175
жетіспеушілік байқалатын аудандарда еңбек ресурстарының тепе – теңдігіне әсер ететіп, сол
арқылы кӛші-қон кӛрсеткіштерінен кӛрініс таба отырып экономикалық – географиялық
мәнге ие болады.
Осыған байланысты халықтар географиясы пәнінің түрлі анықтамаларын байқауға
болады. Олардың ең қысқасы, В.В. Покшишевский бойынша: « Халықтар географиясы
дегеніміз халықтар мен елді мекендердің құрамы мен орналысуын зерттейтін экономикалық
географияның саласы», ол түрлі аймақтардағы халықтың қалыптасуын, оның құрылымын,
тығыздығы мен нақты жиынтықтарын (қалалық және ауылдық қоныстанулар) және де
қоныстану пішіндерін анықтаушы жағдайларды қарастырады [7]. 1971 жылы ММУ – де
басылып шыққан тағы бір басқа халықтар географиясының оқулығында былай деп
жазылған: «Халықтар географиясы халық саны, серпіні мен орналасуының аймақтық
айырмашылықтарын, сол айырмашылықтардың қалыптасу заңдылықтарын, елді мекендердің
аймақтық жүйелері мен олардың даму заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар халықтар
географиясы жер шарындағы және жекелеген елдер мен аудандар шегінде халықтың орын
ауыстыруын зерттейді». Халықтар географиясының анықтамасы бұдан да жинақты С.П.
Ковалев пен Н.Я. Ковальскаяның оқулығында берілген: «халықтар географиясы нақты
қоғамдық тарихи жағдайлар үшін сол халықтар ӛмір сүріп еңбектеніп жатқан халықтың
аймақтық топтары мен елді мекендер жүйесінің серпінін, табиғи орта жән шаруашылық пен
байланысын кешенді түрде зерттейді. Ол халықтың аймақтық топтары мен елді мекендердің
дамуының заңдылықтары мен аймақтық мәселелерін анықтайды» [8].
Зерттеудің мақсаты мен ауқымдылығына байланысты аймақтық топтар ретінде
жекелеген елдер мен олардың бӛліктерінің, ӛлкелердің, облыстардың, бӛлшекті
экономикалық аудандардың жекелеген қалалардың агломерациялары мен ауылдық
аудандардың халқы қарастырылуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың арасында
принципиалды айырмашылықтар жоқ екенін байқау қиын емес және салыстыруда олар
халықтар географиясы зерттейтін құбылыстар, үрдістер, мәселелер туралы кеңірек түсінік
беріп осы ғылымның тӛменде келтірілген жекелеген бӛлімдері мен бағытттарын бӛлуге
мүмкіндік береді:
Ӛндіріс географиясына байланысты теория мен қызмет салалары бойынша халықтың
құрылымы мен таралуының теориялық заңдылықтарын, қала мен ауыл халқының
арақатынасын қарастыратын халықтар географиясының жалпы мәселелері. Халықтың табиғи
қозғалыс мәселелері; халықтың кӛші – қон географиясы; халықтың қалалық және ауылдық
таралуының географиясы; еңбек ресурстарының географиясы; халықтар географиясының
тарихы; этнодемографиялық мәселелер; халықты картографиялау мәселелері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстанның Республикасының Конституциясы,
2. Статический Ежегодник Республики Казахстана, 2004 ж., т. 1. –78-85 с.
3. Покшишевский В.В. География населения СССР:Эконом.-географические очерки.
М.:ПРосвещение, 1999 –174 с.
4. Ковальская Н.Я. География населения СССР. М: МГУ, 1990, -142.
5. Борисова В.А. Демография.М.: НОТА ВЕНЕ, 1999, - 271 с.
6. Заславская Т.И. Миграция сельского населения. М.:Наука, 1990, с.-56-61
7. Демографические процессы и их закономерности./Под ред. Волкова А.Г. М.: 2006, с
– 59-63.
8. Демографический процесс и их закомерности. /под ред.Волкова А.Г., М.: 2006, с.- 87-
88.
9. Демографии./Под ред.Боярского А.Я.М.:Статистика,1974. с. –79.
10. Урланис Б.Ц. Народонаселение и его изучение (демографический анализ)
176
Аннотация
Бұл мақала халықтың халық, кӛші-қон, демография және демографиялық проблемалары
қарастырылады.
Аннотация
В
статье рассматривается воспроизводство населения, миграция, демография и
демографические проблемы населения.
Annotation
The article discusses the reproduction of the population, migration, demography and demographic
problems of the population.
ӘОЖ 895.85
БӚЛМЕ ГҤЛДЕРІН ӚСІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН НЕГІЗДЕУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ФИТОНЦИДТІК ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Бегалиева С., Қолпашбаева А., Унербекова А.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Үйде гүл ӛсіру әрі әдемілік, әрі бӛлме ауасын тазарту үшін таптырмас амал. Дегенмен
қандай гүлді ӛсіруді қолға алсақ та, алдымен оны күтіп-баптаудың қыр-сырын біліп алған
жӛн, Әтпесе босқа әуре болып қаларың сӛзсіз. Себебі әр гүлдің шығу тарихы, мекені әртүрлі.
Бір гүл жарық, күн сәулесі мол түсетін жерде жақсы ӛсетін болса, енді бірі қара кӛлеңкені
қалайды. Үй гүлдері, негізінен, екіге бӛлінеді. Бірі әдемі декоративті, жапырақты, сосын
гүлдейтін. Гүл құмарлардың кӛбі оларды араластырып ӛсіргі жақсы кӛреді. Гүлдейтін
гүлдердің күтімі ерекше екендігін үнемі ескеру керек. Сондай-ақ олардың қай кезде
гүлдейтінін білу керек. Біз үй гүлі дегенімізбен, олар ӛзге бір елдерде табиғатта ӛседі. Үйдің
жағдайын да сол табиғаттаға қалыпқа жеткізіп, топырағын, ылғалдылығын үнемі қадағалау
керек. Сол кезде ғана үй гүлі ӛз дәрежесінеде болып, гүлдейді.
Үй гүлдері сонымен қатар күнді жақсы кӛретін және алакӛлеңке жерде ӛсе беретін
болып бӛлінеді. Сондықтан үйде гүл ӛсііруді қолға алсаңыз, оны қай жерге қоятыныңызды
алдын ала ескеріп, дүкеншімен кеңесу керек. Ӛзіңіз қызығып, қалап сатып алған гүліңіздің
күнді қалайтынын немесе керісінше екндігін дүкеншіден біліп алған жӛн. Әйтпесе гүлдің
бабы болмай, қурап қалуы мүмкін. Дәрілік қасиеті бар гүлдер ӛте кӛп. Мысалы, бір ғана
алаказия гүлінің жапырағынан қаншама дәрі жасалады. Шырмауық гүлінің де түрлі емдік
қасиеті бар. Жапырақтарын жылы суға бір салып, кӛзге қоятын болсақ, кӛздің тамырларына
әсер етіп, шаршағанын басады. Кейбір гүлдердің адамның кӛңіл күйін кӛтеруге де ықпалы
бар.
Аулада ӛсіреге болатын 1-2 жылдық және кӛпжылдық гүлдер бар. Кӛпшілік, негізінен,
кӛпжылдық гүлдерді таңдайды. Жаңадан гүл ӛсіруді бастағанда түймедақ (ромашка), бақыт
гүлін (хрезентема) еккені дұрыс. Ӛйткені бұл гүлдердің күтімі жеңілдеу, аса күй талғамайды.
Аканик гүлін қазақтар «у қорғасын» деп атайды. Ӛйткені у қорғасыннан неше дәрілер
алынады. Үй гүлдерінде, негізінен, топырағы дұрыс болуы керек. Кӛп жағдайда суағары
болыу шарт, ӛйткені гүл шылқылдаған суда тұрса, кӛбіне ӛліп қалады. Мектептерде балалар
ӛсірген гүлдерде бұл жағдай жиі ұшырасады. Ыдыстың түбін теспей, гүлді егіп қояды да,
ұзамай қурап қалады.
Бӛлме ӛсімдіктерінің түрлері. Бӛлме ӛсімдіктерін ӛсіру үшін дұрыстап таңдап алу керек.
Олардың ӛсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына
сәйкестендірген дұрыс. Ӛсімдіктер ӛніп-ӛсу үшін жарық, температура, ылғал қажет.
Ӛсімдіктің жарықты сүйетін, кӛлеңкеге тӛзімді, сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін
қажет ететін түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |