Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет18/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
32 
- Табудың радиосәулелі құралдары; 
- сейсмикалық және вибрациялық жүйелер;  
- табудың магнитометриялық жүйелері мен басқалары. 
8.3.3.14 Негізгі нысандарда әрекеттің түрлі физикалық принципті өзінде үйлестіруші 
бірнеше  қадаға  құрамдастырылған  жүйелерді  қолдану  ұсынылады.  Сезімтал  элементтері  
тосқауылдар  уақытта  таратылғандықтан,  бірнеше  қадағалар  бір  мезгілде  адамның  келуі 
туралы дабыл пайда болатындай етіп  таңдалады. 
  8.3.3.15  Бейне  бақылаудың  теледидарлық  жүйелері    күзетілетін  аумақ,  арнайы 
пунктер  мен  қорғау  бөлмелеріне    нысан  периметрі  мен  территориясы  туралы  визуалды 
ақпаратты автоматтырылған тәртіпте берілуін қамтамасыз ету қажет.  
8.3.3.16  Бейне  бақылаудың  теледидарлық  жүйелері  қауіп  туралы  дабыл  қағылғанда 
жағдайда  күзетілетін  аумақтан  жағдайды  бағалау  және  қарсы  әрекет  жасауға  қолайлы 
шаралар  анықтау  мақсатымен  бұзушылықтың  сипатын,  бұзу  орнын,  бұзушының  жылжу 
бағытын анықтау үшін бейне бақылау операторына бейнені жібереді.  
8.3.3.17  Нысан  территориясын  немесе  оның  периметрін  бақылауға  арналған 
видеокамералар  клитатық  факторлар  әсер  ететін  жағдайларда  жұмыс  істеу  керек  немесе 
олардың  жұмыс  істеу  қабілетін  қамтамасыз  ететін  герметикалық  термобылғарыда 
орналасуы керек. 
8.3.3.18  Тәуліктің  қараңғы  кезінде  күзетілетін    аумақтың  жарығы  телекамераның 
сезімталдылығынана  төмен  болса,  көрнекі  немесе  инфрақызыл  диапазонның    жарығы 
қосылу керек. Күзет  жарығының аумағы телекамералардың шолып  қарайтын аумағымен 
сәйкес келуі керек.   
8.3.3.19  Бейне  бақылаудың  теледидарлық  жүйелері    жылжымалы  нысанды  көрген 
жағдайда орталық күзет пунктіне дабыл сигналын жіберілуін қамтамасыз ету керек.  
8.3.3.20 Барлық бейне ақпарат цифрлік немесе басқа ұзақ мерзімді жазылуымен бейне 
ақпарат жинақтаушыларға жазылға тиісті.   
8.3.3.21  Күзет,  дабыл  сигнализациясы  мен  қолжетімділікті  бақылау  жүйе  кешені 
құралдардың 12 сағаттан кем емес жұмыс істеуін негізгі желілік қуат көзінің болмағанда 
аккумуляторлық демеумен үздіксіз қуат көздерінің болуын қамтамасыз етеді.   
8.3.3.22  Апаттық  ұзақ  (тәуліктен  астам)  сөндірілу  жағдайда  жұмыс  режимін  24 
сағаттан кем емес қамтамасыз ететін дизель-генератор орнатылуы мүмкін.  
8.3.3.23  СЖ  және  СБ  нысандарында  адамдардың  немесе  көлік  құралдардың  өту 
кезінде  криминалды  әрекетті  жүзеге  асыруға  бағытталған  қару,  басқа  заттар  мен  тиым 
салынған  заттектерді  табуға  арналған  тексерістің  техникалық  құралдары  қолданылуы 
мүмкін. 
 
8.4 Сумен жабдықтау жүйелері 
 
8.4.1  Сумен  жабдықтау  жүйелерін  пайдаланатын  әрбір  ұйымда  байланыс 
құралдарымен және барлық сумен жабдықтау объектілерін басқаратын, сумен жабдықтау 
жүйелерінің  жай-күйін  көрсететін  құралдармен,  суды  берудің  және  бөлудің 
сызбанұсқаларымен  жабдықталған,  барлық  диаметрі  үлкен  су  ағызғылар,  магистральды 
құбырлар,  таратушы  су  құбырының  желісі,  жер  астының  сұйыққоймалары,  сукернеуіш 
мұнаралар,  2-ші  және  содан  кейінгі  көтеру  деңгейіндегі  сорғы  станциялары  көрсетілген, 
тәулік  бойғы  Орталық    диспетчерлік  қызмет  ұйымдастырылуы  керек.  Сызбанұсқаларда 
негізгі су құбырының құдықтары орналасу аймақтары бойынша, магистральды желілердегі 
жапқыштардың нөмірленуі, судың ағынын ажыратуды немесе реттеуді қамтамасыз ететін 
қысымның реттегіштері және басқару құрылғылары көрсетілуі керек.  
8.4.2  Диспетчерлік  қызметте  кәсіпорынның  АҚ  және  ТЖ  бастығы  бекіткен  ТЖ 
кезіндегі жұмыстардың жоспарлары мен нұсқаулықтары болуы керек.  


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
33 
Нұсқаулықтарда  сумен  жабдықтау  қызметінің,  суды  сұйыққоймалардан,  су 
ағызғылардан және магистральды құбырлардан жылжымалы ыдысқа тарату арқылы қаланы 
сумен  жабдықтауға  ауысуға  дейінгі,  суды  беру  мен  бөлудің  жүйелерін  пайдаланудың  әр 
түрлі  жағдайларындағы  олардың  әрекетінің  тәртібі  туралы  нақтылы  нұсқаулар 
мазмұндалуы керек.  
8.4.3 Суды беру мен бөлудің жүйелері әрқашан құбырларда вакуумның пайда болуына 
және  жүйеге  сыртқы  ортадан  ластардың  сорылуына  жол  бермейтін,  қысым  тәртібінде 
болуы  керек.  Суды  беру  мен  бөлудің  жүйелерінің  негізгі  басым  нүктелерінде,  барлық 
тұтынушыларға  судың  тоқтаусыз  берілуін  қамтамасыз  ететін,  жүйелердегі  қысымның 
қажетті  деңгейде  ұсталуын  бақылауға  арналған,  көрсеткіштерді  диспетчерлік  орынға 
қашықтан беретін манометрлер орнатылуы керек. 
8.4.4  Сумен  жабдықтау  жүйелері  бір  бірінен  недәуір  қашықтықта  орналасқан 
ғимараттар мен құрылыстардың ірі кешені түрінде болады. Төтенше жағдайларда, әдетте, 
бұл жүйенің барлық элементтері қатарынан бір уақытта істен шықпайды. Сумен жабдықтау 
жүйелерін жобалаған кезде оларды төтенше жағдайлардағы қорғаудың шараларын алдын 
ала ескеру қажет. 
8.4.5  Сумен  жабдықтау  жүйелерінің  жауапты  элементтерін  жер  бетінен  төмен 
орналастырған дұрыс, бұл олардың орнықтылығын арттырады. 
8.4.6  Қаланы  тоқтаусыз  сумен  жабдықтауды  қамтамасыз  ету  үшін  екі-үш  сумен 
жабдықтау көзі, ал ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қалалық магистральдардан келетін 
кем дегенде екі арна болуы керек. Бас тазартау құрылғыларынан суды беру мен бөлудің 
жүйесіне су беретін су ағызғылардың саны да екіден кем болмауы керек. 
8.4.7  Ерекше  жағдайларда  сәйкесінше  АҚ  және  ТЖ  уәкілетті  органдарымен  және 
жергілікті  атқару  органдарымен  арнайы  келісім  бойынша  суды  бір  су  ағызғы  арқылы 
тасымалдауға  рұқсат  берілуі  мүмкін.  Бұл  орайда  су  ағызғыда  апат  және  бүлінулер  орын 
алған  жағдайда  тоқтаусыз  сумен  жабдықтауды,  мысалы,  АСС  қосымша  ыдыстарының, 
резервтегі ұңғымаларды қосудың және басқа да шаралардың есебінен, қамтамасыз етудің 
кепілдігі қажет. 
8.4.8  Негізгі  тұтынушыларға  суды  жеткізетін  барлық  магистральды  желілер  және 
құбырлар,  желінің  жекелеген  телімдерін  жөндеген  кезде,  апат  және  істен  шыққан  кезде, 
тұтынушыларға  суды  тоқтаусыз  беру  үшін  шығыршақтылауы  керек.  Шығыршықтау 
сондай-ақ  іркілген  аймақтардың,  шөгінділердің  пайда  болуына,  олардың  ұлғаюына  және 
одан  ары  ластанулардың  тұтынушыларға  жетуіне  жол  бермейтін  судың  тұрақты 
айналымын қамтамасыз ету үшін де орындалады. 
8.4.9 Су ағызғылар және тарату желілері ішу үшін пайдалануға болатын тазартылған 
суы бар ыдыс түрінде болады. Суды іріктеп алатын құрылғыны  - ауызсуды жылжымалы 
ыдысқа  бөліп  тарататын  орындарды  су  ағызғылардың  немесе  магистральды  желілердің 
төмен  орналасқан  жерлерінде  орнатқан  дұрыс.  Суды  іріктеуді  су  ағызғының  немесе 
магистральдың басындағы және соңындағы жапқыштарды жауып жүргізеді. Құбырға ауа 
жіберу  немесе  оны  компрессормен  айдау  құбырлардағы  СББЖ  жоғары  нүктелеріне 
орнатылатын жұтқыш сүзгіштер ЖС) арқылы ғана жүргізілуі керек. 
Ауызсуды жылжымалы ыдысқа бөліп тарататын орындарды жабдықтаудың мысалы 
9 суретте келтірілген, 1 қосымша.  
8.4.10  Ерекше  жағдайларда  суды  бөліп  тарататын  орындар  өрт  сөндіруге  арналған 
гидранттарда  ұйымдастырылуы  мүмкін,  желінің  бұл  телімі  де  сүзгіш-сіңіргішпен 
жабдықталуы керек. 
8.4.11 Іріктеп алу нүктелерінің саны құбырдың диаметріне және суды іріктеп алу үшін 
белгіленген  телімнің  ұзындығына,  яғни  құбырдағы  судың  көлеміне  байланысты 
анықталады.  Телімнің  шеттерінде  жапқыштары  бар  құдықтар  орналасуы  керек.  Су 
алынатын  құдыққа  баратын  жол  және  цистернасы  бар  автосорғыға  арналған  алаң 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау