49
бір «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт» деген мағынада айтылса
керек.
Жоғарғы текстерде бұл тіркес «қол астындағы, өзіне қараған,
соңына ерген халық, жұрт» деген мәнде қолданылғанға ұқсайды.
Сонда астана жұрт тіркесі «көп, ұлы халық» дегеннен гөрі, «біреудің
(ханның, батырдың) қол астындағы («табалдырығындағы») ел-жұрт»
деген мағынаны білдіретін тәрізді. Астана сөзінің «табалдырық»
мағынасы қазақ тілінің жергілікті сөйлеу дағдыларында (говорла-
рында) сақталған. Ж. Досқараевтың көрсетуі бойынша, Жамбыл
облысының тұрғындары үйдің табалдырығын астана деп атайды
(Досқараев, 11, 13).
АТ-ҰЛАҚ – бұл күнгі ат-көлік деген тіркестің (қос сөздің)
синонимі. Бұл тіркес ХVІ ғасырдағы қазақ жазба ескерткіші тілінде
де бар: «Қачан ләшкәр ач уа сусақлығ етселер, туар қара, ат улағы
һарығай…» (Қадырғали би… 194-бет). Бұл тіркес (қос сөз) «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздіктерінде» тіркелмеген, синонимі ат-көлік
бар, оны «ат немесе көлік» деп түсіндірген. Ат сөзі түсінікті, ұлақ
немене? Көне түркі тілдерінде улағ сөзінің бір мағынасы – «жүк ар-
татын жануар (ат, мүмкін, түйе, есек болар)» (ДС, 608-бет). Демек,
ат-улағ − «жүк артатын ат, көлік ретінде пайдаланатын ат» Заман өте
келе улағ/ұлақ сөзі ұмытылып, оның мағынасын (қызметін) көлік сөзі
беріп кеткенге ұқсайды. Бірақ ескі (ертеректегі) жазба дүниеміз бен
өлең-жырларымыздың тілінде сақталып қалған қолданыс. Мұны ат-
ұлақ тұлғасында сөздіктерге қосу қажет.
Бұл сөз ұлаа тұлғасында көне сөз ретінде (көнерген деген белгімен)
монғол тілінде де тіркелген (Монг.-русск. сл., 450), мағынасы –
«көлік». Демек, бұл – монғол-түркі тілдеріне ортақ, өте көне «тілдік
жәдігерліктің» бірі болып саналады.
АТЫ ШУЛЫ. Бұл тіркестегі шулы сөзінің айғай-шу дегендегі
шу сөзіне қатысы жоқ. Көне түркілер чау сөзін «даңқ, атақ, даңқты,
атақты» мағыналарында қолданған ДС, 135). Сонда аты шулы деген
тіркестің о бастағы тұлғасы аты шаулы болуы керек, ол «аты даңқты,
атақты» деген сөз болып шығады, монғол тілінде де цуу «1) біреу
жайында таралған сөз, әңгіме, 2) даңқ, атақ» мағыналарын береді.
Демек, чау/чу/цуу/шау/шу тұлғалары көне замандарда түркі-монғол
тілдеріне ортақ сөз болып, негізінен бір мағынаны білдірген. Қазақ
тілінде шау/шу сөзі «атақ, даңқ» ұғымында жеке қолданыстан қалып,
аты шулы сияқты тіркес құрамында сақталған «көнекөздердің» бірі.
50
АУЫР. Қазақтың батырлар жырлары мен лиро-эпостарында, XV-
XIX ғасыр ақын-жыраулар тілінде ауыр әскер, ауыр қол, ауыр жұрт,
ауыр дәулет сияқты тіркестер кездеседі. Мысалы:
Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға
Арыстанбек ұлы Сұлтан бар (Шобан).
Тебірлерге қалғанда
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз...
Тебіренсе ауыр жұртын тындырмас (Шалкиіз).
Ауыр әскер қосымен («Қобыланды батыр»).
Ауыр әскерге жолықтық (Радлов, VII).
Ауыр әскер қол түрінде бұл тіркесті Махамбет ақын да бірнеше
рет пайдаланады. Мұндағы ауыр сөзі – бұл күнде салмаққа және
қиындыққа қатысты айтылатын сөз (ауыр балға, ауыр жұмыс).
Оның «қайғылы» (ауыр хабар), «өте үлкен, төзуге болмайтын» (ауыр
қылмыс), «қауіпті; қатерлі» ( ауыр жара), «байсалды» (ауыр қозғалу)
деген ауыспалы мағыналары да жоғарыдағы екі мағынасынан өрбіген.
Ал ауыр қол, ауыр жұрт дегендерде ауыр сөзі «көп, сансыз» деген
мағынада келген.
Махамбет ақын бір өлеңінде ауыр әскер қол десе, екінші бір жер-
дерде осы ұғымды мың сан әскер қол, сан шерулі қол, көп әскер деген
тіркестермен білдіреді. Дулат Бабатайұлы аталған ұғымды ұлы шерік
қол деп береді.
Бұл сөздің ағыр тұлғасында орта ғасырлардағы түркі жазба
ескерткіштерінде «бағалы, күшті» және «көп, сансыз» мағыналары
бар: ағыр черік – қазақша ауыр қол дегеннің тура баламасы (Фазылов,
I, 104).
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында ол дәулет сөзімен тіркеседі
де онда да «көп, мол, сансыз» дегенді білдіреді:
Ауыр дәулет беріпті Алла нәсіп.
Ауыр сөзінің қазақ тілінде жұрт сөзімен тіркесіп қолданылаты-
нын Шоқан да айтқан. Ол профессор Н. И. Березинге жазған ха-
тында Тоқтамыс хан жарлықтарындағы кейбір түркі сөздерінің
қазақ тілінде бар-жоғын көрсетеді. Соның бірі – ноғайлының ауыр
жұрт тіркесі, қазақтар өзінің батырлар жырларында Алтын Орданы
ноғайлының ауыр жұрты деп атаған дейді (Валиханов, I, 121).
Л. Будагов ағыр (ауыр) сөзінің өзге түркі тілдерінде (әзірбайжан,
түрік) «маңызды, ұлы, үлкен, қымбат, бағалы, сыйлы» деген ауыспа-
лы мәнде қолданылатынын да көрсетеді (Будагов, I, 61). Ауыр сөзінің
бұл мағыналары қазақ тілінде де болған. Мысалы, «алдаспан ауыр
қылыш суырған» (Шобан) дегендегі ауыр сөзінің мағынасы салмаққа
51
қатысты емес, «бағалы, құнды», демек, «өткір қылыш» деген ұғымда.
Ал көне түркі тілдерінде ағыр сөзінің екінші мағынасы «бағалы,
қымбат», «сыйлы, құрметті» дегенді білдірген (ДС, 19).
Бұл күнде ауыр сөзі «көп, мол» мағынасында жаңадан тіркес
құрап қолданылмайды. Ертедегі әдебиет нұсқалары меп жыр-
ларда кездесетін ауыр жұрт, ауыр қол, ауыр әскер, ауыр дәулет
дегендердегі ауыр сөзінің мағынасы қазіргі мағыналарынан өзгеше
деп тану керек, ол − «көп, ұлы, үлкен, қымбат, бағалы» деген ауыспа-
лы мағыналар. Әрине, бұл сөздің осы күнгідей салмаққа, қиындыққа
қатысты мағынасы және осылардан ауысқан өзге де мағыналары
ертедегі қазақ тілінде де болған.
АШ ҚҰЛАҚ «Аш құлақтан тыныш құлақ» деген мәтелдің
мағынасы түсінікті, ол «бір нәрсеге араласпай тыныш жүру», «қаш-
қалақтау», «жан тыныштығын сақтау» деген мәндерде жұмсалады.
Мәтелдің соңғы бөлігінің де (тыныш құлақ) мағынасы мен
лексикалық құрамы айқын, ал аш құлақ дегендегі компоненттердің
тіркесу қабілеті, мағыналық қисындылығы күмәнді, түсініксіз:
әдетте құлақ сөзі сақ құлақ, ұзын құлақ деген тіркестерде келеді,
ал аш болу құлақтың қасиетіне жатпайды. Ислам дініне қатысты
әдебиеттерді оқығанда, арабша аш қуллаһ деген тіркесті кездестірдік.
Ол «Аллаға деген шынайы махаббат» дегенді білдіреді екен. Бұл –
Ясауи ағымының постулаты. Ясауи діни ағымы орта ғасырлардан
бастап (ХІІ-ХІІІ ғасырлардан) қазақ халқын құраған тайпалардың
арасында кеңінен таралғаны мәлім. Бұл ағымның негізін, жолдарын,
қағидаларын терең түсінбесе де, ислам дінін уағыздайтын, қалың
жұртшылықты осы дінге тартатын жолдардың (ағымдардың ) бірі
деп санаған қара халық осы кезеңдерде (әрине, бұдан да бұрын) ис-
лам дініне қатысты сөздерді, араб тілінде ұсынылатын уағыздарды
да жиірек ести бастаған. Сірә, алғашқы кезеңдерде қара халықта
дінге деген фанатизм күшті болмаған болу керек, яғни ислам дінінің
қағидаларын жергілікті халық тілінде (түркі тілінде) тәптіштеп
түсіндіру, арабша айтылған әрбір сөздің, әрбір сөйлемнің, тіпті
әрбір уағыздың мағынасын дәлме-дәл айқындап түсіндіру қарекеті
де күшті болмағаны белгілі, яғни ерте орта ғасырларда мұндай діни
үгіт-насихат жүргізудің мықты базасы да (негізгі құралдары, жолда-
ры, әдістері де) болмағандығы аян. Сондықтан арабша жиірек айты-
латын сөздер мен фраземаларды қара халық өзінше түсініп, мақал-
мәтелдерінің компоненті (сөзі) етулері де әбден мүмкін. Сондықтан
аш қуллаһ, аш қуллаһ деп жиірек естіген сөздердің мән-мағынасын
Достарыңызбен бөлісу: |