48
Қорытынды: адам өзінің қайырымды көмекшілерінің
арқасында қозғалады, ол жүгіреді, секіреді, билейді, жүзеді,
велосипед тебе алады. Бірақ бұның барлығы тек сүйегің
мықты, бұлшық еттерің жақсы дамыған, терің таза әрі әдемі
болғанда ғана мүмкін. Ол үшін әрдайым таңғы жаттығу
жасап, спортпен айналысып, күн тәртібін және тамақтану
тәртібін сақтап, табиғат аясында көп демалуды өз өмір
салтыңа енгізу қажет. Ал бұның барлығы денің сау әрі
белсенді өмірге құштар болуың үшін аса маңызды.
IV. ұОҚ қорытындысы.
рефлексия
26-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға
ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер дене бітімі жайлы түсінбесеңдер, онда
баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің
суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған
білімдеріңді
айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы
сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде
өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар,
смайликтің суретін
баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
49
№4
тАҚырыБы: Жеке БАС тАзАлыҒы
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу
мақсаттары
0.1.2.1. Ауыз қуысының тазалығы ережелерін түсіндіру.
күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Ауыз қуысы күтіміне арналған ережелерді біледі.
көпшілік балалар:
Тісті күту
ережелерін, шаш, тырнақ, киімі мен аяқкиімін күту ережелерін
қолданады.
кейбір балалар:
Өзінің және жақындарының денсаулығы үшін тазалық дағдыларын сақтаудың
маңыздылығын түсіндіреді.
50
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Күнделікті өмірде тазалық талаптарын орындайды.
Денсаулық пен тазалық
ережелерін сақтаудың байланысы жайлы талқылауға қатысады.
көптілділік: ауыз – рот – mouth
тіс – зубы – tooth
сабын – мыло – soap
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: тіс, сүт тіс, ауыз қуысы, тіс дәрігері, тіс
тазалау,
тұрақты тіс, тіс дәрігері, тісжегі.
Сабын, қол тазалығы,
тазалық құралдары, тазалық дағдылары, көпшілік орта.
Пікір алмасу сұрақтары:
Адамға тіс не үшін қажет?
Тіске қандай азық-түлік пайдалы?
Не үшін қолды сабынмен жуу қажет?
Қолды күніне қанша рет жуу керек?
Душ пен ваннаны неліктен жиі қолдану қажет?
Шашты қалай күту керек?
Тырнақты қалай күту қажет?
Неліктен күнделікті аяқты жуып, шұлықты ауыстырып тұру керек?
Неліктен дене тазалығымен қатар киім мен аяқкиім тазалығын сақтау қажет?
Өткен ұОҚ алған
білім
Жеке бас тазалығы жайлы қарапайым түсінік.
51
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері
ресурстар
і. дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату
0-1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
маңыздан-дыру.
Мақсатты
болжам
2-5 минут
(ұ, Ж) Жағымды көңіл күй орнату.
«күлкі жаттығуы». Балалар қолдарына айна алып, әдемі де
мейірімді күлкі жасайды (1-2 минут).
Педагог балаларға бұл жаттығуды күніне бірнеше рет жасауға
болатынын түсіндіреді. Егер көңіл күйің болмаса, күлкі оны
жақсартуға көмектеседі. Сондықтан да жиі күлімдеп жүру
керек.
Жұмбақ:
Өзі аппақ маржандай,
Тамақ өтпес шайналмай.
Аузы бүрме қызыл қалта,
Ішінде бар отыз екі малта.
(Тіс)
Балалар тісіміз сау, мінсіз болса, күлкіміз де әдемі болатыны
жайлы талқылайды. Бірақ егер күтпесек, тісіміз ауырып
қалуы мүмкін.
Әр
балаға айна