Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83

21
Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге 
көшуге  болады  деп  сендірген,  себебі  төмендегі  деңгейде  ынта  анағұрлым  күшті  болады. 
Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды 
орындамай-ақ,  өз  ойын  іске  асыра  алады  дегенді  алға  тартады.  Соған  қарамастан  Маслоу 
деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік 
сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы 
керек.
2-деңгей:  Қауіпсіздікке  деген  қажеттілік  болашағы  болжанған  және  бірізділікке 
негізделген  өмір  болуын  көздейді.  Егер  де  олар  қанағаттандырылмаса,  адамдар  өз  әлемін 
қорғап,  жоғары  деңгейлі  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  бар  күшін  жұмсайды.  Ал 
қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.
3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды 
жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей:  Құрмет  көрсетілуін  қажетсіну  жігер-күшке,  жетістіктер  мен  шеберлік, 
құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені 
де жатқызуға болады.
5-деңгей: Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деп ойлайды. Өзін-
өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа сатылармен байланысты мақсаттар да басымдыққа 
ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтағаннан алатын рахат сезімі мен импульстарды бақылауды 
жатқызуға болады.
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-
қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік 
пен сезімді қамтиды деген идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген 
оқудың сипаттамасы төмендегідей:
•  «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де адамның жеке 
өзінің араласуын көздейді.
•  Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған 
күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
•  Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке 
тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
•  Оны  өз  қажеттіліктеріне  жауап  бере  ме,  қалаған  білімін  алуға  жетелей  ме,  өзі 
білмейтін  салаларды  анықтай  ма  деген  сияқты  аспектілерді  қарастыра  отырып 
оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
•  Оның  мәнi  –  мағынасында.  Мұндай  оқу  орын  алған  жағдайда  оқушы  үшін  оқудың 
мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
Қорытынды:  «Мен»  тұжырымдамасы  өмiрдiң  нақты  кезеңдерiнде  дауды  шешуге  және 
шынайы әлем жағдайында шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде 
қабылданады.  Сондай-ақ,  әлеуметтік  жағдайлар  мен  институционалдық  құралдар  аясында 
өткен және ағымдағы тәжірибесінің тұлғаға әсерінің салдарынан қалыптасқан әлеуметтік өнім 
ретінде қарастырылады.
Демек,  «мен»  тұжырымдамасы  бiздi  алға  жылжытатын  және  бiздiң  мiнез-құлықтарды 
бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке 
сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табы-
лады (6-сурет).


22
Біз нені 
 және 
білеміз
жасай аламыз
Өзіндік “Мен” тұжырымдамасы
төмендегілердің үйлесімінен тұрады
Біз өзімізді
үйренушілер
рөлінде
қалай
сезінеміз
Әлеуметтік
әрекеттестік
арқылы
оқыту
Эмоциялық
Танымдық
Әлеуметтік
6-сурет. «Мен» тұжырымдамасының компоненттері
Бiздің  өзімізді  бақылап,  бағалауымыз,  соның  нәтижесінде  өзіміз  жөнінде  қорытынды 
шығаруымызға байланысты «мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екi маңызды 
мотив бар, олар өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау.
Өзін-өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлерiне жата-
ды. Ол екi компоненттен тұрады – жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын 
және бағаланғанын анықтайтын құндылық компоненті және жеке тұлға өзін нақты рөлде қабiлеттi 
және құзырлымын деп санайтындығын анықтайтын тиiмдiлiк компоненті (Bandura, 2001).
Бандура  өзіндік  тиiмдiлiктi  қалыптастыруға  ықпал  ететiн  4  факторды  атап  көрсетеді 
(7-сурет):
1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
«Игеру тәжiрибесі» – жеке тұлғаның өзіндік тиiмдiлiгін анықтайтын ең маңызды фак-
тор. Қол жеткізілген жетiстiк өзіндік тиiмдiлiкті арттырады, ал сәтсiздiк оны төмендетедi.
«Балаларды бос мақтаумен және жалған мадақтаумен алдауға болмайды. Олар өзін 
сыйлаудың шынайы көріністерінің орнына, жасанды түрде көрсетілген қолдауды қабылдай 
беретіні – шындық. Бірақ мен адамның өзіне деген құрметінің өсуі деп атайтын құбылыс 
шын  мәнінде  орындалған  жұмыс,  яғни  қоғам  үшін  маңызы  бар  жетістік  мойындалған 
жағдайда ғана өз күшіне енетінін ескеру керек».
2. Модельдеу – «Жанама тәжiрибе»
«Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен 
салыстыру.  Қандай  да  бір  салада  табысқа  жеткен    біреуді  көрсе,  адамдардың  өзіндік 
тиімділігі  арта  түседі,  ал  керісінше  басқа  адамның  сәтсіздігін  көргенде  өзіндік  тиімділік 
деңгейі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетіндігін көрсе, бұл үдеріс 
нәтижелірек болмақ. Егер де ұқсас қабiлеттерге ие деп саналатын жолдасы қандай да бір 
жетістікке жетсе, бұл байқаушының өзіндік тиімділігін арттырады. Оның үстіне модельдеу 
тәжiрибе сияқты әсерлі болмаса да, адам өзіне сенімсіз болған жағдайда күшті ықпал етеді.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау