ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
34
ұйымдастырылуы керек. Суды алмастан бұрын жапқыштар жабылуы, сондай-ақ құбырға
барлық жалғанған жалғаулар және аэрационды клапандар ажыратылуы керек. Суды сорып
алатын келте құбыр арқылы алу сорғылармен немесе құбырдың басқа ұшына орнатылған
келте құбыр арқылы ауаны айдау кезінде өздігінен төгілудің есебінен жүргізіледі. Құбырға
ауаны жіберу орнатылған сүзгіш- сіңіргіштер арқылы ғана жүргізілуі керек. Оның есептік
параметрлері мен жүктеу материалын анықтаған кезде таза судың сұйыққоймаларына
арналған сүзгіш- сіңіргіштердің типтік жобаларының сериясында мазмұндалған деректерді
пайдаланған дұрыс.
8.4.12 Үйлердің жертөле жайларында қол жетімді жерде тасымалданатын ыдысты
толтыруға арналған шүмектер болуы қажет.
8.4.13 Сумен жабдықтау жүйесінің әр түрлі көздерінен (жер асты су көздері, соның
ішінде арна астындағы су және жер асты суларын жасанды толтыру, көлдер, өзендер және
т.б.) қоректенетін суды беру мен бөлудің жүйелерінде қандай да бір көзден сапасыз судың
жалпы жүйеге түсуін оқшаулауға мүмкіндік беретін, сонымен бірге су алу жұмысында
қалған судың шектеулі мөлшерін барлық тұтынушылардың арасында теңдей бөлуді
қамтамасыз ететін тығынды-реттегіш құрылғылар алдын ала ескерілуі керек.
8.4.14 Барлық құрылғылар, құдықтар және өрт сөндіру гидранттары көшелердің
осьтеріне, үйлердің іргетастарына және басқа да бұзылмайтын объектілерге «байлануы»
керек. Құдықтарда олардың қабырғаларында немесе қақпағының ішкі жағында
құдықтардың, жапқыштардың және басқа да арматураның нөмірі көрсетілуі керек.
8.4.15 Сорғы станцияларының, сукернеуіш мұнаралардың, сұйыққоймалардың
тығынды құрылғылары бар айналма желілері болуы керек. Жылына екі рет тығынды-
реттегіш арматураның жұмыс қабілеті тексеріліп, оған ағымдағы бақылау және жөндеу
жүргізілуі керек.
8.4.16 СЖ жүйелерінің су тапшы болған кезде оның тұтынылуын шектеу үшін судың
шығынын қашықтан реттейтін құралдары болуы керек.
8.4.17 Жыл сайын СББЖ-да кесте бойынша құбырлардың жай-күйін бақылау, мүк
басу мен шөгінділердің қарқындылығына байланысты жуып-шаю (гидропневматикалық
немесе гидромеханикалық тазарту) жүргізіледі.
8.4.18 Ішетін суда химиялық, бактериалық, радиоактивті және басқа да ластанулар
анықталған жағдайда, су құбырының желісінің теліміне, сұйыққоймаға немесе кез келген
басқа сумен жабдықтау жүйесінің құрылғысына бекіткіш арматураның көмегімен тосқауыл
қойылады, одан кейін олар жуып-шайылып және залалсыздандырылады.
8.4.19 Таза сумен жуып-шаю СЖ жүйелерінде ықтимал төтенше жағдайлардың алдын
алу және болдырмаудың ең қарапайым және әсерлі әдісі болып табылады.
8.4.20 Созылыңқы және тұйықталған су ағызғыларда, сондай-ақ үлкен ыдысты
сұйыққоймаларда ішетін судың қайтадан ластануына жол бермеу үшін суды су
ағызғысының бойымен кезең-кезеңмен хлорлауды қолданған дұрыс.
8.4.21 Су құбырының желісінің бүлінген телімдерін тез ажырату үшін құдықтары
белгіленген және ажырататын құрылғылар нөмірленген сумен жабдықтаудың
сызбанұсқасы жасалады. Құдықтар көмілмейтін бағдарларға бекітіледі.
8.4.22 Люктердің қақпақтарына ішкі жағынан және құдықтардың қабырғаларына да
ажыратылатын құрылғылардың нөмірлері жазылады. Ажыратылатын құрылғылар
жарамды қалпында ұсталып және жылына 1-2 реттен кем болмайтындай сынақтан өткізіліп
отырылуы керек.
8.4.23 СЖ және СБ жүйелеріне қызмет көрсететін әрбір кәсіпорында жалпы, және
жеке, су құбырының және канализациялық станцияларда апаттық шаралар мен апатты
жұмыс тәртібінің жоспарлары
жасалуы керек, оларда:
- қандай да бір бүліну кезінде қандай агрегаттер мен құрылыстар қандай реттілікпен
ажыратылуы
керектігі;
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
35
- қандай да бір бұзылулардың су құбырының станциясының жұмысына әсері;
- қаланың бүлінген орамдарында желінің телімдерін ажыратудың тәртібі;
- су құбырының жер асты көздерінен ғана суды алуға ауысуының және резервтегі
ұңғымаларды
қосудың сызбанұсқасы;
- суды желіге берген кезде таза судың сұйыққоймаларынан ғана сумен
жабдықтаудың сызбанұсқасы;
- қаланың аудандары және бірінші кезекте сумен жабдықталуға жататын объектілер;
- су құбырының құрылыстары жартылай бұзылған кездегі АҚ әр түрлі жедел
жағдайлардағы сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысының тәртібі;
- су көздері РЗ, УЗ және БҚ, ӘКУЗ әсері күшті улы заттарымен ластанған кездегі
суды тазарату құрылғыларының жұмысының тәртібі;
- суды тазарату станциясының құрылыстары мен аумағына залалсыздандыруды,
қатерсіздендіруді жүргізудің тәртібі;
- ЖЖҚ қолданған жағдайлардағы және радиациялық және химиялық қауіпті
объектілер апатқа ұшыраған кездегі станцияның жұмысынан кейін сумен жабдықтау
жүйесін қалыпты тәртіптер бойынша пайдалануға енгізудің тәртібі көрсетіледі.
8.4.24
Сумен
жабдықтау
жүйелерінде
ауылдық
елді
мекендерді
орталықтандырылған немесе жекелей сумен жабдықтау кезінде оларды қалалардың сумен
жабдықтау жүйелеріндегі сияқты РЗ, УЗ және БҚ-дан қорғау жөніндегі шаралар
жүргізіледі.
8.4.25 Тұрғын халыққа және олардың тіршілігін қамтамасыз етуге қауіп төндіретін
апатты және апат орын алуы мүмкін барлық сумен жабдықтау жүйелерінде тәулік бойғы
диспетчерлік орындар, кезекші апаттық-қалпына келтіру командалары және арнайы
техника болуы керек.
8.4.26 Су көздерінің ластануына немесе сумен жабдықтау жүйелерінің істен
шығуына байланысты орын алған ауызсу тапшылығы кезінде тұрғын халықты әр түрлі
суды тұтыну қажеттіліктеріне қамтамасыз етудің ең төменгі физиологиялық-гигиеналық
нормалары және сумен қамтамасыз етудің тәртіптері 16
кестеде келтірілген, 3 қосымша.
8.4.27 ПТЖ-да шаруашылық-ауызсумен жабдықтау жүйесінің жұмысы кезінде, суды
ластанған көзден арнайы тазартудың тәртіптері бойынша жұмыс істеп жатқан
құрылғыларға түсетін жүктемені азайту үшін, атқарушы органдармен келісілген шектерде
жекелеген өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарды сумен жабдықтаудың көлемін
қысқартуға рұқсат беріледі.
8.5 Су бұру жүйелері
8.5.1 Су бұру жүйелерін пайдаланатын әрбір ұйымда байланыс құралдарымен және
барлық су бұру объектілерін басқаратын, су бұру жүйелерінің жай-күйін көрсететін
құралдармен жабдықталған, барлық магистралдық коллекторлар, суды бұратын желі,
канализациялық сорғы станциялары, канализациялық тазарту құрылғылары,
суды бұратын
арналар, жинағыштар және басқа да құрылғылар көрсетілген суды бұрудың сызбанұсқасы
бар тәулік бойғы Орталық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылуы керек. Сызбанұсқаларға
канализациялық құдықтар, орналасу тереңдігімен, желінің еңістігі, КСС желілеріндегі
жапқыштар және басқа да қажетті ақпарат түсірілуі керек.
8.5.2 Сызбанұсқаға түсіндірмеде диспетчерлерге және желінің қызметтеріне әр түрлі
төтенше жағдайлардағы суды бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі олардың әрекетінің
тәртібі туралы нақтылы нұсқаулар мазмұндалуы керек.
Суды бұру жүйелерінің барлық элементтері олардың орнықтылығын және жоғары
санитарлық және гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесі талаптарға сәйкес келуі
керек: