Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

53
ҰОҚ ортасы
III. тақырып 
бойынша жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
 Адамға тіс не үшін қажет? 
Балалар тістің пайдасын айтады. 
Педагог  балаларға  айнадан  тістерін  қарап,  ірімшік  немесе 
алманың  бөлігін  тістеп,  тіс  іздерін  көруді  ұсынады.  Балалар 
тістерінің көлемі бірдей емес екеніне көңіл аударады. 
педагог ақпараты: Тістің ең басты қызметі – тамақты шайнау. 
Ауыз  қуысында  тағам  сілекеймен  суланады  және  тістермен 
ұсақталады.  Тағамды  мұқият  және  асықпай  шайнау  адам 
денсаулығы үшін маңызды. 
Балалар дүниеге келген кезде тісі болмайды, әдетте сәбилерде 
төрт-алты  айлық  кезінен  бастап  алғашқы  тістері  шыға 
бастайды, оны сүт тіс деп атайды. Алты жасында сүт тістер 
түсе бастайды, оның орнына тұрақты тістер өседі.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
 Тістің саулығы неге байланысты? 
Балалар өз ойларын білдіреді.
педагог  ақпараты:  Тістің  саулығы  адамдардың  тісті  қалай 
күтуі  мен  қандай  тамақты  ішуіне  байланысты.  Әрбір  тіс  
эмальмен  қапталған,  ол  біздің  денеміздегі  ең  қатты  зат.  Біз 
тамақты шайнағанда ауызда эмальды жоятын қышқыл бөлінеді. 
Сондықтан тісті тазалап, тамақтан соң ауызды шайқау қажет. 
– Тіс пен тіс щеткасын қалай күту қажет? 
Балалар тісін қалай тазалайтыны, өздерінің тіс щеткаларына 
қандай күтім жасайтыны, оны кім үйреткені жайлы айтады. 
Алма бөлігі, айна
педагог ақпараты: Әр отбасы мүшесінің өзінің тіс щеткасы 
болуы керек. Арнайы стақанда тіс щеткасының ұстайтын жағы 
төмен қаратылып сақталады. Ондай қалыптағы тіс щеткасы тез 
кебеді, ал микроб сулы ортада ұзақ сақталады. Тіс щеткасын 
тазалықта  ұстап,  жақсылап  жуу  қажет.  Тіс  тазалау  ережесі 
сендерге оны пайдалы әдетке айналдыруға көмектеседі.  
 (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
 «тіс тазалау» жаттығуы: 
•  Тістің беткі бөлігін тазалау: тіс щеткасы тіс қызыл еті 
бойына орналасады (үстіңгі және астыңғы), қозғалысты 
үстіден астыға, астыдан жоғарыға қарай жасау. 
•  Әр тістің шайнайтын бетін тазалау: тіс щеткасының 
қозғалысы: алдыға, артқа, артқа, алдыға. 
•  Тіс щеткасының ұшымен домалақтау қимылы арқылы 
тістің ішкі жағын тазалау. 
– Егер адам ауыз қуысын күтпесе, тістің қандай ауруы 
дамиды?  
педагог  ақпараты.  Тісті  саулықта  ұстау  үшін  әрдайым 
тамақтан  соң  ауызды  сумен  шаюға  әдеттену  қажет.  Әйтпесе 
тамақ қалдықтары – ет қиқымы, тәттілер бұзылып, микробты 
көбейтеді, олар тісті жейді. Тісте тесік пайда болады, содан тіс 
ауруы – тісжегі дамиды. 
Әліппе-дәптер


54
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
–  Егер  ауру  тісті  байқасаң,  кімге  жүгіну  қажет?  Балалар, 
қараңдаршы, тістеріңнің барлығы сау ма, ауру тіс жоқ па? 
Балалар  тіс  дәрігеріндегі  қабылдау  бейнеленген  суретті 
қарап,  өз  әсерлерімен  бөліседі,  тісжегінің  дамуы  ретін 
цифрмен белгілейді.  
педагог  ақпараты:  Көпшілік  адамдар  тіс  дәрігеріне  тісі 
ауырған  уақытта  ғана  барады.  Ал  тіс  дәрігеріне  жылына  екі 
рет қаралып тұрсақ, аурудың алдын аламыз, қажетті тісімізді 
сақтап  қаламыз.  Кім  өзінің  тісінен  кішкентай  ғана  тесікті 
байқаса,  тез  арада  тіс  дәрігеріне  көрінуі  керек.  Тіс  емдейтін 
дәрігер  –  стоматолог  ауру  тісті    емдейтінін  немесе  тісті 
жұлу  қажеттігін  шешеді.  Тіс  дәрігеріне  уақытылы  жүгінген 
жағдайда, тісті жұлудан қорғап қалуға болады. 
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
– Тістің сау болуы адамның тамақтануына байланысты ма? Тіс 
үшін қандай азық-түлік пайдалы?  
Балалар сұрақты талқылап, өз ойларымен бөліседі. 
Қорытындылау:    Тісіміз  мықты  әрі  сау  болуы  үшін, 
құрамында  көгөніс,  жеміс-жидек,  ет,  тауық  еті,  жұмыртқа, 
балық, сүт бар түрлі тағамдармен тамақтану қажет. 
•  Міндетті түрде сүт және сүт тағамдарын қолдану қажет. 
•  Тіс үшін көгөніс пен жеміс-жидек өте пайдалы (алма, 
орамжапырақ, сәбіз және т.б.)
Әліппе-дәптер


55
•  Денсаулық үшін жаңғақ та пайдалы, бірақ оны тіспен 
шағуға болмайды, жаңғақтың қатты қабығы тіс пен тістің 
эмалын зақымдайды. 
•  Тәттіні (кәмпит, шоколад) шектеулі қолдану керек, 
газдалған суға әуес болмаған жөн. 
көптілділік: ауыз – рот – mouth,
тіс – зубы – tooth
(ұ, Ж)  проблемалық сұрақ: 
–  Үлкендер  денсаулық  үшін  жеке  бас  тазалығын  сақтау  аса 
маңызды деп неліктен айтады?
Балалар  ата-аналары,  үлкендер  ерте  жастан  бастап 
қолдарының  уақытылы  жуылғандығын,  душ  немесе  ванна 
қабылдағанын,  тістерін  тазалағандарын,  таза  киім  киіп 
жүргендерін  және  т.б.  қадағалап  ескертетінін  айтып 
талқылайды. 
педагог  ақпараты:  Жеке  бас  тазалығын  сақтау  –  таза,  дені 
сау  болу  дегенді  білдіреді.  «Тазалық  –  саулық  негізі»  деп 
бекер айтылмаған. Ал «гигиена» деген сөз нені білдіреді және 
ол қалай пайда болғанын білу үшін бізге мына бір көне аңыз 
көмектеседі. 
Гигия жайлы аңызды тыңдау және талқылау. 
Бұрынғы  грек  халқында  Эскулап  атты  ең  күшті  дәрігердің 
Панацея және Гигия деген екі қызы болыпты. Олардың екеуіне 
де емшілік қасиет дарыпты, бірақ өзара бәсекелесіп жүріпті. 


56
Панацея өзін аса құдіретті сезінгені соншалық, ол адамдарға 
барлық  аурудан  жазатын  бір-ақ  дәрі  сыйлай  алатынын 
мақтанышпен  айтты.  Ал  Гигия  болса  өмірдегі  кездесетін 
барлық  ауруларға  арналған  бір  ғана  дәрінің  болуы  мүмкін 
еместігін, адамдардың өмір заңдарын білмейтін сенгіш, әлсіз 
екенін,  сондықтан  оларға  осы  заңдарды  үйрету  керектігін 
айтып,  әпкесімен  келіспейді.  Панацея  сіңлісін  тыңдағысы 
келмеді.  Сөйтіп,  Эскулаптың  екі  қызы  ренжісіп,  екі  жаққа 
кетеді. Панацея адамдарды әртүрлі ұнтақтармен, микстурамен, 
дәрілермен емдеп, барлық аурудан бірден жазатын құралды әлі 
күнге дейін іздеп келеді.
Ал  Гигия  адамдарды  өмір  заңына  бейімделе  өмір  сүруге 
үйретеді.  Ол  жер  бетіндегі  өмірдің  тамаша  екендігін, 
адамдардың соған лайық, уақыт талабына сай, денсаулықтары 
күшті,  дене  және  рухани  жағынан  мықты  болатынына  зор 
сенім  білдіреді.  Көптеген  жылдар  өтті.  Күні  бүгінге  дейін 
Гигияның  көптеген  ізбасарлары  мен  шәкірттері  адамдарды 
тазалыққа үйретіп,  қызмет етуде.  
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ: 
 Қолды қалай дұрыс жуу керек? Тазалыққа арналған қандай 
құралдарды атай аласыңдар? Неліктен қолды жай таза сумен 
емес, сабындап жуу керек?   
Балалар педагогпен бірге талқылап, қол жуу барысындағы іс-
әрекеттері негізінде ереже құрады.  
• Қолымызға сабынды алып, сулаймыз. Көпіргенше 
сабындаймыз.


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау