

түзетіліп беріліп келеді). Мысалы: билер отты (өтті болуы керек 

–55-бет), арқамен қосым қалар деп (арқамдын немесе арқамдан бо-

луы керек – 56-бет), оймауыттай тоғай егіннің (еліннің болуы керек 

– 59-бет), екі семіз қолға алып (семсер болуы керек – 60-бет), шабы-



лып жатқан халқың бар (жайылып жатқан – 60-бет), қан жусандай 

егілсе (жосадай болса керек – 67-бет) т.б. өте көп осы сияқты қате 

жазылған тұстарды көрсетуге болады. Сондықтан кейбір сөздерді не 

өлең жолдарын дұрыс түсіну не сөздің өзін түсіну қиынға соғады. Мы-

салы, еңеке (еңеке кірер – еңкейе не еңсейе болар), шу көрген (дүбір-

дүбір  шу  көрген  –  жүгірген  болса  керек)  деп  қате  жазылған  жер-

лер бар. Мұндай араб жазуынан қазіргі жазуға көшірілгенде кеткен 

қателер тек «Алдаспанда» емес, эпостық жырлардың әр жылдардағы 

басылымдарының барлығында да осы күнге дейін орын алып келеді. 

Мысалы,  «Үш  ғасыр  жырлайды»  деген  жинақта  Шал  ақынның  бір 

өлеңінде: Бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар деп жазы-

лыпты (81-бет). Бұл жерде жәреуке сөзі жауынгер болып мүлде басқа 

(тіпті  керағар)  мағына  беріп  тұр.  Жәреуке  (р)  –  «қызмет  көрсетуге 

даяр жағынғыш адам» дегенді білдіретін сөз. «Өз малын өзі бақпай 

бос  қаңғырып,  бір  кедейді  жолдайды  пайда  көріп»  (77-бет)  деген 

өлеңінде Шал ақын бір кедейді жалдайды десе керек. Тіпті Махамбет 

ақынның өлеңдеріндегі ереуіл ат тіркесі бір басылымда ереулі ат

енді бірінде ерулі ат болып жазылып жүргенін көреміз, сол сияқты 

бүлген («ойрандалған, жеңілген») сөзі бұл күн болып жазылып келеді 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау