УДК 373
ББК 74.26
М 37
Пікір жазған:
Абуталипова Ш. Ӛ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің Алгебра және геометрия кафедрасының аға
оқытушысы.
Б. Айтмухаметова Астана қаласы Білім басқармасының
әдістемелік кабинетінің
әдіскері
(2012 жылғы 25 желтоқсан, № 4 хаттама)
М37 Мәуіт Ырысбек
Математика олимпиадасына дайындық бастамалары: оқу-
әдістемелік құралы. – Астана: «Асыл кітап», 2017.- 132 б.,
4-басылым.
ISBN 978-601-06-1325-6
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы
мектеп оқушылары арасында ӛткізілетін пән олимпиадасына
математика пәні бойынша 5-8 сыныптардағы алғашқы дайындыққа
арналған. Оқу-әдістемелік құралында математика олимпиада-
сынының осы кезеңінде жиі ұшырайтын, оқушының логикасын
арттыруға кӛмегі тиетін тақырыптар туралы түсініктер беріліп,
мысалдар, есептер және шешулері берілген.
Оқу құралы математиканы тереңдетіп оқытатын орта мектеп
оқушыларына, олимпиадаға дайындалушыларға, математика пәні
мұғалімдеріне, математикаға сырттай қызығушыларға арналады.
УДК 373.
БК 74.26
ISBN 978-601-06-1325-6
© Ырысбек Мәуіт
© «Асыл кітап» баспасы, 2017
4
СӚЗ ЕСЕПТЕРДІ АРИФМЕТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН
ШЕШУДІҢ БІРНЕШЕ ТҤРЛІ ТӘСІЛДЕРІ
Сӛз есептерді арифметикалық әдіспен шешу біріншіден,
күрделі теңдеулер құрып шешуді әлі үйрене қоймаған
оқушылар үшін ӛте тиімді. Екіншіден, оқушылардың
логикалық ойлау деңгейін кӛтеріп, ақыл-ойын ӛсіреді. Екі
немесе одан да кӛп белгісіз шамалар болатын бұл түрдегі
есептер тӛртінші, бесінші сыныптардағы күрделірек,
логикалық бағыттарға арналған есептерде кӛптеп кездеседі.
Тӛменде осындай есептерді арифметикалық әдіспен шешуді
бірнеше түрлі тәсілдері кӛрсетілді.
1.
Жойылту (арылту) тәсілін қолданып сӛз есептерді
шешу.
Есеп1. Үш қарындаш пен 5 дәптердің барлық құны 265
теңге, 3 қарындаш пен 3 дәптердің барлық құны 183 теңге.
Қарындаш және дәптердің әрбірінің бағасы неше теңге?
Шешуі. 265-183=82 теңге (екі дәптердің бағасы)
82:(5-3)=41 теңге (бір дәптердің бағасы).
Осыған ұқсас есептерде екі белгісіз санды табу талап
етіледі, оның бірі қарындаштың бағасы, енді бірі дәптердің
бағасы. Есепті шешкенде алдымен олардың біреуін
жойылтып (қарындашты жойылтып), онан кейін дәптер
санының екіге кемуіне негізделе отырып (2 дәптер 82
теңге) белгісіз сан табылады. Осындай шешу тәсілі жойылту
(арылту) тәсілі деп аталады.
2. Жорамалдау тәсілі.
Есеп 2. Кино билетінің алдыңғы қатардағы орындығының
бағасы 500 теңге, артқы орындығының бағасы 450 теңге.
Қазір 36 билет сатылып, сатудан 16900 теңге ақша жиналды.
Екі түрлі билеттің әр бірінен қаншасы сатылған?
Бұндай есептерді шарт пен сұралған мәселеге негізделіп,
жорамалдау тәсілін қолданып шешуге болады. 36 билет
түгелдей
алдыңғы
орындықтікі
деп
жорамалдасақ,