Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет55/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180

117
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нан бергі уақытта этностардың тіл, дəстүр, тұрмыс, білім мен мəдениет, БАҚ 
салаларындағы ерекше мүдделерін барынша қанағаттандыруға бағытталған 
саясат жүргізіліп келеді; екіншіден, ұлттық топтардың ұжымдық жəне жеке 
мүдделерін институционалдау ҚХА, өңірлік ассамблеялар мен ұлттық-мəде-
ни орталықтар арқылы жүзеге асырылып келеді; үшіншіден, Қазақстанның 
барлық этностық топтары өздерінің стратегиясы ретінде бірегей азаматтық 
социумға – ортақ тарихи тағдыр, ортақ құндылықтар, мақсаттар мен ныса-
налар  біріктірген  Қазақстан  халқына – бірігуді  таңдады;  ал  бұл  қоғамдық 
келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастырудың алғы-
шарты болды.
ҰЛТТЫҚ  БІРЛІК  (ор.  национальное  единство,  ағыл.  national unity) – 
этностық  қауымдастықтардың  ұлт  құрамындағы  тірлігінің  тұтастығын  біл-
діретін ұғым мен қарекет. Ұлттық бірлік табиғи, əлеуметтік, ішкі жəне сыртқы 
факторлармен шарттас, этностық субъектілердің экономика, техника, ғылым,
саясат, өнер, спорт, дін т.с.с. түрлі салаларда əрекеттес болуымен байланыс-
ты.  Дара  бір  адам  деңгейінен  қарағанда,  ұлттық  бірлікке  ұлттық  сезімдер, 
психология, адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен еңбек етуі себепші болады 
(қар. Этнос, Ұлт, ҚХА).
ҰЛТТЫҚ  ЖАНДАНУ  (ор.  национальное  возрождение,  ағыл.  national 
renaissance) – ұлттың жаңғыруы, оның қазіргі өмір реалиялары жүйесіндегі, 
жалпы  адамзаттық  өркениеттің  үдемелі  қозғалысындағы  жаңаруы.  Ұлттық 
жандану өткен тарихтың жай ғана жаңаруы емес; ескіге, шаруашылық пен 
мəдениеттің,  саяси  жəне  басқа  да  құрылымдардың  ескі  формаларына  жай 
ғана қайтып оралу емес; ұлттық жандану дегеніміз - өткен мен қазіргінің қо-
сылуының көп қырлы үдерісі. Бұл – тарихи даму үшін халықтың, оның ин-
ституттары мен құндылықтарының жасампаздық мүмкіндіктерін ашу үдерісі. 
Зиялылар, əсіресе ұлттық өзіндік сананың тасымалдаушысы ретіндегі гума-
нитарлық  арнадағы  зиялылар,  ұлттық  жандану  үдерісінде  айырықша  орын 
алады. Ұлттық жандану үдерісі кезінде мəдени орталық ретінде қалалардың 
рөлі артады. 
Қазір, бір жағынан, этностардың жақындасу үдерісі жүріп жатса, екінші 
жағынан,  ұлтының  ешкімге  ұқсамайтын  дербестігін,  ерекшелігін  саналап 
тану үдерісі жүріп жатыр, «этностық парадокстың» мəні де осында. Мұны 
белгілі бір шамада ғаламдастыруға қарсы əрекет ететін, қоғам өмірінің сырт-
қы айналасын жайлы ететін үрдіс деп түсінген жөн. 
Ұлттық  жəне  əлеуметтік  азаттық  үшін  күресіп  жатқан  қоғамның  саяси 
істері ұлттық жандануды мақсат тұтады. Бұл – ұлттарды бірыңғайлауды көз-
дейтін тоталитарлық саясатқа, яғни əкімшілік əдістермен «ұлттарды жақын-
дастыру» үрдісін жеделдету əрекеттеріне қарсы реакция (қар. Этнос, Этнос-
тық топ, Этноағарту мектептері).


118
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҰЛТТЫҚ  КЕЛІСІМ  (ор.  национальное  согласие,  ағыл.  national accord
– 1. Өзара түсіністікке, сыйластыққа, төзімділікке, жауапкершілікке негіздел-
ген қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыс қағидаты; 2. Қоғамда туындайтын 
тартысты  жағдайларды,  қарама-қайшылықтарды,  проблемаларды  реттеу. 3. 
Дауды шешу барысында қол жеткен белгілі бір нəтиже. 
Ұ.к.  Конституция  қағидаларының,  азаматтар  құқықтарының  теңдігін 
қамтамасыз  етудің  мүмкіндіктер  теңдігінің  негізінде  қалыптасады.  Қа-
зақстанда қоғамдық келісім қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыстың консти-
туциялық қағидаты ретінде бекітілген. 
Ұ.к. қол жеткізу үшін қоғамдағы түрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін, 
ұмтылыстарын, талаптарын түсінудің жалпы ыңғайларын қолданудың күр-
делі үдерісінен өтіп, өзара қанағаттандыратын нəтижеге жету қажет. Мем-
лекеттік  құрылымдардың,  түрлі  қоғамдық,  ұлттық,  саяси  ұйымдардың, 
қозғалыстардың  өкілдерінің,  бастамашылардың  қатысуымен,  түгелдей 
қоғам консенсусына сүйеніп Ұ.к. қол жеткізуге болады. Əлеуметтік, саяси, 
экономикалық, ұлттық жəне басқа да айырмашылықтар айқын көрінетін де-
мократиялық қоғамда, ашық типті қоғамда, Ұ.к. түрлі қоғамдар, қауымдас-
тықтар, сонымен қатар этностық топтардың да арасындағы қарым-қатынас-
ты  реттеуге  арналған  құрал  болып  табылады.  Ұ.к.  қоғамда  шиеленіскен 
қайшылықтардың  бүлдіргіш  (деструктивті),  күйреткіш  дауларға  ұласып 
кетуінің  алдын  алуды  қарастырады.  Кез  келген  əркелкі  жүйенің  табиғи 
факторы  болғандықтан  əлеуметтік  қақтығыстар  мүдделердің  тоғысуының 
жоқтығына  немесе  бұзылуына  байланысты  шығады.  Ұ.к.  осындай  əркел-
кіліктерді  үйлестірудің,  мүдделерді  ықпалдастырудың  əдісі  ретінде  əлеу-
меттік  тұрғыдан  түзету  қызметін  атқарады.  Ұ.к.  сындарлы  келіссөздер, 
үнқатысу арқылы қол жеткізуге болады. Ұ.к. ұлтаралық қатынастар тəжіри-
бесі  ретінде  де,  қоғамдық  сананың  қағидаты  ретінде  де  қарастырылады 
(қар. ҚХА, Этносаралық келіссөздер). 
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК (ор. национальная безопасность, ағыл. national 
Security) – елдің  еркіндігін,  тəуелсіздігін,  тұтастығын,  ұлттық  мүдделерін
қамтамасыз ететін жəне ішкі тұрақсыздық пен сыртқы шабуыл қаупін болдыр-
майтын,  адамның,  қоғамның  жəне  мемлекеттің  тірліктің  түрлі  салаларын-
дағы  өмірлік  маңызы  бар  мүдделерін  сыртқы  жəне  ішкі  қауіп-қатерлерден 
қорғауды, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін елдегі ішкі ахуал мен ха-
лықаралық жағдай. Тағы бір анықтама бойынша, бұл – қолда бар ресурстар 
мен мүмкіндіктерді ескеріп, саяси, экономикалық, əлеуметтік, соғыс, техно-
генді, экологиялық, ақпараттық жəне басқа да сипаттағы ішкі жəне сыртқы 
қауіп-қатерлерден адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамта-
масыз ету саласындағы мақсаттар мен мемлекеттік стратегия ретінде ресми 
түрде қабылданған пікірлердің жиынтығы. 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау