Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет3/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99


 
үлкенге  деген  құрмет;  кiшiге  деген  iлтипат;  жасӛспірімнің  тұлғалық  дамуына  олардың  жас 
ерекшелiктерiне  байланысты  қатынас;  әулеттегi  жақсы  дәстүрдi  үлгi  ету  арқылы  бала 
қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. 
Қылмысқа барған жеткіншектер  қылмысының алдын алу барысында қылмысқа барған 
жасӛспірімдердің  биологиялық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  әлі  де  болса  қалыптаса 
қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының 
барлық  ерекшеліктеріне,  атап  айтсақ,  жас  және  психологиялық,  әлеуметтік  және  ӛнегелік, 
әлеуметтік-демографиялық  және  құқықтық  ерекшеліктеріне,  сондай-ақ  олардың  тәрбиелік 
деңгейіне,  біліміне,  қажеттіліктеріне,  нанымына,  әрекет  мотивациясына  ерекше  кӛңіл 
бӛлуіміз қажет. 
Қылмысқа  барған  жасӛспірімдер  тұлғасының  жекелеген  ерекшеліктерін  қылмыстың 
алдын  алу  барысында  ескеру  алдын  алу  жұмысының  тиімді  әрі  нәтижелі  болуына  міндетті 
түрде ӛз септігін тигізеді. Қылмысқа барған жасӛспірім тұлғасына тән ерекшеліктердің бірі 
ретінде олардың құқықтық және ӛнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуі 
танылады.  Жасӛспірімнің  ӛнегелік  санасы  бұрмаланған  жағдайда  оның  құндылықты 
бағдарлары,  қызығушылығы,  қажеттілігі,  дүниеге  деген  кӛзқарасы,  ӛнегелік  позициясы, 
адамгершілік  бейнесі  мен  сана-сезімі  ӛзгеріске  ұшырап,  теріс  сипатқа  ие  болады.  Ал 
құқықтық  сананың  тӛмендеуі  қылмысқа  барған  жасӛспірімдердің  кӛптеген  қылмысты  
жасауына,  заң  талаптарына  ӛз  мәнін  түсінбеуіне  әкеп  соқтырады.  Бұл  жағдайлардың 
барлығы  қылмысқа  барған  жасӛспірімдердің  дұрыс  жолдан  тайып,  қылмыс  жасауының 
бірден-бір  себебі  болып  табылады.  Осыған  орай,  жасӛспірімдердің  қылмыстылығының 
алдын  алу  үшін  ең  алдымен  құқықтық  және  психологиялық  жағынан  моральдық,  ӛнегелік 
тәрбие беру қажет. 
Жасӛспірім  бойында  еңбекке  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыру  аса  маңызды  мәнге 
ие.  Ӛйткені  кез-келген  жасӛспірімді  ең  әуелі  отбасы,  одан  кейін  мектеп  және  барлық 
жағдайда  еңбек  тәрбиелейді.  Еңбек  ету  қажеттілігі  болған  жерде  тәртіптің  бұзылуы  және 
жасӛспірімдердің  қылмыстық  әрекеті  ӛте  сирек  кездеседі.  Жастар  мен  жасӛспірімдерге 
арналған  әлеуметтік  қызметтер  кешенін,  оның  ішінде,  әлеуметтік-психлогиялық  кӛмек 
орталықтарын,  наркологиялық  қызметтер,  жасы  кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушыларға 
арналған  әлеуметтік  сауықтыру  мекемелерін,  заңдық  кӛмек  беру  және  демалыс 
орталықтарын жер-жерлерде кӛптеп құру кӛптеген тиімді нәтижелерді береді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Еникеев М. И. ‖Юридическая психология‖, Питер, 2005.  
2. Жадбаев Х. С. ‖Криминология‖, Алматы, 2002.  
3. Кудряцева Н. Ф. , В. Е. Эминова. ‖Криминология‖ 
4. Райс Ф. ‖Психология подросткого и юношеского возраста‖, Алматы, 2002.  
5. Қазақстан жоғарғы мектебі. Журнал 2004 ж. № 1.  
6. Қазақстан региондары. Статистикалық жиын. 2004 жылы.  
 
Аннотация 
Берілген мақалада жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру жолдары қарастырылған.  Мектептегі 
үлгерім,  ажырасқан  отбасыларының  кӛптеп  кездесуі,  пайдалы  іспен  айналыспауы,  сыртқы  ортаның 
әсері  заң  бұзуға,  қылмыс  жасауға  итермелейтін  факторлардың  бірі  болып  табылатындығы  нақты  
талданған.  Автор  жасӛспірімдер  арасында  осындай  қылмыстарды  болдырмау  мақсатында  
жүргізілетін іс-шараларға тоқталған. 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматриваются  пути  правового  воспитания  подростков.  Конкретно 
проанализированы  то,  что  успеваемость  в  школе,  множество  разведенных  семей,  незанятость 
подростков полезным делом, влияние внешней среды являются одним из факторов, подталкивающих 
правонарушениям,  преступлениям.  Автор  с  целью  предотвращения  таких  преступлений  среди 
подростков подробно остановилась на мероприятиях, оказывающих положительное влияние.   
 



 
Annotation 
This article examines  the ways of  legal education of teenagers. Specifically analyzed that the school 
performance,  a  lot  of  divorced  families,  inoccupation  of  teenagers  with  useful  things,  the  effect  of  the 
external  environment  are  one  of  the  factors  which  drive  offenses,  crimes.  Author  to  prevent  such  crimes 
among teenagers stopped at the events in detail, that having a positive impact. 
 
ӘОЖ 37.018:78.01 
      Ж 26 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҦЛТТЫҚ МУЗЫКАСЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Жантаева М.К. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: 
…азаматтық  пен  елжандылыққа,  ӛз  Отаны  –  Қазақстан  Республикасына  сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» десе, ал орта 
білімді  дамыту  тұжырымдамасында  «…тәрбиелік  жұмыстарды  қазақстандық  патриотизм, 
азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру» – керек екендігі кӛрсетілген. 
Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі 
барлық  қоғамдық,  мемлекеттік,  саяси,  мәдени-рухани  тақырыптардың  ӛзегіне  айналуда. 
Бүгінгі  таңда   жеке  адамдар  арасында  да,  әлеуметтік  топтар  арасында  да  шиеленістері 
мол, қарқынды  дамып  жатқан  заманда,  ӛзіңнің  кімді  жақтайтыныңды,  қажеттілік  туындай 
қалса  кімді  қорғайтыныңды,  қай  елдің  мүддесі  үшін  еңбек  ететініңді,  ӛз  әлеуетің  мен 
күшіңді,  идеяларыңды  қай  елдің  игілігіне  қолданатыныңді  білген  абзал.  Осының  бәрінен 
патриотизм сынды күрделі  сезім қалыптасады. Барлық  елдер ӛз азаматтары, әсіресе жастар 
жағы патриот болғанына, сол елдің жетістіктері және мәдениетін мақтан тұтып, ел байлығын 
кӛбейтіп, ӛзінің және ӛз балаларының болашағын осы елмен байланыстыруына мүдделі. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  «Жастарды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  және  олардың 
азаматтық  белсенділігін,  әлеуметтік  жауапкершілігін  және  әлеуетін  ашу  тетіктерін 
қалыптастыру жӛніндегі шаралар кешенін іске асыру» [1], және Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы Заңының» Білім беру жүйесінің міндеттері атты 11-бабында  «Жеке адамның 
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты 
ӛмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдай  жасау 
арқылы ой-ӛрісін байыту...», - деп жастардың болашағы жайлы айтылған [2].  
Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, ӛз тілі мен мәдениетіне, ұлттық 
құндылықтарына  жеке  қатынасын,  ӛзіндік  бағасын  түйсінуін,  қуаттап  қолдауын 
пайымдайтын сезім кӛрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді 
«әр  этностың  ұлттық  сезімін  сыйлап,  бірден-бір  ұлтпен  қарама-қайшылық  туғызбау»  -  деп 
белгілеген. Егемендік  алған  бастапқы  күндерден-ақ  патриотизм  ұғымы,  оның  мазмұны 
тӛңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патриотизм, «қазақстандық патриотизм» - 
деген  екі  ұғымның  туындағаны  белгілі.  Бірақ,  ӛсіп  келе  жатқан  жас  буындарды 
отаншылдыққа  тәрбиелеуде  бұл  екі  ұғымның қайсысын  ұстанған  жӛн;  олардың  мазмұндық 
құрылымы  қандай  ой-тұжырымдар  жүйесінен  тұрады;  бұдан  былайғы  кезде  жастарды 
патриотизмге  бұрыннан  қалыптасқан  әдіс-тәсілдері,  формалары  мен  мазмұнын  қолдануға 
бола  ма?,  -  деген  сияқты  кӛптеген  проблемалар  туындап  отыр. Бүгінгідей  демократиялық 
бағыт  ұстанып  отырған  қоғамда,  балалар  мен  жастардың  тағдыры  ӛздеріне,  отбасының 
материалдық  ахуалына  байланысты  болып  отырған  жағдайда  патриотизмнің  маңызын 
айқындау  басты  мәселелердің  бірі  екені  даусыз. Біздің  пікірімізше,  ӛсіп  келе  жатқан  жас 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау