21
Қорытынды: Адам денсаулығы үшін оның немен және
қалай тыныс алатыны маңызды. Тұмау және тыныс алу
жолдарымен жиі ауыратындарға дәрі ішу ғана емес,
тыныс алу, дене шынықтыру жаттығуларын жасау,
спортпен айналысу, шынығу, көп уақытын таза ауада
өткізуге, әсіресе ауасы таза қала сыртында болуға кеңес
беріледі.
Сұрақ: Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Неліктен адам барлығынан ақылды?
– Адам өмірі үшін ең маңызды тағы қандай ағзаны атауға
болады?
– Адамның барлық ағзасын не басқаруы мүмкін?
педагог ақпараты: Адам ағзасы бір уақытта жұмыс
жасайды. Барлық мүшенің қызметін ми басқарады.
Педагог балалардан саусақтарын күйдіріп немесе бір
нәрсеге соғып алғандарын еске түсіруді сұрайды. Бұл
жағдайда не болады? Мұндай кезде ауру жаныңа батып,
қолыңды тез тартып аласың. Қолдың ауырып, соғылып,
күйіп қалғаны туралы мәлімет жүйкелер арқылы миға
келіп түседі. Мидың бұйрығымен адам жылдам қолын
тартып алады.
22
Есік алдында ойнап жүргенде қасыңа жақындаған
автомобильдің даусын естідің. Не істейсің?
Балалар пікірін педагог толықтырып, дыбыс белгілерінің
есту мүшесі (құлақ) пен жүйке арқылы миға ақпарат
беретінін, осыдан соң ми тарапынан бұйрық болатынын
(бұрылу, тоқтау немесе басқа жаққа жылжу) айтады.
Қорытынды: Жүйке жүйелері – мидың алғашқы
көмекшісі.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар ми және жүйке жүйесінің суретін қарайды.
педагог ақпараты: Адамның миы бастың ішкі жағында
болады, ол бассүйекпен қапталған. Ми грек жаңғағының
жарты бөлігіне ұқсайды.
Жүйке жүйесі қоршаған ортадан алған ақпаратты тері,
көз, құлақ, ауыз арқылы миға жеткізеді. Біздің барлық
ойымыз, сезіміміз, қалауымыз бен қозғалысымыз ми
қызметімен байланысты.
Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық
ішкі мүшелерді басқарады, көптеген тапсырмаларды
орындайды, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін
қамтамасыз етеді.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Ми үшін не қауіпті? Неден және қалай басымызды
қорғауымыз керек?
Педагог балалармен бірге жауаптарын қорытындылайды.
• Бассүйек миды соққы мен ми шайқалудан қорғайды.
Әліппе-дәптердегі
сурет
23
Басқа тиген қатты соққыдан мидың шайқалуы мүмкін.
Ми шайқалғанда адамның басы айналып, құлағы
шуылдайды, жүрегі айнып, құсуы, басы ауыруы мүмкін.
Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
• Жер сілкінісі кезінде балаларға үстел астына
жасырынып, басын екі қолымен жабу ұсынылады.
• Аспансерік (стюардесса) ұшақтың қонуы кезінде
апаттық жағдай туындағанда жолаушыларға басын
тізесіне тигізіп, қолдарымен басын жабу керектігін
ескертеді. Мұның бәрі адамның бастан соққы алмауы
үшін қарастырылады.
• Басына кездейсоқ заттар құлап кетпеуі үшін
құрылысшылар темір қалпақ (каска) киеді.
• Жарақат алу қаупі бар спортшылар металдан
жасалған баскиім (шлем) киеді. Сондай спорт түрлерін
ата (велосипедші, шаңғышы, хоккейші, конькиші және
т.б.).
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Басқа тиген соққыдан қорғану құралдары жайлы
талқылау және суреттерін қарастыру.
Қорытынды: Әр адам өз денсаулығын нығайтып, сақтау
үшін көп нәрсені үйрене алады. Кімде-кім спортпен,
гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса,
әртүрлі ауруға шалдыққыш болады. Керісінше, дене
шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен
сырғанау, шомылу, таза ауада серуендеу, күнделікті
жаттығу жасау адамның денсаулығы мықты болып, ұзақ
өмір сүруіне көмектеседі.
Әліппе-дәптердегі
сурет
24
IV. ұОҚ қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Балалар шеңберге жиналады, қол ұстасып, достарына
жылы сөздер айтып, барлық адамдарға денсаулық пен
мейірім тілейді.
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты
білдіңдер? Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер адамның дене құрылысы жайлы
түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің
суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз
болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың
2-сатысына салыңдар.
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?
Неліктен?
Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер
25
№ 2
тАҚырыБы: СезіМ МҮШелері
Мектеп/Мұ:
күні:
педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу мақсаты: 0.1.1.2. Адамның дене құрылысын білу.
Барлық балалар:
Адамның дене құрылысын, сезім мүшелерін атайды.
көпшілік балалар:
Адамның дене құрылысы туралы білімдерін қолданады; көру, есту, дәм сезуді
сақтау туралы тәсілдерді біледі.
кейбір балалар:
Көру, есту, дәм сезуді сақтаудың ережесін түсіндіреді.
тілдік мақсат
дағдыларын дамыту:
Сезім мүшелерінің әрекетін сипаттай алады.
Адам өмірі үшін көру мүмкіндігінің құндылығын біледі.
көптілділік: көз – глаза – eyes
құлақ – ухо – ear
мұрын – нос – nose
тіл – язык – tongue
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сезім мүшелері, көру, соқырлық, көз
алмасы, көздің сыртқы мөлдір қабығы, көз дәрігері, көзәйнек ілдірігі, алыстан
көрмеушілік, алыстан көрушілік, саңыраулық, нашар еститін.
Пікір алмасу сұрақтары:
Әлемді тану үшін адамға қандай сезім мүшесі көмектеседі?
Ол қандай қызмет атқарады?
Көздің көруін сақтау үшін не жасау керек?
Көру мүмкіндігі бұзылуын қалпына келтіруге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |