Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет54/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   180

115
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
шылықтар кезінде «бөтен» этносқа өшпенділікті күшейту мақсатында бел-
сенді түрде өршітіледі. Осылайша, Карабах қақтығысы шиеленіскен кезде 
Əзірбайжан мен Арменияда антиармяндық жəне антиəзірбайжандық наси-
хаттар күрт күшейді. Əр тарап басқа тарапты «қас жау» бейнесінде көрсе-
туге барын салды. Грузин-абхаз, осетин-ингуш, Украинадағы жəне басқа да 
жақын жəне алыс шетелдердегі қақтығыстар кезінде дəл осындай жағдай-
лар болды. Ұ.А. жиі түрлі көлемдегі ұлтаралық қанды қақтығыстарға ұласа-
тын өшпенділік пен жек көрініштің ашық, төтенше формасында байқалуы 
мүмкін. Соңғы онжылдықтар ішінде қан төгілген ұлтаралық қақтығыстар 
саны артты. Сөйтіп, соғыстан кейінгі 250 əскери қақтығыстардың шамамен 
жартысын қандай да бір этностық астары бар соғыстар құрайды. Оған қоса 
«қырғи қабақ» соғыс түрінде жасырын формадағы Ұ.А. жиірек болады. Ол
тұрғылықты емес ұлт өкілдерін елден аластау, олардың азаматтық жəне сая-
си құқықтарына қысым жасау, мəдениеті мен ана тілін қыспаққа алу, ұлт-
тық намысын қорлау сипатында көрініс табады. «Туа біткен», мəңгілік Ұ.А. 
болмайтынын атап айтқан жөн. Ертеректе жауласқан елдер уақыт өте келе 
мəмілеге келіп, жақындасып, тіпті олардың арасында достық қарым-қаты-
настар орныққаны туралы тарихта мысалдар аз емес. Мəселен, немістер мен 
ресейліктер ХХ ғасырда бір-біріне қарама-қарсы екі рет соғысқа қатысқан. 
Алайда олардың арасында осы күнге дейін ұлттық-дұшпандық қарым-қа-
тынастар сақталды деп айтуға негіз жоқ (қар. Антисемитизм, Дискримина-
ция, Ксенофобия, Ұлтаралық қақтығыстар, Нəсілшілдік, Этностық сте-
реотиптер).
ҰЛТТЫҚ-АУМАҚТЫҚ АВТОНОМИЯ (ор. Национально-территориа-
льная автономия, ағыл. national and territorial autonomy)  Ұ-АА – бір жерде 
жинақы тұратын ұлттың (этностық топтың) өз бетінше ұйымдасу формасы, 
мұнда жекелеген ұлттық топтардың өзіндік мүдделері ескерілу үшін ұлттық 
мемлекеттер, ұлттық-мемлекеттік құрылымдар немесе ұлттық əкімшілік-ау-
мақтық бірліктер құрылады. 
Мыс., Ресейде осыған сəйкес автономиялы республикалар, автономиялы 
облыстар немесе округтер, сондай-ақ ұлттық аудандар, уездер т.б. бар. Бұлар-
дың арасындағы шегара тым шартты болғанмен, оларға мемлекеттік биліктің 
көлеміне қарай саяси (заң шығарушы) немесе əкімшілік автономия беріледі. 
Билікті  орталықсыздандырудың  түрі  болумен  қатар  автономия  ұлттық 
ерекшеліктің ғана емес, географиялық, тарихи жəне басқа ерекшеліктердің 
де нəтижесі ретінде қалыптасуы мүмкін. 
Саяси автономия Солтүстік Ирландияда (Ұлыбритания), Корсикада (Фран-
ция),  Аланд  аралдарында  (Финляндия),  Азор  аралдарында  (Португалия), 
Гренландияда  жəне  Фарер  аралдарында  (Дания)  бар,  Күрдістанда  (Ирак), 
Филиппинде, Шри-Ланкада жəне кейбір басқа елдерде жарияланған. 


116
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Облыстық  саяси  автономия  Италияда  бар,  бұл  бір  жағынан,  жекелеген 
өңірлердің  (Сицилия,  Сардиния)  дəстүрлі  тірлігіндегі  тарихи  ерекшеліктен
болса, екіншіден, аумақтардағы (Трентино-Альто-Адидже, Фриули-Венция-
Джулия)  жұрттың  ұлттық  құрамына  орай  қалыптасқан.  Испания  конститу-
циясында  ұлттық-аумақтық  принцип  бойынша  автономиялар  құру  құқығы 
көрсетілген. Соған орай ол елде төрт «ұлттық провинция» құрылған: Анда-
лусия мен Галиция, Каталония, Баскілер елі, бұларға 13 «тарихи» аумақтық 
облысқа қарағанда көп құқық берілген.
Жалпымемлекеттік  заң  негізінде  əрі  конституциядағы  тікелей  ұйға-
рымдарға  сүйеніп  бұл  елде  автономияны  жүргізу  нысандары  белгіленеді, 
жергілікті  өкіметті  жасақтайтын  жергілікті  парламент  сайланады.  Орталық 
биліктің өкілі сол билік тағайындаған губернатор (немесе басқа лауазымды 
тұлға) болады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін қадағалайды, 
оның жергілікті парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқы болады. 
Елдердің  қайсысында  болмасын  оның  ортақ  сипаттарымен  қатар  əлеумет-
тік-экономикалық даму һəм өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігі деңгейіне 
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар жəне бұлар ескеріледі.
Əкімшілік автономия саяси автономиядан гөрі сирек кездеседі. Əкімшілік 
автономияға  Қытайда  кең  орын  берілген.  Онда  жинақы  тұратын  аз  ұлттар 
(ұйғырлар,  тибеттіктер,  чжуандар  т.б.)  ұлттық  аудандық  автономия  туралы 
1984 жылғы 31 мамырдағы заңға сəйкес автономиялы құрылымның үш түрін 
құрған: автономиялы аудан, автономиялы округ, автономиялы уезд. Автоно-
миялық  құрылымдарда  əдепкі  əкімшілік-аумақтық  құрылымдарда  болатын 
органдар қызмет етеді, сонымен қатар бұларға қосымша өкілеттіктер беріл-
ген.
Постсоветтік кеңістікте Ресейден басқа Молдовада, Əзірбайжанда, Грузия-
да, Тəжікстан мен Өзбекстанда автономияның түрлі формалары бар. 
Ұ-АА ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешудің, жағым-
ды үрдістерді ынталандырудың бірден-бір тəсілі болып саналмайды. Жеке-
леген елдерде бұл жікшілдікке ұласып, автономиялы құрылымдардың жаңа 
мемлекет  болып  бөлініп  шығуына  дейін  жеткізіп  отыр  (мыс.,  Испаниядан 
Каталония  мен  Баскілер  елінің,  Ұлыбританиядан  Солтүстік  Ирландия  мен 
Шотландияның жіктелуі, т.б.).
Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы  Конституциясының 2-бабы-
на  сəйкес, «Қазақстан  Республикасы – президенттік  басқару  нысанындағы 
біртұтас мемлекет». 1996 жылдың мамыр айында ҚР Президенті мақұлдаған 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру тұжы-
рымдамасында: «Біртұтас мемлекеттің сипаттарының бастысы – оның ішінде 
ұлттық-мемлекеттік жəне автономиялы құрылымдар болмайтындығы», - деп 
жазылған. 
Қазақстанда  ұлттық-мемлекеттік  жəне  автономды  құрылымдардың  бо-
луына жол бермеудің принципті маңызы бар. Біріншіден, тəуелсіздік алған-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау