1 –еңбек қызметі
Оқытушылық: оқу
ақпаратын
таратады, өз
бетімен оқуға
үйретеді
6.2
Іскерлік пен дағдылар
өз бетімен білім алушылардың лингвистикалық қажеттілігі мен сұранымдарын ескере отырып
сабақтарды құрайды;
өз бетімен оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде АКТ қолданады;
арнайы саладағы білімі мен дидактикалық білімдерін кіріктіріп , тәлімгердің кеңесін не болмаса
дайын әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарды ескеріп дәстүрлі сабақ өткізеді;
тәлімгердің жетекшілігімен жасөсіпірім балаларға
мақсатты тілдерде ( қазақ (Т2), орыс(Т2),
ағылшын (Т3) ) коммуникация/байланыс жасау үшін бейімделу жағдайын жасайды (көптілді
бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер ) ;
әріптестерімен өзара әрекеттесе орта білім бойынша және ТжКБ оқытудың сабақтастығы мен
кірігу қағидаттарын е
сепке ала отырып сабақтарды жоспарлайды.
Білім:
арнайы саланы(оқу пәндері, білім саласы) кіріктірген мектеп дидактикасының дәстүрлі ережелері;
психология-педагогикалық ғылым саласындағы жаңа ;
оқытудың дәстүрлі технологиясын жіне оқытудың дидактикалық құралдарын, соның ішінде АКТ;
бастауыш мектеп шақтағы балалардың физиология мен психологиялық ерекшеліктері;
оқытудың дифференциялау және кіріктіру педагогикалық технологияны, дамыта оқытуды,
құзыреттілік тәсілдеменің ерекшеліктері;
тілдік құзыреттілікті дамытуды, білім алушылардың зерттеу дағдысын дамыту әдісвтерін;
білім алушылардың экологиялық, кәсіптік, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру әдістері мен қагидаттары;
оқу үдерісінің стратегиялары мен жаңа модельдерін жобалау үшін педагогикалық мақсаттарды
тұжырымдау әдістері;
мектеп, ортадан кейінгі және жоғары білімнің сабақтастығы мен кірігу механизмдері мен
қағидаттары;
заманауи тіл білімі мен лингвистика саласындағы ережелер мен теориялық тұжырымдамалар
(көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін );
тілдерді оқыту парадигмасы, тілдер мен мәдениетті оқыту (көптілді бағдарламалармен жұмыс
жасайтын оқытушылар үшін );
академиялық және кәсіптік мақсат үшін оқыту ортасында пайдаланатын әдіс пен тәсілдемені
(көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
2-еңбек қызметі
Тәрбиелік: білім
алушыларды
әлеуметтік
құндылықтар
жүйесіне тартады
Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;
білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;
жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ;
оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады;
тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады;
білім алушылардың мәдениеттік, тілдік қажеттілігі бойынша қолайлы білім ортасының дамуына
ықпал жасайды.
Білім:
мектептің педагогикасы;
педагогикалық психология;
жеткіншек жастағы балаларды тәрбиелеудің инновациялық технологиясы;
оқу пәндерінің(пәндік сала) тәрбиелік әлеуеті ;
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру
қағидаттары;
білім алушыларда оң өзін-өзі бағалау, тілдерді оқу уәждемесі, азаматтық бірдейлік пен
лингвистикалық толеранттілікті қалыптастыру тәсілдері.
3-еңбек қызметі
Әдістемелік: білім
үдерісін әдістемелік
қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен сыныпта оқытудың қолайлы ортасын құрастырады;
өз бетімен сабақтың белгіленген мақсатына, жас ерекшеліктеріне, қажеттілігіне сәйкес оқу
материалын әзірлейді;
өз бетімен білім алушыларды оқыту үшін ресурстар мен компьютерлік презентацияларды
дайындайды;
өз бетімен педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасайды;
тәлімгердің жетекшілігімен оқытудың стратегияларын , инновациялық әдістер мен формаларды
қолданады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе әдіс пен тәсілдемені анықтайды, білім алушылардың іскерлігі
мен дағдысын қалыптастырады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе сабақтың белгіленген мақсатына сәйкес оқу материалдарын
әзірлейді;
әріптестерімен өзара әрекеттесе пәндік-тілдік технологияның қолдануын есепке ала отырып оқу
үдерісін жоспарлайды (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
Білім:
қосымша білімді меңгеру деңгейін анықтау әдістері;
кәсіби дамудың жеке жоспарын жүзеге асыру әдістері ;
педагогикалық жағдаяттық міндеттерді құру әдістері мен қағидаттары;
оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу әдістері мен қағидаттары;
пәндік-тілдік оқытудың технологияларын есепке ала отырып оқу үдерісін ұйымдастыру
ерекшеліктері (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім
мазмұнын меңгеру
деңгейін
зерделейді, білім
ортасын зерттейді
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен оқытудың қиыншылықтары мен қажеттілігін анықтайды;
өз бетімен тәжірибені зерттеу мәнмәтінінде командалық кері байланыс әдісін қолданады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе білім ортасының зерттеуін жоспарлайды және өткізеді;
тәлімгердің жетекшілігімен білім тәжірибесіне мониторинг зерттеулер жоспарлайды және
өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |