34
Олар өздерінің не сезгендерін, ненің көмегімен дәмді
анықтағандарын, нені, қандай тағамды жегендерін (қатты, жұмсақ,
тәтті, тұзды, қышқыл және т.б.) айтады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар дәптердегі бейнеленген суреттерді әңгімелеп, қарастырады.
педагог ақпараты: Ауыз қуысында орналасқан сілекей безі тамақты
көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. Сол арқылы адам
ол тағамның қолдануға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтайды.
Тіл – дәм сезу мүшесі, ол адамдарға ауыз қуысындағы тағамды
сезуге, тағамдардың ұнайтын, ұнамайтынын, ыстық немесе суық
екенін анықтауға көмектеседі.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Тамақтану барысында тіл қандай қызмет атқарады?
Педагог балаларға сағыз шайнаған уақытта тілдің қозғалысына көңіл
аударуды ұсынады.
Қорытынды: Тіл әртүрлі қимылдарды жасайды. Ол тағамды
шайнауға, шайнау барысында тағамды жылжытуға, сілекей безі
арқылы жібітіп, жұтуға көмектеседі.
«дыбыстарды айт» жаттығуы.
Педагог балаларға «р» дыбысын айтуды және айтқан кезде тілдің ұшы
қалай дірілдегеніне көңіл аударуды ұсынады. «Л» дыбысын айтқанда
тілдің ұшы үстіңгі тістерге қысылады. Осы дыбысты тілді сыртқа
шығарып айтып көріңдер. Қалай шықты?
Қорытынды: Тіл дыбыс шығаруға, сөйлеуге, күлуге, ән айтуға
көмектеседі. Тілде дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыратын
көптеген бұлшық еттер бар.
Әліппе-
дәптер
35
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Дәрігерлер, аналар ауырған баланың аузын ашып, тілін, тамағын
көрсетуді сұрайды. Тіл өзінің иесі туралы не білдіре алады?
– Сенің мейірімді көмекшің – тілің арнайы күтімді қажет ете ме?
педагог ақпараты: Тіл еш сөзсіз-ақ дәрігерге көп нәрсе айта алады,
сол себепті ауру адамды қарағанда, міндетті түрде аузын ашып, тілін
көрсетуін сұрайды. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін және
таза болады. Егер денсаулығында кінәрат болса, тілдің бетін ақ, сары
қабат жауып тұрады. Тіл де күтімді қажет етеді. Тілді қабыршақтан
арнайы қырғыш қасықпен тазалау керек. Тілдің жоғарғы жағын
тазалайтын арнайы қырғышы бар тіс щеткалары да кездеседі.
Педагог балалармен бірге тілді күту ережесін құрастырады.
•
Тамақ ішіп болған соң аузыңды жылы сумен шайқа.
•
Ішке инфекция түспес үшін тіл қабыршағын жүйелі түрде тазалап
отыр.
•
Дәм сезу бүртіктері зақымдалмас үшін тым ыстық тағамды жеуге
болмайды.
•
Тілді кесіп кетпес үшін үшкір, кескіш заттарды ауызға салуға
болмайды.
көптілділік: тіл – язык – tongue
– Адам аузына салған тағам бөлігін шайнап, сілекей безі арқылы
жібітеді . Одан әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
педагог ақпараты: Жұтқаннан кейін тағам өңеш арқылы асқазанға
түседі. Асқазанда арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі арқылы
тағам қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның
барлық пайдалы заттары бөлініп, ағзаға сіңеді.
36
– Адам өмірі үшін ас қорыту мүшесіндегі әрекеттің қандай маңызы
бар? Оларды маңызды және мейірімді көмекшілер деп атауға бола ма?
Балалар ас қорыту мүшесі адамға тағамды қорыту үшін қажет екені
жайлы талқылайды, ал тағам адам өмірінің негізгі қайнар көзі болып
табылады.
педагог ақпараты: Адамның организмі жақсы жұмыс жасау үшін,
тағамның барлығын да жеу керек. Адам күн сайын тамақтанады. Тағам
қасықпен ауызға түседі. Осыдан бастап тағамның саяхаты басталады.
Адам аузына салған тағам бөлігін тісімен шайнап, ұсақ бөліктерге
бөледі, оны сілекей безі арқылы жібітеді, себебі тағам өңеш арқылы
асқазанға жеңіл түсуі керек.
Ас қорыту жүйесі тағамды қорытуды қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде
барлық организмге күш-қуат береді. Асқазан сөлі арқылы тағам
қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның барлық
пайдалы заттары бөлініп, сіңеді.
Адам организмі тағамдағы ең қажетті пайдалы заттарын таңдап алып,
жасушаларға таратады. Яғни, ас қорыту жүйесі тіршілік әрекетін
қолдайды.
(Ж) дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба».
Ғажайып дорбаға балаларға таныс ойыншықтар мен заттар салынған.
Балалар дорбаға қолдарын салып, қолына іліккен затты сипау арқылы
не екенін анықтайды. Балалар көзбен көрмей-ақ, терімен сезу арқылы
қолындағы заттың қандай екенін: жұмсақ, қатты, жылы немесе
суық, тегіс немесе бұжыр және пішіндерін (домалақ, үш немесе
төртбұрышты, қалың немесе жұқа) анықтайды.
37
IV. ұОҚ
қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік
баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер адамның адал көмекшілері жайлы түсінбесеңдер,
онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің
суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді
айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді
смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-
дәптер
№3
тАҚырыБы: деНе БітіМі дегеНіМіз Не? Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу мақсаты:
0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.
0.1.1.2. Дене бітімін сақтаудың ережелерін білу және қолдану.
Барлық балалар:
Адамның қарапайым дене құрылысын атайды.
көпшілік балалар:
Дене бітімін сақтаудың ережелерін түсінеді және қолданады.
кейбір балалар:
Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына дене шынықтыру жаттығуларының әсерін
және рөлін түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |