211
өзгеше көне бірліктер екендігін «Сөздер сөйлейді» деген кітапта
талданғандықтан, ұсынылып отырған еңбекте қайталанбады. Соңғы
жұмыста мұндай сөздер жеке талданбағанмен, ескіліктер баяндалған
тарауда қажет тұсында сөз болып отырды.
Тіл – жанды құбылыс. Оның лексикалық қабаты әрбір 5-10, 20-
30 және одан да ілгері кезеңдерде толығып, жаңа сөздер пайда бо-
лып, сұрыпталып, кейбір бірліктер қолданыстан ығысып ескіріп
жататындықтан, оларды тіркеп, талдап отыру – тіл білімінің әрдайым
қолға алып отыратын қарекеті. Біздің ұсынып отырған жұмысымыз
осындай ізденістерге жол ашар болса, еңбегіміздің жанғаны дейміз.
Қазақтың өте бай фольклорлық үлгілері – батырлар жырлары
мен ғашықтық жырларын, XV-XIX ғасырларда жасап өткен ақын-
жыраулардың өлең-толғауларын мектептен бастап оқып қызықтай-
тын, сондай-ақ орайы келген тұстарда мақал-мәтелдерді қолданып
отыруға тырысатын, ертеректе өткен шешендердің сөздерін сүйсініп
жаттап алатын бүгінгі және ертеңгі оқырмандар бұларда кездесетін
көне және ескірген сөздердің қыр-сырын жақсы біліп, әрқайсысының
мағынасын, түптөркінін, сыртқы тұрпатын тани түсіп, түсініп,
түйсініп, тұшынып оқитын болады. Бейтаныс көне, ескі сөздерді реті
келгенде кәдеге асырып дұрыс қолданатын болады.
Лексикалық жаңалықтарды танып, біліп отырудың да қажеттігі
мен пайдасы орасан екендігін ескертудің өзі артық. Жаңа сөздер мен
соны тіркестер – тек лексикалық байлық қана емес, бүгінгі өмірі-
міздің нақты көрінісі, «бұлтартпайтын құжаты» десек болар. Ал
«құжат» дегенді жоғалтпай, бүлдірмей (қолдан түзетпей) орынды
жерінде ғана көрсету керек қой. Бүгінгі тіл де сондай: оның әрбір сөзі
әрі айқын (түсінікті), әрі дәл (өз мағынасында, өз жерінде – өз жан-
рында, өз стилінде) қолданылуға тиіс. Мұндай айқындық пен дәл-
дікті көрсететін, түсіндіретін, дәлелдейтін, нұсқайтын әр алуан
еңбектер керек. Олар ғылыми-теориялық та, қолданбалы-практи-
калық та сипатта ұсынылуға тиіс. Ұсыныла беруге тиіс. Тереңірек,
яғни бұрынғы сыннан өткен, тірек етіп келген әдістермен қоса,
ғылыми-танымның жаңа бағыттарымен жазылған еңбектерді бүгінгі
қоғамның мәдени-рухани болмысы талап етеді. Осы еңбегіміз бұл
айтылған талаптар мен сұраныстарға бір мысқал болса да жауап
беретіндей болса, қазақ тілін жақсырақ меңгере түсуге, байлығы
мен сымбатын (көркемділігін) игере түсуге пайдасын тигізсе деп
үміттенеміз.
212
Қысқартулар
ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1974. -
1-том; 1976, 2-том; 1978, 3-том; 1979, 4-том; 1980, 5-том; 1982, 6-том;
1983, 7-том; 1985, 8-том; 1986, 9-том; 1987, 10-том.
ҚӘТС – Қазақ әдеби тілінің сөздігі. –Алматы: Арыс, 2006. - 1-том;
2006, 2-том; 2006, 3-том.
ДТС – Древнетюркский словарь. Т. І. –М.: Наука, 1969.
ҚТАС – Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. –Алматы: Арыс, 2005.
«ЕҚ» – «Егемен Қазақстан» газеті.
213
Бірінші бөлім
_______________________________
ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕСКІ БІРЛІКТЕР
Ескіліктердің танымы мен теориялық негіздері
«Ескі – жаңа», «бұрынғы – қазіргі» деген тілдік оппозиттерді сөз
еткенде әңгіме өзегі болатын нысандар (объектілер) әртүрлі. Жалпы
тіл жүйесіндегі ескі-жаңалар, яғни тілдің өзіндік табиғи заңдылық-
тарына негізделген қарама- қарсылықтар болады. Мысалы, әр тіл-
дің өзіне туыстас өзге тілдерден ажыратылатын фонетикалық,
грамматикалық бірліктері қатарында ескі-жаңа сипаттағылары бо-
луы мүмкін. Лексика саласына келгендегі ескі-жаңа полюстері
семантикалық және фонетикалық өзгешеліктерге қатысты болады.
Қазіргі қазақ тілінде лексикалық ескі-жаңа қатарлар көзге түседі.
Бұл полюстің екі жағын да іздестіруде уақыт факторы алға шығады.
Лексикалық ескіліктерді іздеуде бағзы замандардағы, ертедегі, күні
кешегі деген мезгілдік танымдар ескерілді. Бұл ізденісте сөздің
семантикалық қозғалысы, яғни мазмұн меже теориясы мен дыбыс-
тық, тұлғалық бітімі, яғни тұрпатмеже теориясы іске қосылады. Со-
нымен, қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі төл және бөгде болып
келетін генетикалық қабаттардың ертелі-кеш кезеңдердегі көрінісі,
қолданыс көздері мен олардың дәуірлері, жұмсалу мақсаттары
талдануға тиіс.
Бұл жұмыста қазіргі қазақ тіліндегі көнерген және ескірген
лексикалық бірліктердің:
1) ескіру уәждері (себептері);
2) ескірген кездері мен ескіру дәрежесі;
3) бүгінгі күндегі түсініктілік дәрежесі, яғни:
а) мүлде түсініксіздері,
ә) мәнмәтін (контекст) арқылы түсінуге болатындары,
б) біршама түсінікті, бірақ өте сирек кездесетіндері;
4) сақталған жерлері (әдебиет түрлері):
а) ауыз әдебиеті үлгілері,
ә) ертеректегі ақын-жыраулар туындылары,
б) мақал-мәтелдер,
в) тұрақты сөз тіркестері (фразеологизмдер, қос сөздер,
біріккен сөздер);
5) «сүйегі», яғни түптөркіні (этимологиясы);
214
6) ескіліктердің типтері:
а) көне сөздер (архаизмдер),
ә) ескірген сөздер (историзмдер),
б) фонетикалық; морфологиялық, орфограммалық ескіліктер;
7) ескіліктердің тақырыптық топтары;
8) ескіліктердің қазіргі «өмірі» (қолданысы):
а) қолданылу мақсаты,
ә) орынды-орынсыз қолданыстары,
б) бүгінгі қолданысқа (әдеби нормаға) қайта оралған
ескіліктер деген тұрғыдан (аспектілерден) әңгіме етіледі.
Мұнда лексика-фразеологиялық ескіліктер жөнінде жалпы та-
нымдық-теориялық талдаулармен қатар түсіндірме сөздік сипатын-
дағы ізденістер де ұсынылады.
Талданатын (зерттелетін) материалдар
Қазақтың өте бай ауыз әдебиеті мұралары: батырлар жырлары-
нан, лиро-эпостардан, ертегілерден, аңыздардан, тұрмыс-салт жыр-
ларынан және ХV-ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулардың
толғау-жырларынан жиналды. Сондай-ақ тарихи тақырыптарға
жазылған көркем шығармалар тілінен ерте кезеңдерде ата-бабалары-
мыз қолданған қару-жарақтардың, әскери құрылымдардың, сауыт-
саймандардың, күнделікті тіршілікке қатысты заттардың атаула-
ры қамтылды. Мұндай атаулар қазіргі кезде еркін және жиі (актив)
жұмсалмаса да, бүгінгі оқырмандар оқитын әр алуан әдебиеттерде
кездесетіндіктен, олар (көне, ескірген сөздер) қазіргі қазақ тілінің
ескіліктері статусында талданады: мағыналары түсіндіріледі,
генезисі көрсетіледі. Мұндай бірліктер аса көп болмағанмен, жалпы
тарихқа қатысты тақырыптарға жазылған ғылыми және ғылыми-
көпшілік қолды шығармалардан да табылады.
Лексикалық ескіліктердің сақталған тұстарының және бірі
– мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер болғандықтан, сөз
қоймасының бұл түрлеріне де назар аударылды. Бірен-саран ескі эле-
менттер ауызекі сөйлеу тілінде де сақталғандықтан, олар жергілікті
(аймақтық) сөздер құрамынан да жиналды.
Әрине, бұл аталған көздердегі зерттеу нысандарымыз сарқа жи-
налды деуден мүлде аулақпыз. Бұл – бірер ізденушінің күшімен
белгілі бір мерзім барысында орындала қалатын шаруа еместігі
түсінікті.
Осы іспетті ізденіс «Сөздер сөйлейді» атты еңбегімізде де жүргі-
зілген болатын. Бұл еңбектің әр басылымында материалдар толық-
тырылып отырды, өйткені көнерген, ескірген сөздерді жинасты-
руды, талдау жұмыстарын үзбестен жүргізіп келеміз. Дегенмен
Достарыңызбен бөлісу: |