112
Елбасымыздың 2013жылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір мақсат»
атты Жолдауында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне заманауи
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін ұсыну міндеттерін жүзеге асыру, «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда, әсіресе
жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың, мектеп жанындағы
шағын орталықтар тәрбиешілеріне әдістемелік көмек беруде жаңашыл әдістемелерді енгізу
мен таратуда әдістемелік қолдау көрсету, шығармашылтұрғыда жұмыс жасайтын
педагогтердің жағымды педагогикалық тәжірбиесін айқындау, жалпылау және тарату
мақсатында облысымызда 5 инновациялық әдістемелік орталық ашылған.
«Инновациялық
қозғалыс» жобасының мақсаты:Инновациялық әдістемелік орталықтар құру арқылы
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына инновациялық технологияларды енгізу,
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, әдістемелік қолдау көрсету,
шығармашыл тұрғыда жұмыс жасайтын педагогтердің жағымды педагогикалық тәжірбиесін
айқындау, жалпылау және тарату.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда және іс-тәжірибе алмасу
мақсатында әдістемелік іс-шаралар өткізу және аймақтық әдістемелік орталықтар құру
болғандықтан,Панфилов ауданы, Нұркент қалашығындағы «Арай» балабақшасы базасында
аймақтық инновациялық әдістемелік орталық құрылды. Орталықтың мақсаты аймақтағы
Райымбек, Ұйғыр, Кербұлақ, Панфилов аудандарының мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісін жаңғырту,
педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын
инновациялық қызметке тарту, озық инновациялық тәжірибені жалпылау, тарату. Осы
міндеттерді жүзеге асыруда орталықтың жұмысы жоба түрінде жоспарланды.
Жобадан күтіліетін нәтиже:
- педагогтердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейі артады;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі жетіледі;
-жаңа
инновациялық
технологияларды
меңгерген,
жаңашыл
педагогтерді
қалыптастыруға бейімделген дамытушы
білім ортасы құрылады;
-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру үдерісінің мазмұны
жаңғырады.
Жобаның
1-кезеңінде 2016 жыл «Step by Step» технологиясын ұйымдастырылған оқу
қызметіне енгізуде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және іс-тәжірибе алмасу
мақсатында әдістемелік іс-шаралар өткізу.
2-кезеңінде 2017 жыл Озық инновациялық тәжірибені жалпылау, тарату (әдістемелік
құралдар шығару)
Жүйелілік, бірізділік, ғылымилылық қағидаларын басшылыққа ала отырып, жобаның
жоспарын құрып, жұмысымызды жүргіздік.Бүгінгі таңда, «Арай» балабақшасында еліміздің
болашағы болып табылатын бүлдіршіндерге сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытында,
мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапасын арттыру жолында балалар үшін қолайлы
білім ортасын құру мақсатында «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясын іс-тәжірибелеріне
енгізіп отыр.
Жобаның бірінші кезеңінде балабақшада «Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс
жасайтын «Құлыншақ», «Ақбота» және «Бәйтерек» үш ересек топтары бекітілді.Онда қызмет
жасайтын тәрбиешілер Қазақстан Республикасы «АСУ» ғылыми- әдістемелік оқыту
орталығының «Оқыту – тәрбиелеу процесін инновациялық технологиялар арқылы
ұйымдастыру» атты арнайы курста «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясы бойынша
толық білім алып, сертификатталды. Сондай ақ, жыл бойына тұрақты түрде топ жетекшісі
және әдіскер тарапынан «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясын қолдану бағытында
әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Балабақшамызда барлық топта белсенділік