8
буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен
ұлыстар тек ӛз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып
біліп, құрметтеуі тиіс [3].
Ежелгі грек жерінде пайда болған грек сӛзі patriotes - дүниежүзілік қауымдастықтың
даму тарихына және мемлекеттердегі саяси жағдайларға байланысты сан алуан сипат пен
мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, ХҮІІІ ғ.
француз материалистері, неміс философтары, орыс революционер - демократтары, қазақ
ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбааев т.б. еңбектері мен
шығармаларынан отансүйгіштік, оған деген сүйіспеншілік кӛрініс тауып отырған. Олар әр
кезеңдерде ӛз туған жеріне, Отанына, ұлтына, тайпасына қатынасы бойынша қоғамдағы
географиялық, саяси әлеуметтік және мәдени ортасына байланысты құндылықтар
жинақталып, жаңа сипатқа ие болып отырған. Бүгінгі күнге сақталып, тәуелсіз қалыптасқан
мемлекет дәрежесіне дейін кӛтеріліп отырған қазақ халқының тарихына кӛз жіберсек, қазақ
даласында ӛсіп ӛнген ақын- жыраулар халыққа ӛнегелі сӛздерімен ықпал етіп, оларды іргелі
ел, берекелі жұрт болуға шақырған.
Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы
халықтың (ӛлең, мақал – мәтелдер, эпостар және т.б.) патриоттық тәрбиеге қойылған талап
тілектерін, ой – пікірлерін кӛрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік – патриоттық
тәрбиесіне деген ықпалын ӛзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап
жазған. Шоқан ӛз халқының мәдени құндылықтарын маржандай тізіп жинауы, олардың
тәрбиедегі мәнін кӛрсете білуі, оған ӛзінің кӛзқарасын білдіруі - ӛзінің Отанына, халқына, елі
мен жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі, патриоттық сезімі мен ұлттық намысының
жоғары деңгейді қалыптасуының кӛрсеткіші. Шоқанның Отанға деген сүйіспеншілігінің
қалыптасуына, патриоттық сезімінің жетілуіне, адами дүниетанымының дамуына бірнеше
факторлар әсер етті.
Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына
туған жері Кӛкше ӛңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек
батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан
Айғанымнан естіген ертегі, аңыз - әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның
ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында
жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының
мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, ӛз халқының рухани жағдайын жақсы
түсінгенін, оның болашағына сенгенін кӛрсетеді. Оның ӛз халқының тарихын жақсы білуі,
батырлар ерлігін нақты деректер арқылы әсерлі әңгімелеуі кімді де болса таңдандырмай
қоймайды [4].
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай
шығармаларында жақсы кӛрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық
ауызекі шығармаларының рӛлін ӛте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала
жастан меңгерген, ӛзінің ӛлеңдері мен қатар сӛздерінде ӛте ұтымды пайдаланған. Абай
«қазақ ертегілері мен аңыздарын, ӛлеңдері мен жырларын, мақал-мәтелдері мен
жұмбақтарын бала кезден естіп, бойына сіңіріп ӛсті және ұдайы қалың елдің ішінде, ӛмір
бойы фольклорлық дәстүр арасында болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер
дауының куәгері болды. Абай ӛзінің еңбегінде халықтың ауызекі шығармаларын, кӛркем
ӛнердің шебері, эстетика ӛкілі ойшыл ақын ретінде пайдаланады. Ол ӛзінің қара сӛздерінде
(отыз тоғызыншы т.б.) және «Біраз сӛз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты
еңбегінде 10 мақалға талдау береді. Мақалдарды халықтың ӛмірімен және тарихымен тығыз
байланыстыра алып қарайды және қоғамдық мәні тұрғысынан бағалайды, мақал-мәтелдерді
талдау барысында адамгершілік, ұлт жандылық, ынтымақтастық, ел тарихы мәселелеріне аса
назар аударады, оларды зұлымдық, сұрқиялық, екіжүзділік, барымташылық тәрізді
жағымсыз мінез-құлықтармен салыстырмалы түрде қарастырады. «Отыз тоғызыншы
сӛздегі» («Аз араздықты қуған кӛп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да, безері
болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, тӛртеу түгел болса, тӛбедегі келеді»
мақалдары арқылы халықты гуманистік кӛзқарасқа шақырады, елдегі тыныштық,