Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

5
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре ала-
тындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып 
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
•  жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
•  оқушылардың  білім-түсініктерін  жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында  олармен 
жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
•  кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен 
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді 
білуін қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар  «ұстаным»  ұғымын  адамның  іс-әрекетке  бейімділігімен  байланыстыра-
ды.  Социологтар  оны  жеке  тұлғаның  негізгі  құндылығы  ретінде  қарастырады.  Мұғалімнің 
ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім 
қабылдап,  сыныптағы  іс-әрекеттерді  түсіндіру  көзі  болып  табылады  (1-сурет).  Сондықтан 
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, 
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке 
тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде 
мұғалімнің  білімділігінен  гөрі,  ұстанымға  негізделген  ой-тоқтамдарының  ықпалы  күштірек 
деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-
әрекеттеріне  әсер  етеді.  Мұғалімнің  сыныптағы  іс-әрекеттеріне  әдістемелік  құралдар  неме-
се оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған 
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. 
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
1-сурет. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің  
және іс-әрекетінің негізі
Алайда,  тамыры  тереңге  кеткен  ұстанымдар  мұғалімнің  жаңашыл  идеяларды  қабылдау 
қабілетін  шектеуі  мүмкін.  Осыған  байланысты  егер  де  дайын  білім  беретін  «дәстүрлі» 
стильмен  оқытатын  мұғалімдер  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілеттері  дамыған  оқушыларды 
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, 
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. 


6
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс 
істейтінін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны 
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау 
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту 
үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе 
жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  «оқыту  тиімділігі»  ұғымына  қатысты 
қарастырылатын  екі  көзқарас  бар.  Біріншіден,  оқушының  жеке  тұлға  және  әлеуметтік  ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің  қызметін  бағалау  барысында  бағалаушы  белгілі  бір  факторлар  жиынтығын 
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Оқытудағы  сындарлы  тәсіл  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары  жайында  ойла-
нып,  тиісті  сұрақ  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу  кезеңінде 
өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, 
оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде 
пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама мұғалімнің алдына ең алдымен 
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы 
оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырып  мәнін  өз  бетінше  меңгеруін 
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске 
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бо-
лады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын 
ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) 
деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің көмекшілері
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту  мен  оқу,  сондай-ақ  жеке  тұлға  ретінде  оқушылар  туралы 
тұғырлы  теориялық  базаға  негізделген,  жеткілікті  білімнің  болуын 
талап  етеді.  Сондай-ақ  тәжірибені  түсіну,  дамыту/жетілдіру  үшін 
дәлелдер/зерттеулер  нәтижелерін  қалай  қолдану  керектігін  білуді 
көздейді.


7
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл  мамандық  техникалық  және  тәжірибелік  дағдыларды,  әртүрлі 
әдістер  мен  тәсілдерді  білуді,  яғни  білім  алу  жолдарын  көрсету, 
түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 
идеяларды  түсіндіре  білуді  талап  етеді.  Сонымен  қатар  мұғалім 
ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген сабақтар мен 
тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау 
әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім 
сабақ  үстінде  оқушылардың  оқуға  ынтасын  арттырып,  тиісті  және 
одан  да  жоғары  деңгейлерге  қол  жеткізуге  ұмтылатындай  қолайлы 
орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
Жүрек
Кәсіби-өнегелілік тұтастық
Мұғалімдер  ұстаз  мамандығының  этикалық  және  моральдық 
құндылықтарын  ұстанады.  Демек,  олар  шыншыл,  батыл,  төзімді, 
оқушыларға  аяушылық,  мейірім  және  құрмет  көрсете  білетін  әділ 
адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет 
екенін  түсініп,  осыған  қатысты  нақты  ұстанымдары  қалыптасқан 
жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері 
де бөліседі.
Табысты  оқыту  білім  алуға  мүмкіндік  беретін  нақты  жағдайларды  жасаумен  қатар, 
сол  жағдайлардың  өзімен  тығыз  байланысты.  Табысты  мұғалім  оқушыларға,  ортаға  және 
ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» оты-
рады.  Расында,  оқытудың  сапалы  және  табысты  болуы  белгілі  бір  деңгейде  мұғалімнің 
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. 
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің 
тәжірибе  талаптарына  сәйкестігін,  яғни  –  мұғалім  жұмысының  тиімділігін,  оқушылармен 
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға 
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді бол-
майды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан  гөрі,  көбірек  күш-жігерді  талап  ететін  сапалы  әрі  табысты  оқытуға  ерек-
ше  көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет  қажет болады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау