102
қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру.[1]
Түрлері
Әдіс - тәсілдер
Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін
әртүрлі суреттер, түрлі- түсті карточкалар
«Бағдаршам» әдісі, «Күн сәулесі» әдісі, «Алма ағашы»
әдісі, «Көңіл күй шыршасы»
Бет әлпетті бейнелейтін карточкалар
«Күлегештер
бейнесі»,
«Басбармақ»,
«Оймақтар»,
«Автопортрет»
Көңіл-күйді бояу түстерімен анықтауға
болады
«Түрлі түсті стакан», «Көңіл күйлі жапырақтар», «Алты
қалпақ», «Түрлі түсті сулықтар»
Кері байланыстың түрлерін:
1. Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайдың рефлексиясы
2.Сабақтағы іс-әрекеттің рефлексиясы (іс-әрекеттің нәтижесіне талдау).
3. Оқу материалының мазмұнына рефлексия деп үш түрге бөлуге болады.Кері
байланысты ауызша және жазбаша түрде аламыз.
Қолдану кезеңі
Әдіс - тәсілдер
Үй тапсырмасын тексеру кезінде
«Табыс баспалдағы», «Табыс ағашы», «Вагондар»,
«Белгілер»,
«Автопортрет»,
«Айнымалы
бекет»,
«Шынайылық», «ия», «Қасиеттер аллеясы», «Ашық
жәрмеңке»
Материалды бекіту кезінде
Жоба қорғау кезінде
Қолдану кезеңі
Әдіс - тәсілдер
Сабақты қорытындылау
«Тегов» бұлттары стратегиясы, «Графикалық карта»,
«Сауалнама», «3К», «+,-, қызықты», «БББ» кестесі,
Рефлексиялық экран, «Кубик» әдісі, «Асық» әдісі, «ҚҰС
(қостым, ұсыныс, сұрақ)», «Кеше, бүгін, ертең»
Бағалау
Кері байланыс
Жазбаша кері байланысқа қарағанда ауызша кері байланыс арқылы көп жетістікке
жетеміз. Ауызша кері байланыс арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады. Уақытты ұтымды
пайдалану үшін осы түрін қолданған абзал. Кері байланысты қолданғанда мынандай
жәйттерді есте ұстаған дұрыс:
- Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті
екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз
олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері
байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек.
Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы
тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың қисыны жоқ шығар. Оны
басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш міндетті емес екендігін естен шығармаған
абзал.
Мүмкін кері байланыстың ең құнды жағы бізге ұнамайтын бөлігі болатын шығар:
айтылған сын мен ескертпелер, айқындалған кемшіліктеріміз бен қателеріміз. Алайда мен
сіздерге кері байланыс бергенде тым қатал сыншы болмауды ұсынамын. Сондықтан да
кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы,
мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз,
ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай
өзгертулер енгізсе, не болар еді?»
Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді
түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның
мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі
бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы
керектігін көрсету.
Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп
жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен
103
оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап
немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.
Оқыту мен оқуды кері байланыс арқылы оқушы жетістігін бақылау құралы ретінде
кері байланыс жасау арқылы мұғалім рефлексиялау дағдысы қатар дамып жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана. 2013 жыл
2. Мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларын қалыптастыру жолдары: Астана 2015
3. Кері байланыс. Көрінетін оқу.
Математика сабақтарында оқушыларды
шығармашылыққа тәрбиелеу
Султанова Ж. М.
Жаңақала ауданы, «Д.Нұрпейісова»
атындағы ЖОББМ, математика пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
«Шеберліктің белгісі - әртүрлі әдісті біліп, сабақта қолдана білу» А.Байтұрсынұлы.
Елімізде білім саласында айтарлықтай өзгерістер болды. Соның бірі - Қазақстан
Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Кембридж
университетінің халықаралық бағдарламасы бойынша оқытуы деп есептеймін. Оқытуда
оқушынының жеке тұлға ретіндегі келешегі, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас
нәтижесі көзделеді. Кембридж университетінің сарапшылары ұстаздарға білім беру
үдерісінің тиімділігін жақсарту және сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін тұлғаның өз
ойын еркін жеткізе алу қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын арттыру, сабақта ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды жүйелі қолдану, оқытуды жеке тұлғаға бағыттаудың
тәсілдерін, балалардың өздігінен білім алуы мен дамуын дәлелдейтін бағалау жүйесін
кеңінен жүргізу қажеттігін ұсынған. Бұл курс енгізіліп жатқан жаңартылған бағдарлама үшін
маңызды қадам боп табылды. Бұл курсты оқыған мұғалімнің тәжірибесі жаңартылған
бағдарламамен жұмыстануға жетерлік.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамытып, шығармашылыққа тәрбиелеу үшін кәсіби білімі жоғары жаңа заман ағымына сай
жұмыстанатын шығармашыл ұстаз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Біз қазір «білім-ғылым-
инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып
барамыз»,-деген екен. [3]
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген
ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өтуіне әкелді.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз
білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,
қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағы үшін мұғалім кәсіби, шығармашылық, мәдени
деңгейін арттырумен, оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді іскерлікпен ұштастыруға тиіс.
Әрбір педагог әдістемелік қызметінің бүгіні мен болашағына жұмыстануы қажет. Сабақ беру
әдістерімен қатар, қосымша зерттеушілік жұмыстарымен айналысуы керек.
Мен ғылыми зерттеу жобамның тақырыбын«Математика сабақтарында сыни ойлауды
дамыту жолдары» деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сыни ойлауын туғызу арқылы
өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге
Достарыңызбен бөлісу: |