234
тоғыстыра білетін тұлға болуы қажет. «Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп,
өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі табан аумай шектеліп қалуға
болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын
өнер...»,- дейді Ж. Аймауытов. Мұғалімдерге аса күрделі жауапкершілік өте жоғары міндет
жүктеліп отыр. Ал мұғалім құзіреттілігін қалыптастырып шеберлігін шыңдайтын орта-
мектептің ғылыми әдістемелік орталығы.
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік,
мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін
қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару,
мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен
нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді
әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін
жандандырып, терең,
берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Мектебімізде алты әдістемелік пән бірлестігі мектеп жұмысын жандандыруда бірлесе
еңбек етуде. Олар: «Асыл қазына» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, «Болащақ» ағылшын, орыс
тілі, «Шамшырақ» бастауыш
сыныптар, «Жаратылыстану» география, биология, өзін өзі
тану, «Эврика» математика, физика, информатика және «Әсем өнер» дене шынықтыру,
технология, бейнелеу өнері пән бірлестіктері. Шығармашылық топтар саны үшеу. Олар:
«Зерде» , «Шеберлер», «Қайнар». Мектебіміз аудан көлемінде озат тәжірибені тарату
бойынша тірек мектебі есебінде. Көп жылғы тәжірибесі бар, шығармашыл мұғалімдердің
бастамасымен «Қайнар» озат тәжірибені насихаттау мектебі жұмыс атқарады. Жалпы
алғанда, кез келген жұмыста белгілі бір жетістіктерге жету үшін оның өзіндік ұстанымдарын
сақтау қажет. Бұл жұмысты ғылыми негізде жүргізудің маңызды шарттарының бірі болып
табылады. «Қайнар» озат тәжірибе мектебінің негізгі мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігін дамыту, сабақта және сабақтан тыс уақытында оқушылардың негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыру жұмыстарын жүйелеу талабы, ұстаздардың кәсіптік
шеберлігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізу, озық жұмыстарды тарату.
Талаптары:
-әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, мұғалімдер мамандығын көтеру жүйесінің
қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы,
-әдістемелік жұмыстың жүйелілігі, жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен
жұмыс әдісінің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші ретінде қаралуы.
- әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы
үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Мұғалімдердің бастамасымен құрылған шығармашылық мектептерінің негізгі
қызметі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, озық жұмыстарды насихаттау.
Насихаттак көздері:
Шебер сыныптар,
Дөңгелек үстелдер,
Мектепішілік
семинарлар,
Аудандық іс-шараларға қатысу,
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар,
Онлайн режиміндегі семинарлар,
Коучингтер,
Іскерлік ойындар.
Аталған іс шаралардың нәтижесі озат тәжірибе мектебінен шыңдалып шыққан қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Базарбаевамен, биология пәні мұғалімі А.Ыдырысбаеваның
жұмыстары 2012 жылы республикалық ІІ халықаралық «Орта білім берудің мазмұны:
дәстүрлері мен өзгерістері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясына
қатысып, өзекті баяндамалары мақалалар жинағына, 2012 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ
филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру