Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет27/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
52 
10.4. Суды арнайы тазартудың тәртібін енгізуді ұйымдастыру және көздер 
ластанған кездегі сумен жабдықтау жүйесінің жұмысының тәртібі  
 
10.4.1 СЖ жүйесінің су жинайтын ауданында үстіңгі қабаттағы су көзінде 
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттектер мен микроорганизмдер анықталған 
кезде 1-ші көтеру деңгейіндегі сорғы станциялары САТТ-қа ауысқан сәтке дейін 
тоқтатылуы керек. 
10.4.2 Су көзіндегі қалыптасқан жағдайды және жергілікті жағдайларды есепке ала 
отырып талаптардың негізінде САТТ және жалпы СЖ жүйесінің жұмыс тәртібі 
белгіленеді. Арнайы тәртіп және  жұмыстың тәртібі АҚ және ТЖ сәйкесінше аумақтық 
органдарымен, халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы 
саласындағы уәкілетті органдармен келісілуі және жергілікті атқарушы органдарымен 
бекітілуі керек. 
10.4.3 САТТ объектінің АҚ және ТЖ бастығының – СЖ және СБ кәсіпорнының 
басшысының нұсқауымен АҚ және ТЖ аумақтық органдарының, халықтың мемлекеттік 
санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы уәкілетті органдардың келісімі 
бойынша енгізіледі және жергілікті атқарушы органдарымен бекітіледі. 
10.4.4 САТТ бойынша өңделген, тазартылған суды халыққа беруге, объектінің АҚ 
және ТЖ бастығы тазартылған судың сапасын зертханалық бақылаудың нәтижелерінің 
негізінде жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша жазбаша түрде рұқсат 
береді. 
10.4.5 Түсініксіз (даулы) жағдайларда санитарлық сараптама жүргізіліп және судың 
шаруашылық-ауызсу мақсаттарында пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды 
берілуі керек. Арнайы тәртіп бойынша тазартылған суға санитарлық сараптаманы 
халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы уәкілетті 
орган жүзеге асыры керек. 
10.4.6 Егер бас су тазарту құрылғылары (БТҚ) АҚЗ ластанған суды тазартуға 
шамасы келмесе, онда олар жұмыстан ажыратылуы немесе аз өнімділікпен жұмыс істеуі 
керек. Бас құрылғылардың өнімділігі азайған немесе олар жұмыстан ажыратылған 
жағдайда суды тұтынушыларға суды беруді шектеу жөніндегі шаралар күшіне енуі керек. 
Суды беруді шектеудің тәртібі жергілікті атқару органдарымен келісілуі және 
тұтынушыларға хабарлануы керек. 
10.4.7 Суды АҚЗ-дан талап етілетін шектерге дейін тазартудың мүмкін болмауы 
себепті БТҚ-ны жалпы СЖ жүйесінен ажыратқан кезде СЖ және СБ кәсіпорнының 
басшысы жергілікті атқару органдарымен келісілген халықты басқа (ластанбаған) сумен 
жабдықтау көздерінен (ұңғымалар, АСС және т.б.) жылжымалы ыдыста жеткізу арқылы 
ең төменгі нормалар бойынша қамтамасыз ету туралы шешімді қабылдауы керек.  
10.4.8 Су көзінің ластану деңгейі СЖ көздерінің ШЖШ дейін төмендегеннен кейін 
СЖ барлық жүйесіне өңдеу жүргізіліп және құрылғылар мен жабдықтың АҚЗ-мен 
ластануының салдарлары жойылуы керек. 
10.4.9 Радиоактивтік тұнбаларды және өңделген түйіршікті сорбенттерді сүзгіш 
құрылғылардан әкетудің және тасымалдаудың тәсілі және оларды көметін орындар 
жергілікті атқару органдарының және халықтың мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық амандығы саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша 
анықталуы керек. 
10.4.10 СТҚ және барлық СЖ жүйесін суды арнайы тазартудың тәртібінен бейбіт 
уақыттағы штаттық тәртіп бойынша жұмысқа ауыстыру объектінің АҚ және ТЖ 
бастығының – СЖ және СБ кәсіпорнының басшысының, жергілікті атқару органдарымен 
және халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы 
уәкілетті органмен келісілген бұйрығы бойынша жүзеге асады. 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
53 
11 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі төтенше жағдайлардың 
салдарларын жою 
 
11.1 Сумен жабдықтау жүйелеріндегі ластануларды жою 
 
11.1.1 СЖ жүйесін пайдаланудың штаттық тәртібіне ауыстыру туралы өкімді 
алғаннан кейін судың қайта ластануына жол бермеу және жұмысшылардың еңбек 
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мақсаттарында сумен жабдықтау жүйелерінің құрамына 
енетін барлық құрылғылар мен жабдықтарды және бірінші кезекте су құбырының 
тазартушы құрылғыларында ішкі және сыртқы бетерді өңдеу жүзеге асырылуы керек. 
11.1.2 Жерді, ғимараттарды және құрылғыларды газдан арылту және 
залалсыздандыру үшін негізінен ерітінділерді немесе құрғақ газдан арылтатын және 
залалсыздандыратын заттектерді пайдалана отырып химиялық тәсілдерді, ал 
қатерсіздендіру үшін — механикалық тәсілдерді: жуып кетіруді, сыпыруды, топырақтың 
ластанған қабатын алуды қолданады. 
11.1.3 Өңдеу үшін сілтілі заттектерді (әк, сода, аммиактың сулы ерітіндісі, күйдіргіш 
натр), залалсыздандырушы заттектерді (хлорлы әк, бейтарап натрий гипохлориті, 
хлорамин, сұйық хлор) және жуатын заттар (ОП-7, ОП-10, сульфанолдың 
тринатрийфосфатпен қоспасы) пайдаланады. Су көзінің жүйелі түрде екі еселік ықтимал 
ластануын есепке ала отырып қатерсіздендіруші, газдан арылтатын және 
залалсыздандырушы заттектердің қоры болуы, сақталуы және мерзімді түрде 
ауыстырылып отырылуы керек. 
11.1.4 Бұдан кейін барлық құрылғылар мен жабдықтардың ішкі және сыртқы беттері 
брандспойттан су ағынымен мұқият жуып-шайылуы керек.  
11.1.5 Барлық көрсетілген жұмыстар аяқталғаннан кейін 1-ші көтеру деңгейіндегі 
сорғы станциясының агрегаттары қосылуы, барлық құрылғылар толтырылуы, реагенттік 
шаруашылық жұмысқа қосылуы, суға реагенттердің оңтайлы мөлшерлері енгізіліп және 
СТҚ суды екі мәрте ауыстыруды жүзеге асыру керек. Бұл орайда сүзгіш құрылғылар 
қалыпты схема бойынша екі рет жуылуы керек. 
11.1.6 Құрылғылардың құрамына, түріне және өнімділігіне байланысты СТҚ-ғы екі 
мәрте ауыстыру 8 - 12 сағаттың ішінде жүргізілуі керек. 
11.1.7 Судың сынамаларына адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті 
заттектердің және микроорганизмдердің болуына талдау бойынша судың сапасына 
қойылатын талаптарды қанағаттандыратын нәтижелерді алған кезде, объектінің АҚ және 
ТЖ бастығының рұқсатымен және жергілікті атқару органдарымен, АҚ және ТЖ 
сәйкесінше аумақтық органдарымен, халықтың мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық амандығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су 
құбырының тазартатын құрылғылары штаттық пайдалануға қосылады.  
11.1.8 Суды беру мен бөлудің бүкіл жүйесін жұмысқа қосқан кезеңдегі хлодың 
мөлшері желідегі қалдық хлорды есепке ала отырып, бірақ 5 мг/л-ден кем болмайтындай, 
белгіленуі керек. Суды тазартудың штаттық тәртібіне ауысқан кезде бір аптаның ішінде 
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттектердің және микроорганизмдердің 
болуына мерзімді бақылау жүргізілуі керек. 
 
11.2 Бүлінулерді жою және ТЖ кезінде сумен жабдықтау жүйелерінде апаттық-
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің тәртібі 
 
11.2.1 Сумен жабдықтау кәсіпорындарындағы апаттық-қалпына келтіру 
жұмыстарының құрамын және көлемін анықтау үшін кәсіпорынның желілері мен 
құрылғыларының олардың бүлінгеннен кейінгі жай-күйін алдын ала бағалау қажет.  


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау