119
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұлттық қауіпсіздіктің нысандары: тұлға, оның құқықтары мен еркіндік-
тері; қоғам, ондағы материалдық жəне рухани құндылықтар; мемлекет, оның
конституциялық құрылымы, егемендігі мен аумақтық тұтастығы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері: заңдылық,
тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің тең-
герілімін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұлғаның қоғам мен
мемлекеттің өзара жауапкершілігі, қауіпсіздіктің халықаралық жүйелерімен
ықпалдасу.
Ұлттық қауіпсіздіктің түрлері: қоғамдық, əскери, саяси, экономикалық,
ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік. Қазақстанда 2012 жылғы 6 қаңтар-
да №527-IV «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қа-
зақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қауіпсіздіктің принцип-
тері, қауіп-қатерлер, қызметтері, оны қамтамасыз ету жүйелері, мемлекеттік
органдардың өкілеттіктері т.б. көрсетілген (қар. Мемлекет, Қазақстан халқы
Ассамблеясы, ҚР Конституциясы).
ҰЛТТЫҚ-МƏДЕНИ АВТОНОМИЯ (ор. Автономия национально-куль-
турная, ағыл. Autonomy national and cultural) – ұлттың өз өмірін өзі ұйымдас-
тыру формасы, мұнда тұрмыс, дəстүр, мəдениет, тіл, білім т.б. мəселелерін
этнос өзі дербес əрі ұлттық-аумақтық бірліктер (автономиялық құрылымдар)
құрмай-ақ шешеді.
Өзін-өзі басқару жəне тіл ортақтығы негізінде этностық топ өз мектебін,
газетін, радиохабарларын, қоғамдық бірлестіктерін т.б. ұйымдастырады.
Финляндияда, Швецияда жəне Норвегияда саамдардың парламенттері бар,
сондай-ақ үш елдің – Норвегия, Швеция жəне Финляндия саамдарының
скандинавтық кеңесі жұмыс істейді. Түрлі аз ұлттардың кеңестері Австрия
мен Венгрия үкіметтерінің жанында да бар. Македонияда парламенттің жұ-
мыс органы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі кеңес болып табылады, оған
македондықтардан, албандықтардан, түріктерден, влахтардан, сығандардан
екі-екі өкілден кіреді. Кеңесті парламент төрағасы басқарады.
Кей жағдайда бытыраңқы аз этностар үшін парламенттерде өкілдік ету-
дің бекітілген нормалары белгіленуі, мемлекеттік басқа да органдардан алар
орындардың үлесі сақталуы, ал мұндай аудандарда жұмыс істейтін мемлекет-
тік қызметшілер жергілікті жұрттың тілін білуге міндетті.
Ұ-МА тұрпатын өзгертіп бірте-бірте ұлттық-аумақтық автономияға ай-
налатын немесе бірегей мемлекеттік құрылысты федеративтік құрылысқа
ауыстыратын (мысалы, Бельгия, Судан – бұл елде 2011 жылы жаңа тəуелсіз
Оңтүстік Судан мемлекеті бөлініп шықты) жайттар аз емес.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қатынастардың ұйымдастырылуы
Ұ-МА-мен жекелеген ұқсастықтары (мыс., аумақтық негіздің болмауы) бола
тұра одан едəуір өзгеше, ең алдымен, Қазақстанда этностың өз ішіндегі жəне
120
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
этносаралық қатынастардың институционалдық деңгейінің, бағытының,
жүйелілігі мен көлемділігінің жөні бөлек.
Қазақстандық қоғамды біріктіретін жəне шоғырландыратын, тұтастай
Қазақстанның көпэтносты халқының жалпысына ортақ құндылықтар мен
жекелеген əрбір этностық топтың өзіне тəн мəдени-тілдік мүдделері жөнін-
дегі жеке құндылықтар арасындағы айқын теңгерім табылып, белгіленген
жəне бұл барынша сақталады. Бұл жерде жалпы мен жеке ажырағысыз
байланыста жəне бірін-бірі өзара толықтырып, байытып отырады. Мемле-
кеттік саясатқа сондай-ақ этносаралық қатынастарды үйлестіру, қауіптер
мен қатерлерді залалсыздандыру жəне алдын алу шараларының кешені
кіреді. Бүкіл мемлекеттік аппараттың осынау тұрақты да алуан түрлі жұ-
мысы Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған қазіргі Кон-
ституциясына жəне заңнамалық актілеріне негізделіп, мемлекеттің басты
қызметіне айналған. Бұл осы тақырыпқа байланысты барлық ықтимал сая-
си пайдакүнемдік атаулыны болдырмайтын этносаралық қатынастарды
принципті түрде саясатсыздандыру. Бұл – 1995 жылы «төменнен көтеріл-
ген бастама бойынша» конституциялық мəртебесі бар бірегей арнаулы инс-
титут Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. ҚХА-дан ҚР Парламент
Мəжілісіне сайланған депутаттардың белсенділігінің, ҚХА құрамына өңір-
лік ассамблеяларды басқаратын əкімдерді, барлық салалық министрліктер
мен ведомстволардың басшыларын біріктірудің арқасында да мемлекеттік
жəне қоғамдық негіздердің жалпыұлттық үнқатысу алаңы тұрпатындағы
өзара əрекеттестігі нығайды.
Осы айтылған жəне басқа да факторлар жинақтала келе кез келген авто-
номияға тəн этностар мен этностық топтардың өз этнокеңістіктерінде эт-
номəдени жəне тілдік ерекшелену, өз ерекшеліктерін абсолюттеу сияқты
құбылыстардың көп жағдайда сепаратизм мен экстремизмге айналу үрдісіне
Қазақстанда жол бермеудің кепілі болып табылады.
ҰЛТТЫҚ МИФОЛОГИЯ (грек. rnythos – аңыз, əфсана, logos – ілім, ор. ми-
фология национальная, ағыл. ethnic mythology) – болмыстың бұрмаланған, жалған,
қияли бейнесі. Қазіргі саяси лексиконда этноұлттық аядағы көрінеу жалған пайым-
дау, тұжырым мен түсініктерді ақтауға арналған дəлелдер мен қағидалар жүйесі.
Бұл жерде мифологияның терминдік мағынасын əдеби формаға келіп тоғысатын
аңыздар, хикаялар, əфсана мен эпостардан айыра қарау керек.
Рəміздік мифтерге қарағанда, əрекетке шақыратын əлеуметтік мифтерді
əйтеуір миф деп сөзбе-сөз түсіну адамды тікелей шатастырады. Мифтің
күштілігі сонда, сезімдік түсініктердің сипаты мол болады, адамның жер-
гілікті түсініктерін саяси өмірге араластырады. Ұлттық мифология қасиетті
құпияны қолданып, асыл арманды іске асыратын ғажаптығымен тартымды
болады, сондықтан да мифологияның ұлттық мəдениетте тамыры тереңге
жайылған.
Достарыңызбен бөлісу: |