Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83

40
Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас 
үдерісінде,  яғни,  анағұрлым  қабілетті  оқушылармен  араласу  және  мәдениет,  қоршаған  ор-
тамен  өзара  қарым-қатынас  жасау  арқылы  оқушыларды  ересектерше  ойлау  әдісіне  үйрету 
кезінде  қалыптасатын  субъекті  ретінде  суреттейді.  Сонымен  қатар  Выготский  оқушылар 
өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың 
жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  ЖАДА  оқушы  дамытатын  дағды  мен  қабілеттер,  өз 
бетінше жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, 
оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл 
қолдау  қарым-қатынасты  қамтиды  және  де  Выготский  бұл  жағдайда  оны  оқытудың  негізгі 
құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің 
рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныпта-
стары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің  оқуда  сөз,  сөйлеу  негізгі  рөл  атқаратындығы  туралы  пікірі  тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, тал-
дау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкин-
сон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы 
диалог  атқаратын  негізгі  рөлге  назар  аударуды  мақсат  етеді.  Қазірдің  өзінде  сыныптағы 
оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. 
Олар:
•  оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
•  оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
•  оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;
•  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп  жағдайда  сыныптағы  талқылау  мұғалімнің  басқаруымен  тақырып  төңірегінде, 
оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында бола-
ды.  Көптеген  сыныптарда  оқушылардың  әңгімеге  қатысуға  құқықтары  шамалы.  Мәселен, 
мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтады-ау деп оқушылардан күтуге болмас. Зерт-
теу көрсетіп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақ қойып, оқушылардың жа-
уаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың 
ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
Александер (2004) оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, 
керісінше,  әңгіме  барысында  идеялар  екіжақты  бағытта  жүріп,  соның  негізінде  оқушының 
білім  алу  үдерісі  алға  жылжитын  белсенді  үдеріс  деп  тұжырымдайды.  Диалог  барысында 
оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін 
жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» 
барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру 
арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі бо-
лып табылады және әңгіменің үш түрі бар (3-кесте).
•  Әңгіме-дебат;
•  Кумулятивтік әңгіме;
•  Зерттеушілік әңгіме.


41
3-кесте. Оқуда қолданылатын әңгіме түрлері
Әңгіме-дебат барысында:
1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады 
және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2)  ресурстарды  біріктіруге  бағытталған 
аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», 
«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4)  Орта  бірлесуден  гөрі,  көбіне 
бәсекелестікке бағытталған. 
Кумулятивтік 
әңгіме 
барысында 
байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың 
әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
2)  әңгіме  білім  алмасу  мақсатында 
жүргізілгенімен,  оған  қатысушылардың 
өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды 
төзімділікпен тыңдайды;
3)  идея  қайталанады  және  жасалынады, 
бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. 
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме 
«көрінеді»; 
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге  келуі де, келмеуі де 
мүмкін, ең бастысы –  келісімге ұмтылу).
Көптеген  талқылаулар,  әдетте,  әртүрлі  әңгіме  түрлерінен  құралады.  Мерсердің  айтуын-
ша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің 
зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Зерттеушілік әңгіме
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі 
арасында  байланыс  бар  екені  анықталды.  Барнс  (1976)  пен  Мерсердің  (2000)  айтуынша, 
зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып 
табылатын  әңгіменің  түрі.  Зерттеушілік  әңгіме  барысында  оқушылар  өз  сыныптастарымен 
шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен 
түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға 
береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ой-
ланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжам-
дар  ұсынып,  талқылайды.  Талқылау  кезінде  олар  «мүмкін»,  «егер»,  «бәлкім»  деген  сияқты 
сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тара-
пынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай 
жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл 
әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың 
құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.
Сұрақ қою
Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) үлгісінде болаты-
ны анықталды. Мысалға: 
•  Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
•  Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
•  Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау