232
Аталған, әдістемелік ұсынымдағы өлшемшарттарға сәйкес келу үшін мектеп
басшылары тынбай сапалы, нәтижелі қызмет етулеріне әдістемелік сүйемелдеу бойынша
барынша ықпал етуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына еркін қадам басқан егемен
еліміздің білім беру саласындағы әдістемелік қызметтерінің міндеттері мен перспективасы
айқын.
Қазақстанды әлемге паш ететін – ғылымы мен сапалы білімі - деп Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев тілге тиек еткендей білім беру ұйымдарындағы сапалы білім беруді
дамытуда табысты мектептердің қатарын көбейту, инновацияға жаңа қадам басу – басты
міндет десек, болашаққа бағдарланған осы саясат аясында жүзеге асырылып жатқан
қызметтің орындалуына барынша үлес қосу – әдістемелік қызметтің басты міндеті деп
білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Білім туралы» ҚР 2007 жылдың 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы;
2. 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі №243 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы;
3. Білім беру ұйымының әдіскері №7 (7)-2015ж.
4. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 8(72) 2016ж.
Кәсіби құзіреттілікті дамытудағы шығармашылық
топтардың үлесі
Бейсекеева Ф.М.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы
«Абылай хан атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
директордың ғылыми әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде еліміздің зияткерлік, дене бітімі
және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық
игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуды мақсат етеді. Бұл мақсаттарды
жүзеге асыру үшін ақпараттық қоғамдағы өмір сүру жағдайы мен уақыт талабына сәйкес
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағдарланған жаңа білім беру жүйесі құрылуда.
Дүниедегі ең абзал нәрсе –адам баласының тәуелсіздігі мен еркіндігі десек, еркін елдің
ертеңі –кемел білім мен кенен ғылымда.
Біздің мемлекетіміз үшін ХХІ ғасыр –дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры, білім
бәсекесі ғасыры. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «ХХІ ғасырда
білімін жетілдіре алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқаруларсыз біз инновациялық
экономика құра алмаймыз» -деп атап көрсеткені баршамызға аян. Мұның өзі білім беру мен
мектепті басқаруда жаңаша педагогикалық құндылықтар көзқарасы тұрғысынан келуді талап
етеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Халқымыздың заңғар жазушы М.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін- білім» деген пікірі үлкен көрегендік пен даналықтың белгісі. Бүгінгі
таңда білім