Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет5/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99

10 
 
халық  әндері,  термелері,  толғаулары  оқушылардың  бойында  патриоттық  сезімді 
қалыптастыруда маңызы ӛте зор.   
Әл-Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсері жӛнінде, «Музыка – денені 
шынықтыратын  гимнастика  тәріздес,  ол  адамның  жанын  жетілдіреді.  Алдымен  ләззатқа 
бӛлейді,  одан  соң  құмарлықты  оятады,  қиялға  жетелейді»  -  деп  пікір  айтқан.  Ұлы  ойшыл 
Платон «Музыка жан-дүниеңді еліктіріп, тұрмыс-тіршіліктің қандай да болсын мұң-заласын 
ұмыттыратын сиқырлы күш»  - деген. Музыканың осындай құдіретті күшін сипайттай келе, 
ол  жоғарыдағы  айтылып  отырған  патриоттық  сезімді  оятуға  септігін  тигізері  анық  екендігі 
кӛзііміз жетіп отыр.   
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар кӛзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, 
табиғат, оның байлықтары, тіл, ӛнер, мәдениет, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған ӛлкедегі 
тамаша  киелі  орындар.  Олардың  адам  кӛкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық 
сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар кӛзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің 
арқауы.  Қасиетті  сезім  ананың  сүтімен  бірге  ӛзінен  -  ӛзі  келмейтін  баланың  бойында 
біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке 
келгенде  біржола  буыны  қатып,  тәжірибемен,  уақытпен,  біліммен,  қоршаған  ортаның 
ықпалымен,  балабақша,  отбасы,  мектеп,  жоғарғы  оқу  орындары,  бұқаралық  ақпарат 
құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстар  әсерімен  қалыптасады.   Патриоттық  сезім 
тұлғада тәрбие арқылы ӛсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке 
адам ӛз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.  
Мектеп 
оқушыларын 
патриотизмге 
тәрбиелеу 
мәселелерін 
зерттеген: 
С.Ешімханова,  Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми  - педагогикалық, 
психологиялық,  мектептегі  іс-тәжірибелерін  зерттеп  бақылау  нәтижесінде  мектеп 
оқушыларын  патриотизмге  тәрбиелеудің  бағыттары  тӛмендегідей  мәселелерді  кӛздейді: 
педагогикалық  практикадағы  мүмкіндіктерді  барынша  толық  қамтып  біртұтас  түрде 
оқушының  жеке  тұлғасына  ықпал  етудің  жүйесін  жасау;  әртүрлі  пәндерді  оқытуда  оның 
ішінде  музыка  пәнін және  музыкалық-әдеби,  тәрбиелік  іс-шараларды,  сыныптан  тыс 
жұмыстарды  ұйымдастыруда  тірек  болатындай  сипатқа  ие  болу,  бұл  бағытта  жас  буынды 
патриотизмге  тәрбиелеудің  теориясы  мен  практикасына  қатысты  қазақстандық,  ұлттық 
тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде   қолдану жолдарына 
кӛмектесуі керек.  
Қазақи  тәлім-тәрбиенің  қайнар  кӛзі  ұлттық  фольклорда.  Фольклордан  нәр  алып  ӛскен 
бала  әр  сӛздің  мәнін,  әннің  құдіретті  күшін  түсініп,  бойына  тазалық,  адамгершілік,  Отанға 
деген  сүйіспеншілік  қасиеттерін  жинауы  сӛзсіз.  Мағыналы  ән  терме  адамды  ойландырмай 
қоймайды. 
Терме - қазақ поэзиясы мен вокалдық ӛнердегі бірлескен жанр. Терме  – халқымыздың 
қадірлі  ӛнері  ретінде  танылып,  ӛсер  ұрпаққа  тағылымы  бар  ғибрат  береді.  Мұнда  ӛмірмен 
ӛлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандықты жырлайды. Заман талабына орай түрлі 
тақырыптарды  қозғап,  философиялық  қорытынды  жасайды.  Бұған  Асан  қайғы,  Қазтуған, 
Бұқар  жыраулардан  бастап,  Махамбет,  Базар,  Қашаған,  Нұрым,  Майлықожа,  Нұралы, 
Жамбыл, Мұрын жырау, Тұрмағамбет секілді сӛз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал 
келтіруге  болады.  Термеде  патриоттық  сезімді,  эмоциялық  әсерді  күшейту  үшін,  музыка 
әуенінің ырғақты түрлері, қайталаулар жиі қолданылады. 
Жастарды  патриоттық  рухта  тәрбиелеу  жауынгер  жыршысы  Махамбет  Ӛтемісұлының 
ӛлеңдерінде ӛзекті орын алады. Ол ӛз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар – 
намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай ӛлеңін алсақ та, халыққа адал 
қызмет  ет,  еліңді,  жеріңді  жаудан  қасық  қаның  қалғанша  қорға,  әділет  үшін,  халық  үшін 
ӛкінбей  ӛлу  азамат  ердің  ісі  деген  аталы  сӛз  ӛрнектеледі.  Осындай  халықшылдық  идея, 
елжандылық  сезім  жастардың  жүрегінен  терең  орын  алып,  оларды  белсенді  іс-әрекетке 
баулиды.  Махамбет,  Ақтанберді,  Шал,  т.б.  ақын-жыраулар  шығармасында  ерекше  сӛз 
болатын  ерлік,  Отанын,  елін  жерін  жаудан  қорғай  білушілік,  отбасы,  ауыл-аймақ,  ел 
намысын  қорғау  жолында  жан  аямаушылық  сияқты  ізгі  қасиеттерді  дәріптей  отырып, 


11 
 
жастардың  бойына  елжандылық  пен  интернационализмді,  гуманистік  қасиеттерді  сіңіре 
аламыз [7]. 
Профессор М. Ғабдуллин ӛзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі 
жастарды  елжандылық  рухта  тәрбиелеуде  ақын-жыраулардың  ӛнеге  сӛздерінің  белгілі 
мӛлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. 
Халықты  сүй,  халық  үшін  ерлік  еңбек  ет,  ел-жұртқа  қорған  бол  деушілік  қазіргі  күнде 
ескірген  сӛздер  емес,  қайта  мағыналы,  мәнді  сӛздер.  Сондықтан  бұлардың  ішінен 
жастарымыздың тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр 
үстіне  нұр  болар  еді»  дейді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақтың  ұлы  ойшылдарының 
кемеңгерлік  ой-пікірлерін  оқу-тәрбие  ісінде  орынды  пайдалана  отырып,  оқушы-жастарды 
ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы. 
Тәрбиедегі  басты  бағыт  делінген  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында:  «Әрбір  адам  ең 
алдымен ӛз халқының перзенті, ӛз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы 
тек  ӛзіне  байланысты  болатынын  есте  ұстауға  тиіс.  Оның  осындай  тұжырымға  тоқталуына 
ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер кӛптеп кӛмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық 
мәдениетке аяқ басып, ӛз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете 
алады.  Сондықтан  әрбір  ұрпақ  ӛз  кезінде  ӛткенінің  тағдыры  мен  талаптарын,  объективті 
факторлар  ретінде  ұсынып,  сол  арқылы  жас  ұрпақты  ӛмірге  даярлап,  оларды  жинақталған 
бай  тәжірибе  негізінде  тәрбиелей  отырып,  ӛзінің  ата-бабаларының  рухани  мұрасын  игере 
түсуі  керек»  екендігін  айтылған.  Қазіргі  кезеңдегі  саяси,  экономикалық  жағдайдың 
тұрақсыздығы,  тұрмыстағы  күйзеліс,  ұлтаралық  қатынастардың  шиеленісіне  түсуі, 
адамгершілік  құндылықтардың  құлдырауы,  білімге,  адал  еңбекке  деген  жастардың 
ынтасының  азаюы,  зорлық-зомбылық  пен  қатыгездіктің  бел  алуы  т.б.  проблемалар  жастар 
тәрбиесіне  жаңаша  қарауды  талап  етіп  отыр.  Осы  ретте  бүгінгі  экономикалық  әлеуметтік 
саяси  ӛзгерістермен  байланысты  оқушы-жастарды  ізгілік,  имандылық  тұрғыда  ӛмір  сүріп 
шығармашылықпен  еркін  еңбек  ете  алатын,  бәсекелестікке  бейім,  ӛмірге  икемделгіш, 
ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды топтастыру мен тұтастықта меңгере алатын және 
ӛзін- ӛзі дамыта алатын жаңа азаматты тәрбиелеудің қажеттігі туындауда [8]. 
Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани ӛмірін дамытуда әр адамның 
жеке  тұлғасы,  азаматтық  келбеті,  адамгершілігі,  отаншылдығы,  ұлтжандылығы,  еңбекке 
деген  шығармашылық  қабілеті  мен  белсенділігі  шешуші  роль  атқарады.  Жас  ұрпақты 
осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз-жетекшінің атқарар жүгі мол. 
Әрине,  бұл  жолда  оқу-тәрбие  ісін  жаңаша  ұйымдастыру,  жаңа  оқу  тәрбие  бағдарламалары, 
тәрбие  құралдары  да,  техникалық  жабдықтар  да  қажет.  Бәрінен  де  жас  ұрпаққа  рухани 
дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын 
музыка  пәні  мұғалімінің  орны  бӛлек.  Музыка  мұғалімі  ӛз  бойында  ӛнердің  сан  қырын 
сіңірген  сӛйлеу  мәдениеті,  кәсіби-педагогикалық,  музыкалық  орындаушылық  дайындығы 
жоғары  қабілетті,  іскер,  іздемпаз  маман  болуы  тиіс.  Бәрімізге  аян,  музыка  балалардың 
қиялын,  талғамын,  мәдениетін,  ӛнерге  деген  сүйіспеншілігін  дамытады.  Музыка  пәнімен 
байланысты  берілетін  тәрбие  шаралары  мазмұны  мен  кӛркемдігі  арқылы  оқушылардың 
идеялық кӛзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, ӛмір құбылыстарын 
дұрыс түсініп, қабылдауға жәрдемдеседі [9].  
Мектеп  оқушыларында  шығармашылық  қасиет  айқын  байқалатыны  бәрімізге  белгілі, 
олар біреудің сӛйлеу мәнерін айнытпай сала қояды, ертегінің кӛркем мазмұнын, тарихты, ән-
күйді, музыкалы пьесаны тез қабылдайды. Оларға табиғи белсенділік, ӛз күшінен сенімділік 
тән.  Мұның  барлығы  оқушының  шығармашылық  дамуының  қайнар  кӛзі.  Шығармашылық 
есте сақтауды, ойлауды, байқағыштықты, мақсаткерлікті белсенді ете түседі.  
Білім  беру  мәселесі  барлық  ұстаздардың  соның  ішінде  музыка  мұғаліміне  тікелей 
байланысты.  «Ӛткенсіз  келешек  жоқ»  -  дегендей  ұстаздардың  мақсаты  -  ата-бабаларымыз 
қалдырып  кеткен  халықтық-музыкалық  шығармашылыққа  жаңаша  леп  беріп,  келешек 
ұрпаққа  дәріптеп,  кез  келген  шығармалардың  мағынасына  ден  қойып,  оларды  бір-бірімен 
байланыстыра отырып  тәрбиелеу. Осының бәрін білген ұстаз ғана оқушыға музыка ӛнерінің 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау