Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет21/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
38 
-  апатты  ауыстырып  қосудың  жасалған  сызбанұсқалары  бойынша  пайдалану 
қызметкерлерімен бірге техникалық жаттығуды өткізуге; 
- материалдардың, жабдықтың, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектердің қажетті 
нормативтік апаттық қорларын қоймаларда және бөлімшелерде сақтауды қамтамасыз етуге 
міндеттті. 
8.6.7  Апатты  жоюдың  уақыты  -  су  құбырының  және  канализациялық  желілердегі 
апаттық-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізілуі тиісті мерзім. 
Сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларындағы апатты жоюдың есептік уақыты ҚР 
СНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер және құрылғылар» талаптарына 
сәйкес  анықталады. 
8.6.8 СЖ және СБ ұйымы апатты жағдайды бір тәуліктің ішінде жоюға міндетті, ал 
жекелеген  жағдайларда  (жағдайдың  күрделі  болуына  байланысты)  жоюдың  мерзімі  48 
сағатқа дейін ұзартылады. Апатты жойғаннан кейін бұзылған аумақты көміп және объектіні 
шарттық негізде мамандандырылған ұйымға асфальттауға тапсыру қажет. 
Құбырдың телімі бұзылған және оны жою қажет болған жағдайда, апатты жоюдың 
мерзімі құрылыстың нормативтік мерзіміне тең етіп белгіленеді. 
8.6.9  Апаттар  және  СЖ  және  СБ  кәсіпорындарының  жұмысындағы  бұзылулар 
жауапкершіліктің түрлері бойынша жүйеленеді: 
- қызметкерлердің (оперативтік, жөндеу, зертханалық, инженерлік-техникалық және 
басшылық) кінәсінен; 
- құрылыс-құрастыру ұйымдарының кінәсінен; 
- жабдықты, материалдарды, құрылғыларды жеткізушінің кінәсінен; 
- абоненттердің немесе басқа тұлғалардың және ұйымдардың кінәсінен; 
- энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кінәсінен; 
- табиғи құбылыстардың салдарынан. 
8.6.10  СЖ  және  СБ  кәсіпорындарының  жалпы  немесе  оның  жекелеген  құрамдас 
бөліктерінің  жұмыс  тәртібінің,  кәсіпорынның  қызметкерлері  уақытында  бетін  қайтара 
алмайтын,  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  жағдайлардың  салдарынан  орын  алатын, 
бұзылулар табиғи құбылыстардың салдарынан болған апаттарға жатады. 
8.6.11  Жабдықты,  құрылғыларды  немесе  желілерді  бөтен  тұлғалардың  қасақана 
бүлдіруі, сондай-ақ су көздерін ластауы басқа себептерге байланысты орын алған апаттарға 
және жұмыстың бұзылуына жатады. 
 
8.7 Апаттық қызметті ұйымдастыру 
 
8.7.1 Желіге және құрылғыларға апаттық жөндеу жөніндегі жұмыстарды СЖ және СБ 
кәсіпорынының  апаттық-жөндеу  бригадалары  немесе  пайдалану  қызметкерлері  тәулік 
бойғы кезекшілікпен орындайды. 
8.7.2  Әрбір  апаттық  бригада  жұмыстардың  жауапты  жүргізушісі  болып  табылатын  
бригадирді немесе аға слесарьды қоса алғанда, кем дегенде 3 адамнан тұруы керек. 
8.7.3 Апаттық бригадалар кезекші диспетчерге, жөндеу-пайдалану телімінің ауысым 
инженеріне жедел тәртіпте бағынады және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді. 
8.7.4 Апат орын алған жағдайда диспетчерлік қызметтің кезекші қызметкерлері: 
-  апат  туралы  дереу  жоғары  басшыға  баяндауға,  өрт  сөндіруді  қамтамасыз  ету 
бұзылған жағдайда өрт сөндіру қызметіне хабарлауға; 
- лауазымдық қызмет нұсқаулығына сәйкес апатты жоюдың шарларын қолдануға; 
- бұдан арғы әрекеттерде лауазымдық қызмет нұсқаулығын және жоғары басшының 
нұсқауларын басшылыққа алуға міндетті. 
8.7.5  Аудандық  қызметтің  әрекетінің  шегінен  аспайтын  сипаттағы  апаттар  кезінде 
апатты  ауыздықтауға  және  жоюға  аудандық  пайдалану  қызметінің  бастығы  басшылық 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
39 
жасайды.  Бір  пайдалану  ауданынан  аса  таралаған  апатты  ауыздықтауға  және  жоюға 
өндірістік  кәсіпорынның  бас  инженері  басшылық  жасайды,  ол  туралы  диспетчерлік 
орынның оперативтік журналында сәйкесінше жазба жасалуы керек. 
8.7.6  Апат  орын  алған  кезде  диспетчер  тәуліктің  кез  келген  уақытында  апаттық-
қалпына 
келтіру 
жұмыстарының 
слесарьларының 
бригадаларының 
жұмысын 
ұйымдастыруға және апатты жоюға жедел бақылауды жүргізуге міндетті. 
Жылдың  мезгіліне  байланысты  апаттық-қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізудің 
бірінші кезектілігі келесі тәртіпте белгіленеді: 
- қыс мезгілінде - судың (сарқынды) төгілуі автожолдардың, жаяужолдардың жүретін 
бөлігіне және жасыл аймаққа қызылсу мұзының пайда болу қаупін төндіретін апаттардың 
бірінші кезекте жойылуына басымдық беріледі; 
-  жаз  мезгілінде  -  төгілген  судың  (сарқынды)  көлемі  адамдардың  өмірі  мен 
денсаулығына  қаупін  төндіретін,  ғимараттардың,  құрылыстардың,  автожолдардың 
бұзылуы қаупін туғызатын апаттардың бірінші кезекте жойылуына басымдық беріледі. 
Жер бедеріне судың үлкен мөлшерде төгілуі орын алған апаттар жылдың мезгіліне 
қарамастан  дереу  жойылуға  жатады.  Апаттық-қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізудің 
басқа өтінімдерін СЖ және СБ ұйымдарының қызметтері олардың түсуіне қарай өңдейді. 
8.7.7 Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге (соның ішінде демалыс және 
мереке  күндері)  жауапты  СЖ  және  СБ  қызметтері  Орталық  диспетчерлік  қызметтен 
ақпаратты  алғаннан  кейін  апаттың  жіктелуіне  және  оны  жоюдың  басымдығына  қарай 
апатты  дереу  жоюға  кіріседі.  Жұмыстарды  жүргізетін  орын  және  қалыптасқан  жағдай 
туралы ақпарат бекітілген ережелерге және (немесе) регламенттерге сәйкес елдің мекеннің 
барлық мүдделі қызметтеріне хабарланады. 
8.7.8 Диспетчер, апатты жою кезінде, жергілікті атқару органдарымен, АҚ және ТЖ 
уәкілетті  органдарымен,  өрт  сөндіру  қызметтерімен  және  халықтың  мемлекеттік 
санитарлық-эпидемиологиялық  амандығының  саласындағы  органдармен  байланысты 
жүзеге  асыруы  керек.  Қажет  болған  жағдайда  өрт  орнына  су  құбырының  желісіндегі 
қысымды арттыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін қалпына келтіру жұмыстарының 
слесарьларының бригадасын жіберу. 
8.7.9 Сорғы станцияларында апат орын алған жағдайда диспетчер ауыздықтау және 
жою жөніндегі шараларды қабылдайды, бұл үшін диспетчерге жедел тәртіпте бағынатын 
апаттық-қалпына келтіру қызметінің кезекші электриктері мен слесарьларын тартады. 
8.7.10  Су  құбырларында  түнгі  уақытта  немесе  демалыс  (мереке)  күндері  апат  және 
бұзылулар  орын  алған  жағдайда  диспетчер  апатты  жою  үшін  қажетті  жұмысшыларды, 
сондай-ақ кәсіпорынның немесе сәйкесінше қызметтердің басшылығын үйінен шақырады. 
Апатты-құтқару  қызметінің  жедел  көлігі  дыбыстық  және  жарық  сигналдарының 
арнайы құралдарымен, белгілермен және қоршаулармен жабдықталады. 
8.7.11 Ауысым инженері (шебер) апаттың орнына барып және оларды жою жөніндегі 
жұмысты ұйымдастырады. 
8.7.12 Еңбекті көп қажетсінетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып ерекше 
ірі  апаттарды  жоюға  профилактикалық  жөндеу  бригадалары  және  құрылыс-құрастыру 
ұйымдары тартылуы керек. 
8.7.13 Апатты жағдайларды жоюдың жеделдігін арттыру үшін диспетчерлік орында 
келесілерді қамтитын анықтамалық ақпарат болуы керек: 
-  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерінің  құрылғыларының  негізгі  техникалық 
сипаттамалары коммуникацияның сызбанұсқаларымен; 
- сумен жабдықтау және су бұру желілерінің сызбанұсқалары; 
-  СЖ  және  СБ  кәсіпорынының  басшыларының,  жоғары  ұйымдардың,  жергілікті 
атқару  органдарының,  АҚ  және  ТЖ  органдарының,  өрт  сөндіру  қызметінің,  халықтың 
мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  амандығының  саласындағы  уәкілетті 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау