79
деп түсінік береді. Бұл сөзге біз де із кесіп көріп едік, ол із үшінші бір
соқпаққа салды: монғол, қалмақ тілдерінде эрүүл, эрүл деген сөздер
бар, мағынасы «сау, дені сау» (орысша «здоровый»). Көне монғол
тілінде бұл сөздің дыбысталуы – ерегул. Ал мықтылық денсаулықпен
байланысты ұғым: дені сау адам (мал) мықты болады. Демек, ереуіл
сөзі ат сөзімен тіркескенде, «мықты ат, тың ат» («мінбей сақталған
ат») дегенді білдіруі әбден сыйымды. Махамбеттің ереуіл атқа
ер салмай дегені де «мықты, қосалқы, тың ат» дегенге меңзеуі де
мүмкін. Ертеде үлкен ұзақ жорыққа шыққанда, астындағы атпен қоса
және бір мықты ат ала шығу, яғни қосар мініп шығу дәстүрі қай-қай
халықта да, әсіресе түркі-монғол халықтарында орын алған, өйткені
атсыз, жаяу адам ұрыс салатын жауынгер бола алмайды. Ұрыста не
жолда астындағы аты мертіксе, окқа ұшса, өліп қалса, жорықшы
алып шыққан қосалқы атына ер салып мінетін болған.
Ереуіл ат тіркесіндегі ереуіл сөзінің мағынасының соңғы
дәуірлерде қазақ тілі үшін күңгірттенуі, бір жағынан, бұл сөзді мүлде
қате түсіндіруге алып келсе («ерттеулі ат» деп анықтама беруге),
екінші жағынан, тұлғасын өзгертіп, екі-үш түрлі етіп жазуға себепкер
болған. Мысалы, 1974 жылы «Жазушы» баспасы шығарған жинағы
«Ерулі атқа ер салмай» деп аталған, ал кейбір басылымдарда бұл сөз
ереулі деп те жазылған. Соңғы екі түрдегі тұлғалануы да дұрыс емес,
дұрысы – ереуіл болуы керек.
Сөйтіп, ереуіл ат «ерттеулі ат» емес (ерттеулі атқа адам ер сала
ма?!), «тың қосалқы ат», түптөркіні монғол тілінің не «сау» мағына-
сындағы эрүүл сөзі немесе «жекпе-жек, турнир» мағынасындағы
ирүүл сөзі болу керек. Бұл қазақ тіліне монғол тілдерінен енген кірме
сөз бе әлде көптеген өзге сөздер сияқты ете әріден келе жатқан ортақ
сөз бе – мұны іздестіре түсу қажет. Мүмкін, бұл сөз қазақ халқын
құраған тайпалар тіліне Шыңғыс хан жорықтарынан бастап енген
болар. Кезінде найман, керей(т) сияқты тайпалардың (сол кездің
терминімен айтсақ, жұрттардың) Шыңғыстың өзіне қарсы тұрып
соғысқандары бар, кейін Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жаулап
алған елдерді өз әскеріне қосып алып, «әлемді жаулауға» аттанған
жорықтарына қатысқандары бар – қайткенде де қазақтарды құраған
көптеген ру-тайпалар монғолдың әскери лексикасынан жақсы хабар-
дар болған, яғни ұрыс-соғысқа, әскери тәртіпке, әскер құрылымына
қатысты монғол сөздерін меңгерулері хақ.
Махамбет бұл тіркесті образ үшін пайдаланған: ереуіл атқа ер
салмай... ерлердің ісі бітер ме дегені өздері аттанған жорықтың ауыл
арасындағы бір-екі күндік барымта-қарымта сияқты жүріс емес,
кескілеспей басылмайтын, ұзақ жолды, көп күндік (айлық, жылдық)
қан майдан екенін айтқаны, образбен бергені.
80
Ереуіл сөзі Махамбет қолданған тіркестен (
ереуіл ат) өзге жер-
лерде бүгінгі кездің өзінде де кеңінен қолданылады. Түсіндірме
сөздіктің анықтамасына қарағанда, бұл сөздің қазір екі мағынасы бар:
бірі – «пролетарит күресінің негізгі түрінің бірі, жаппай бас көтеріс,
қозғалыс, аттаныс, дүрлігушілік», екіншісі – «ұзақ жортуға шыдам-
ды, берік, мықты» (бұл ат деген сөзбен тіркескенде ғана беретін біз
көрсеткен мағынасы болуға тиісті, әйтпесе өзге сөздермен тіркесіп,
«берік, мықты» ұғымын бере алмайды ғой).
Ереуілге шығу, еруілдеу, сірә, белгілі бір іс-әрекетке (айталық, ат-
таныс, жорық, саяси-әлеуметтік күрес т.б.) ниет еткенде, біріншіден,
«елден, жұрттан бұрын, өзгелердің алдын ала» деген мағыналық
реңкті, екіншіден, «қарсылық көрсете, наразылық білдіре» дегенді
қоса қамтитын тәрізді және бұл іс-әрекет үнемі жаппай көпшілік
орындайтын ғана емес, жеке адамға да тән болуы да мүмкін. Мысалы,
Дулатта:
Ел үшін кешіп жанынан
Ереуілге шыққан ер, –
деп келеді. Немесе жеке адамға да «таң атпай ереуілдеп неғып
жүрсің?» деп те айтылады. Е. Жанпейісовтің зерттеуіне қарағанда,
М. Әуезов те бұл сөзді «қарсылық көрсету, наразы болу, көтеріле
қозғалу» мағынасында жұмсаған (Жанпейісов, 73). Демек, ереуіл
сөзінің бір мағынасы «күрес, қарсылық, наразылық» деген реңкті
қамтиды екен. Әрине, бұл мағыналардағы ереуіл сөзінің ереуіл
ат дегендегі мағынасына қатысы жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі
кең қолданысты ереуіл сөзінің де этимологиясын іздестіру – тіл
зерттеушілердің алдында тұрған міндет.
ЖАҒАЛАСУ. Бұл сөздің қазіргі негізгі мағынасы − «тайтала-
су, айқасу», одан қалды «қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу»,
соңғысы – ауыспалы мәні. Сырт қарағанда, бұл сөз тайталасқан
адамдардың бір-бірінің жағасынан алуына қатысты айтылған болу
керек деп ойлаймыз. Ал, шындығында, сөздің түбірі – жағы/йағы/
жау сөзінің көне түркілік түрі (түркі тілдерінде ғ ~ у дыбыстарының
алмасуы − кәнігі құбылыс: тағ ~ тау, бағ ~ бау дегендердегі сияқты).
Жағалас- етістігі – көне
йағылаш- сөзінің қазақша варианты, ал
йағыла- – «ұрысу, соғысу», дәлірек көшірсек, «жауласу» (
йағы ~
жау). Демек,
йағы/жау түбірінен қазақ тілінде екі етістік жасалған:
жағалас- және
жаулас-. Сонда
жаумен жағаласу дегеніміз қазақ-
шаға «аударсақ» жаумен жауласу болып шығады. Әрине, бір тү-
бірден жасалған жауласу мен жағаласу деген екі тұлға өз алдына