Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет38/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66

89 
 
14  кестеден  көретініміз,  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында  дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласында  маркетинг  бойынша  мамандарды 
даярлаудың бай тәжірибесі анықталған. 
        Кейбір  ЖОО-лардағы  арнайы  мамандықтар  бар  екендігі  де  анық:    «Дене 
шынықтыру-сауықтыру  саласындағы  менеджмент»,  «Спорт  және  сауықтыру 
саласындағы менеджмент» және т.б. 
Ендігі  кезекте  біз  жоғары  оқу  орындарында  дене  шынықтыру-сауықтыру 
қызметі  саласында  маркетинг  бойынша  мамандарды  даярлауға  бағытталған 
пәндердің  ретімен    танысуға  тырыстық.  Нәтижесін  төмендегі  15  кестеде 
көрсеттік: 
 
Кесте  15  -  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласындағы  мамандарды 
даярлау бағытындағы ЖОО аты және пәндері 
 
Курстың аты 
ЖОО 
Жасаушы автор  Сағат көлемі 
Спорт  маркетинг 
және менеджмент 
Беларус 
Республикасы, 
Полоцкий 
Мемлекеттік 
Университеті 
Еншин 
М.М.  
90с. 
Дене  шынықтыру-
спорт 
қызметі 
маркетингі 
П.Ф.  Лесгафт  атындағы  дене 
шынықтыру, 
спорт 
және 
денсаулық  мемлекеттік  ұлттық 
университеті. Ресей 
Састамойнен 
Т.В. 
 
70с. 
Спорт-сауықтыру 
қызметін 
сату 
технологиясы 
 
 
Великолук  мемлекеттік  дене 
шынықтыру 
және 
спорт 
академиясы 
Пузыня Т.А. 
80с. 
Дене  шынықтыру-
спорт  маркетингі 
қызметі 
Казань  (Приволж)  федеральдік 
университеті, Ресей 
Романюк О.Н. 
80с. 
Спорттық-
сауықтыру 
қызметі 
маркетингі 
Ресей  мемлекеттік  туризм  және 
сервис университеті 
Новикова Н.Г. 
80с. 
Дене  шынықтыру-
спорттық  қызмет 
маркетингі 
Волгоград  мемлекеттік  дене 
шынықтыру академиясы. Ресей 
Зубарев Ю.А.  
 
48с. 
 
15  кестеден  көретініміз,  Ресей  мен  Беларусь  мемлекеттерінде  дене 
шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша мамандарды 
даярлауға  бағытталған  пәндер  әзірленіп  оқыту  үрдісіне  еңгізілгендігі  айқын 
болды.  Осы  жағдай  біздің  авторлық  элективті  курс  бағдарламасын  жасауға 
негіз болды. 
Спорт ұйымдар желісін құру кезіндегі басты мақсат – халықтың бұқаралық 
спорт  қызметіне  сұраныстарын,  соның  ішінде  спорт  түрлері  бойынша  және 
тұрғындар  дәрежелері  бойынша  сапалық  және  сандық  өлшемдерін  анықтау 


90 
 
екендігі  жалпыға  мәлім.  Берілген  мақсатқа  тұрғындардың  ақпараттық  деңгейі 
және  тіршілік  салты  мен  спортқа  қатысты  көзқарас  деңгейі;  халықтың 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  және  оның  спорттың  отбасы  тіршілігіндегі 
алатын  орнына  әсері  және  т.б.  сияқты  түрлі  факторлардың  арнайылығын 
ескеретін  сұраныстың  біршама  толық  келбетін  көрсететін  маркетингтік 
зерттеулер арқылы қол жеткізуге болады. 
Біз дәлелдемелі эксперимент жүргіздік, оның барысында дене шынықтыру-
сауықтыру  қызметі  саласында  шұғылданатын  зерттелінушілердің  басты 
уәждемелері  айқындалды.  Осы  мақсатта  Н.В.  Кандаурова  жасаған  болжамды 
құрал  (сауалнама)  қолданылды.  Экспериментке  «Дене  шынықтыру  және 
спорт»,  «Бастапқы  әскери  даярлық»  мамандықтары  бойынша  Алматы 
қаласының  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті 
(ҚазҰПУ), Қазақ спорт және туризм академиясы (ҚазАСТ), Қазақ мемлекеттік 
қыздар  педагогикалық  университеті  (ҚазМемҚызПУ)  сияқты  үш  жоғары  оқу 
орнының 220 студенті қатысты.  
16  кестеде  берілген  зерттелінушілер  санының  сипаттамасынан  көріп 
отырғанымыздай,  олардың  жас  деңгейі  өзінің  болашақ  кәсіби  жолына  деген 
таңдауы саналы түрде жүретін кезеңді қамтиды. Таңдама көлемі жігіттерге де, 
қыздарға да қатысты қандай да бір заңдылықтарды айқындау үшін тиімді [237].  
 
Кесте 16 – Дәлелдемелі экспериментке қатысушылардың сипаттамасы  
 
Зерттелінуші 
студенттің 
жасы  
Таңдама көлемі, n 
Мамандығы 
Зерттеу өткізілетін орын 
Жігіттер 
қыздар 
18 -30  жас 
аралығы 
91 

- дене шынықтыру 
және спорт 
- бастапқы әскери 
даярлық 
Абай ат. Қазақ ұлттық 
педагогикалық 
университеті  
18 -30  жас 
аралығы 
69 

-  дене  шынықтыру 
және спорт 
Қазақ спорт және 
туризм академиясы,  
18 -30  жас 
аралығы 

60 

дене 
шынықтыру 
және 
спорт 
Қазақ 
 
мемлекеттік 
қыздар  педагогикалық 
университеті  
     
Барлық  зерттелінушілердің  басты  уәждемелері  берілген  сауалнамалардың 
нәтижелері 17-кестеде берілген. Қандай да бір уәждеменің мәнділігі пайызбен 
берілген. Әрбір зерттелінуші маңыздылық деңгейі бойынша уәждемені иеленді. 
Студентке  ұсынылған  10    уәждемеден  өзіне  маңызды  деген  бесеуін  белгілеу 
ұсынылды.  
17-кестеде  келтірілген  мәліметтерден  көріп  отырғанымыздай,  аталмыш 
жоғары  оқу  орындарындағы  уәждемелердің  мәнділігі  бірдей  емес.  Мысалы, 
ҚазҰПУ-да  «өзін-өзі  жақсы  сезіну  үшін»  деген  уәждеменің  маңыздылығы 
басым - 72,5%.  


91 
 
 
Кесте  17  ‒  Жоғары  оқу  орны  студенттерінің  дене  шынықтыру-сауықтыру 
сабақтарындағы уәждемелерінің мәнділігі  
 
Уәждемелер 
Алматы қ. Жоо 
ҚазҰПУ, % 
ҚазСТА, % 
ҚазМемҚызПУ, 

артық салмақтан құтылу  
15,3 
11,5 
53,3 
бойындағы 
кейбір 
кемшіліктерді 
түзету  
16,4 
20,2 
40,0 
күнделікті күйбең тіршіліктен құтылу  
25,2 
24,6 
25,0 
өзін-өзі жақсы сезіну үшін 
72,5 
65,2 
65,0 
бұл сәнді деп есептеймін (престижно) 
12,0 
10,1 
26,6 
«өз  ортасымен  бірге»  (құрбысымен, 
танысымен және т.б..) 
16,4 

8,30 
салауатты 
өмір 
салты 
менің 
тіршілігімнің  бұлжымас  бөлігі  деп 
есептеймін 
58,2 
71,0 
51,6 
аз қозғалу өмір салтын ұстану 
14,2 
4,30 
13,3 
сабақта өзін-өзі көрсете білу тілегі 
31,8 
5,70 
20,0 
басқалар 
(қайсысы 
екендігі 
көрсетіңіз) 
 
7,60 
17,3 
1,60 
 
Екінші орында «салауатты өмір салты менің тіршілігімнің бұлжымас бөлігі 
деп  есептеймін»  көрсететін  уәждеме  -  58,2%    және  үшінші  орында  «сабақта 
өзін-өзі  көрсете  білу  тілегі»  -  31,8%.  Сондай-ақ  маңызды  болып  «күнделікті 
күйбең  тіршіліктен  құтылу»  уәждемесі  қарастырылып  отыр-  25,2%.  Аталмыш 
уәждемелер ҚазҰПУ студенттерінің басты ұстанымдары болуы әбден мүмкін.  
Егер  ҚазҰПУ,  ҚазСТА  студенттерін  салыстырар  болсақ,  бұл  жерде 
басқаша  көрініс.  ҚазСТА  студенттері үшін біршама  маңызды  уәждеме  болып: 
ең  алдымен,  «салауатты  өмір  салты  менің  тіршілігімнің  бұлжымас  бөлігі  деп 
есептеймін» уәждемесі ең маңызды болып есептелінеді - 71,0%, екінші орында 
"өзін-өзі жақсы сезіну үшін" - 65,2% және үшінші орында " күнделікті күйбең 
тіршіліктен құтылу" - 24,6%. Бойындағы кейбір кемшіліктерді түзету уәждемесі 
басқалай  көрінеді  -  20,2%,  өйткені  спорттық  жоо  оқудың  басты  міндеттерінің 
бірі  –  атлетикалық  дене  бітімін  ары  қарай  жетілдіру  болып  табылады.  Айта 
кетерлігі,  егер  ҚазҰПУ  студенттерінде  берілген  уәждеме  басты  болып 
есептелінбейді, 
өйткені 
олардың 
спорт 
академиясы 
студенттерімен 
салыстырғанда атлетикалық дене бітімі туралы түсініктері әрқалай.  
ҚазМемҚызПУ    студент-қыздарын  алатын  болсақ,  олар  үшін  бірінші 
орындағы  уәждеме  «өзін-өзі  жақсы  сезіну  үшін»  уәждемесі  -  65%,    келесі 
орында  «артық салмақтан құтылу» - 53,3%, ары қарай  «салауатты өмір салты 
менің  тіршілігімнің  бұлжымас  бөлігі  деп  есептеймін»,  ал  төрттік  уәждеме 
«бойындағы  кейбір  кемшіліктерді  түзетумен»  айқындалады.  Қыздардың  ең 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау