Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет13/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162

38

Өткен ғасырда қазақ жерінен жинаған материалдарды түркі тіл- 

дерінің салыстырма сөздігіне енгізген Л.Будагов алған сөзін «алған 

әйелі, ері» деп аударады да жақша ішіне өлеңдерде «сүйіктім» деген 

мағынада келеді деп көрсетеді (Будагов, II, 392). Бұл жерде сөздікші 

талдап отырған сөздің сырын дұрыс таныған сияқты. Егер алғаным 

сөзі әйеліне қарата айтылғанда, ал етістігіне қатысты екені көңілге 

қонымды (әйелді алады) болғанымен, ер адамға қарата айтылғанда, 

сөздің түпкі мағынасы шықпайды (күйеуді алмайды, күйеуге шығады, 

ерге барады). Демек, жырларда қолданылған алғаным тұлғасы мета-

фораланып,  «сүйіктім,  аяулым»  деген  сияқты  мағынада  жұмсалған 

деп табамыз.



АЛДИЯР. Қазақтың эпостық жырларында, ертегілерінде, Махам- 

бет  жырларында  хан,  сұлтан  сияқты  әлеуметтік  дәрежесі  жоғары 

адамдарға қарата айтылатын алдияр сөзі жиі кездеседі:

Алдияр бас хандарым

Жаңа келді Қамбарың... 



Алдияр тақсыр ханымыз.

Шоқан  алдияр  сөзін  «Алла  жар  болсын»  дегеннен  шыққан  деп 

таниды  (Валиханов,  I,  226).  Кейінгі  этимологтер  де  осы  пікірді 

қуаттайды  (Этимол.  сөздік,  32).  Қырғызша-орысша  сөздіктің  ав-

торы  К.  К.  Юдахин  де  алдияр  –  араб,  парсы  сөзі  (Алла  +  йар)  деп 

табады да монархтар мен хандардың құрметті дәрежесін (титулын) 

білдіретін, орысша «ваше величество» дегенге сай тарихи көне сөз 

деп түсіндіреді (Юдахин, 49). Біздіңше, бұл – жаңсақ пікір.

Ертеректе,  хандық  дәуірде  қазақтар  қолданған  алдияр  сөзі 

монғолша  алдар  сөзімен  төркіндес  болу  керек.  Алдар  «даңқ,  атақ, 

мәртебе,  дәреже»  дегенді  білдіреді.  Бұл  сөз  қалмақ  тілінде  де  бар. 

Алдияр қалмақша «ұлы» деген мағынада. Алдияр қазақ тілінде жеке 

тұрып  та,  алдияр  тақсыр,  алдияр  хан  сияқты  тіркестер  түрінде  де 

қолданылған. Бәрінде де ол «мәртебелі, ұлы» деген мәнді білдірген. 

Ал бұл эпитет хан, бек, сұлтан сияқты билеушілерге ғана айтылғаны 

мәлім. «Алдияр деген сөзді қазақтар хандарға айтқан, бұл сөз кейде 

алдияр тақсыр деп те келеді» (Будагов, II, 392).

Шынында  да,  бұл  сөз  орысша  «ваше  величество»  деген  тәрізді 

құрметті  титулды  (дәрежені)  білдірген.  Әрине,  алдияр  сөзі  қазақ 

тіліне  монғол  немесе  қалмақ  тілінен  кейінгі  ғасырларда  енді  ме 

әлде ежелден түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз бе – әзірге кесіп айту 

қиын. Сірә, бұл сөз түркі тайпалары тілінде монғол шапқыншылығы 

кезінен  (XIII  ғ.)  бастап  қолданылған  болар.  Оның  үстіне  ханда-



39

ры тек қана Шыңғыс әулетінен болып келген қазақ қоғамында сол 

хандарға монғолша алдияр (ұлы, мәртебелі) деп айту орын алған болу 

керек. Өйткені алдар/алдияр сөзі көне түркі тілінде жоқ, өзге түркі 

тілдерінің де барлығына тән емес.

АЛҚАЛАУ, АЛҚАЛЫ. Махамбет ақында:

Алқалаған жер болса, 

Азамат басы құралса... 



Алқалай келген кеңесте 

Дем құрыған күн болған... 



Алқалы кеңес құрған күн, – 

деген  өлең  жолдары  бар.  Алқалау  сөзі  ертеректегі  ақын-жыраулар 

тілінде де бар. Шалкиізде:

Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға 

Арыстанбекұлы Сұлтан бар.



Алқалау сөзінің түбірі – алқаАлқаның қазіргі мағынасы 1) «жиын, 

топ», 2) «коллегия» (ҚТТС, 1974, I, 224). Бұл – арабтың хәлқа сөзі, 

мағынасы – «дөңгелек», одан барып «адамдар тобы» деген ауыспалы 

мәнде  қолданылған.  Сірә,  бұл  сөз  түркі  тілдеріне  өте  ертеде  енген 

болу  керек.  Этнографтардың  айтуларына  қарағанда,  Орта  Азияны 

және  Қазақстанды  мекендеген  халықтардың  ислам  дәуіріне  дейінгі 

әдет-ғұрпында жылына бір рет өлгендердің бейітіне баратын дәстүр 

болған.  Бейіт  басына  жиналған  әйелдер  алқа  құрып,  қол  ұстасып, 

ауық-ауық алақан соғып, дұға оқып, ортаны айналып жүретін болған, 

соны алқа деп атаған (Снесаров, 155). Түркі тілдеріне парсы тілінен 



алқа сөзі осы кездерде кірген болу керек (ал парсы тіліне бұл сөз араб 

тілінен енген).

Қазақ тіліндегі алқа-қотан, алқа құру және алқалау сөздері осы 

мәндегі алқа сөзімен сабақтас. Кейін келе діни рәсімдерге қатысты 

алқа  құру  дәстүрі  жойылғанмен,  «дөңгелек  құрып  айнала  отыру» 

немесе  «бір  нәрсені  айнала  қоршау»  деген  мәнде  алқалау  етістігі 

қолданылатын болған.

Жоғарыдағы Махамбет өлеңіндегі алқалау сөзі кеңесу, ақылдасу 

үшін  жиналатын  жиынға  қатысты  тұста  айтылған.  Ал  қазақ 

қоғамында  (әрине,  өзге  жұрттарда  да)  кеңесу,  ақылдасу  үшін  алқа-

қотан  отыру,  яғни  дөңгелек  құрып  айнала  отыру  дәстүрі  болған. 

Бұдан барып алқалау сөзі «кеңесу, топ болып отырып ақылдасу үшін 

жиналу, бас қосу» деген ауыспалы мағынаға ие болғаны байқалады. 

Мысалы, Махамбетте:



Алқалай келген кеңесте 

Дем құрыған күн болған.




40

Ал  соңғы  Шалкиіздегі  алқалау  сөзі  «қоршау»  деген  мағынада 

қолданылған. Алқалау сөзі бұл күнде «айнала қоршау, қамалау» деген 

мәнде жұмсалады да оның «жиналу, бас қосу» мағынасы ұмытыла 

бастап, ескі нұсқаларда сақталған.

АЛП. Бұл сөз дәл осылай тұлғаланған (жазылған) түрінде Шалкиіз 

өлеңдерінде кездеседі:



Алп, алп, алп басқан 

Арабы торым озіңсің... 



Алп, алп, ал сақын.

Алп  сөзінің  көне  түркі  тіліндегі  бір  мағынасы  «ауыр,  қауіпті, 

қорқынышты және маңызды» деп көрсетіледі (ДС, 37). Шалкиіздің 

арабы  торыны  алп  басқан  деп  суреттеуі  «аяғын  ауыр  басқан» 

дегенді  білдіретін  сияқты,  ал  аяқты  ауыр  басу  –  маңыздылықтың, 

салмақтылықтың белгісі. Екінші жердегі (алп, алп, ал сақын дегендегі) 

алп  сөзінің  мағынасын  контекске  қарап,  «қорқыныш  (бар),  қауіп 

(бар), сондықтан сақтан (сақын)» деп отырған тәрізді. Қайткенде де 

бұл – көне тұлға, қазақ тілінде сақталған көне сарқыншақтардың бірі. 

Мұндай көне жұқанақтар қазақтың XV-XIX ғасыр ақын-жыраулары 

мен ауыз әдебиетінің тілінде аз кездеспейді (мысалы, мұндағы сақын 

дегеннің  өзі  де  көне,  бұл  сөздің  өте  ертедегі  бір  мағынасы  «ойлау, 

толғау,  болжалдау»  болса,  екінші  мағынасы  «сақтану»  екендігін 

білеміз).



АМАНДАСУАмандасу сөзі қазіргі әдеби тілімізде «сәлем беру, 

сәлемдесу, амандық сұрау» деген мағынада қолданылады. Түсіндірме 

сөздік осылай деп көрсетеді (ҚТТС, 1974, I, 250). Ал ертеректе бұл сөз 

қазақ тілінде қарама-қарсы мағынада да қолданылған, яғни «қоштасу, 

қош айтысу» дегенді де білдірген. Батырлар жырларынан:

Амандасып елменен, 

Туып-өскен жерменен. 

Қош айтысып Қамбарға 

Қалмаққа қарай жөн тартты... 

Амандасып жылады, − 

деген жолдарды оқысақ, мұндағы амандасу «сәлемдесу, көрісу» емес, 

«қоштасу» деген сөз екенін байқаймыз, яғни бұл жердегі амандасу 

«амандық сұрау» емес, «амандық тілеу» мәнін береді.

«Айман- Шолпан» жырында еліне қайтарылған Шолпанды шы- 

ғарып салған Арыстан туралы: «Шолпанмен амандасып кейін қайт- 

ты», – дейді. Мұнда да амандасу − «Амандық тілеп, қош айтысу». 

Бұл сөздің соңғы мағынасы ауызекі сөйлеу тілінде де кездеседі.




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау