1 Даярлау процестерін ұйымдастыру бойынша негізгі деректер



жүктеу 15,39 Kb.
Дата21.01.2022
өлшемі15,39 Kb.
#34218
№1 26.01.2021


1 Даярлау процестерін ұйымдастыру бойынша негізгі деректер

Санитарлық-техникалық жұмыстар жылу жүйесі құрылымымен, вентиляциямен, жылу-газ жабдықтаумен, ыстық және суық сумен жабдықтаумен және ғимараттың кәрізімен байланысты. Сыртқы және ішкі санитарлық-техникалық жұмыстарды бөліп қарайды.

Сыртқы санитарлық-техникалық жұмыстар ғимараттарға сыртқы желілер үшін құбыр желісінің тығыздағышы болып табылады.

Ішкілер - ғимарат және құрылыс ішіндегі санитарно-техникалық, жылувентиляциялық және газбен жабдықтауды монтаждау жұмыстары.

Санитарлық-техникалық жұмыстар дайындық, дайындау, қосымша және монтаждық-жинау болып бөлінеді.

Дайындық жұмыстары - санитарлық-техникалық жүйе жасау бойынша бастапқы кезең болды. Бұл кезең жобалау-сметалық- құжаттарды құрастыру болды.

Өндірісті даярлауды монтаждау басқармасының өндірісік-техникалық бөлімдері (ӨТБ) жүзеге асырады, онда өндіріс даярлаудың арнайы тобы қалыптасады. Өндірісті даярлау тобы мынадай міндеттерді орындайды:

- жұмысты өндіру үшін техникалық құжаттарды зерттейді және даярлайды;

- қажетіне қарай жобалау ұйымымен және жобадағы өзгерудің тапсырысымен келіседі;

- жұмыс өндірісі жобасының техникалық құжаттары болмаған жағдайда, оны жасайды;

- монтаж объектілерінің өлшеу жүргізуді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- құбыр желісінің монтаждық сызбаларын жасауды немесе натуралық өлшемдерді орындауды қамтамасыз етеді;

- даярлау кәсіпорындарында жасалатын санитарлық-техникалық құрылымдардың бұйымдарына, детальдары мен түйіндеріне қажетті сызбалар мен арнайы материалдарды қоса тапсырыстар жасау;

- материалдарға, жабдықтар мен дайындамаларға қажеттіліктердің жиынтық ведомосін жасау;

- монтаждың әрбір объектісі бойынша басты материалдар мен жабдықтарға лимиттік карталар жасау;

- монтаждау-жинау жұмыстарына объектілер даярдауды бақылау және санитарлық-техникалық құрылымның құрылыс жұмыстарының ведомосін жасауды бақылау.

Жұмыстың алдында монтаж басқармасына санитарлық-техникалық құрылым мен сметаның толық комплекті беріледі. Жобалау құжаттарының құрамына кіретіндер:

- жобаның алғашқы парағы, қабаттардың жоспарлары, шатырдың және жертөленің жоспары, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құбыр желісі көрсетілген ғимараттар кесіндісі.

- магистральды құбыр желілерінің және тік құбырлардың, ажыратқыштың сызбалары.

- кәріздік тік құбырлар мен суағарлар бойынша кесінділер.

- басқару түйіндерімен құбыр желілері мен жылыту жүйелерінің сызбасы.

- кейбір күрделі детальдары шығарылған санитарлық-техникалық құрылымдардың стандартталмаған түйіндерінің сызбасы.

- жобада сілтеме жасалған типтік сызбалар.

- жасырын каналдардың сызбалары.

- жабдықтары мен фундаметтері көрсетілген жылу пункті мен қазандықтың кесінділері.

- кейбір құрылымдардың жоспарлары мен кесінділері.

- жобалау ұйымдары жасаған құбыр желілерінің монтаждық сызбалары.

- жабдықтар мен материалдардың сипаттамасы.

Жобада көрсетілетіндер:

- жобаға сметалар мен түсінік хаттар.

- құбыр желілерінің фундаменттер мен жертөле қабырғалары арқылы, сондай-ақ құбыр желілері өтетін жердегі ойықтарды өңдеу;

- бақылау-өлшеу саймандары (су есептегіштері, манометрлер, термометрлер және т.б.) мен құбыр желілерінің арматураларын орнату;

- құбыр желілерін оқшаулау туралы мәліметтер;

- құбыр желілерін және санитарлық-техникалық жабдықтарды стандартталмаған типтерді бекіту құралдарын талап ететін, атап айтқанда қабырғадағы құбыр желісін және жеңілдетілген қалқандарды тығыздаған жағдайда бекіту тәсілдері.

- оқшауланған құбыр желіліерін бекіту тәсілдері.

- сорғылардың дыбысын оқшаулау тәсілдері.



- құбыр желілері үшін бояу құрамының түрлері.
жүктеу 15,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау