76
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға
сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға,
сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұр-
мыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралда-
рымен қамтамасыз етілуге;
3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс
орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру
жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау-
ды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға
өзі немесе өз өкілі арқылы қатысуға;
5) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық
қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және
денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған
кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге
жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тар-
туға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау үшін қажетті білім
алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның ау-
мағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және ең-
бекті қорғау туралы, денсаулығына зақым келу тәуекелі туралы,
сондай-ақ оны зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор-
лардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат
алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға
сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла
тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына құқығы бар.
Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы мiндеттерi (ЕК-нің 181-бабы):
77
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар-
дың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
2) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсау-
лығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) бел-
гілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына
қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс берушіге немесе жұмысты
ұйымдастырушыға дереу хабарлауға;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап
тексеруден, сондай-ақ ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі
және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
4) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісін-
де көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан
кезде профилактикалық медициналық қарап тексеруден өтуге;
5) мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының
еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де на-
шарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құрал-
дарын мүлтіксіз қолдануға және оларды мақсат бойынша пайда-
лануға;
7) мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі
техникалық инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талапта-
рын және медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықты-
ру іс-шараларын орындауға;
8) жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбек-
ті қорғау бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тек-
серуден өтуге міндетті.
Жұмыс берушi қызметкерлердi жұмыс орындарында қолайлы
еңбек жағдайларын жасағаны, қауiпсiз еңбек жағдай-ларын жа-
сау жөнiндегi өнертапқыштық ұсыныстары үшiн ынталандыруға;
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiн-дегi талаптарды бұ-
затын қызметкерлердi жұмыстан шеттетуге және тәртiптiк жауап-
кершiлiкке тартуға құқығы бар.
78
Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау саласындағы мiндеттерi (ЕК 182-бабы):
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмыскерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдай-
ларын жасауға жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау
жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды
бұзатын жұмыскерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұ-
мыстан шеттетуге және тәртіптік жауаптылыққа тартуға;
3) жұмыскерден өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөнін-
дегі талаптарды мүлтіксіз сақтауды талап етуге;
4)жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында
және жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда профи-
лактикалық медициналық қарап тексерулерге меншікті қаражаты
есебінен жіберуге құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
1) профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологи-
ялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру арқылы
жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез кел-
ген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәсе-
лелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін
тексеруді өткізуге, сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен өн-
дірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжат-
тармен қамтамасыз етуге;
3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек
жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, кадрлардың білік-
тілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір
реттен сиретпей мерзімділікпен басшы жұмыскерлер мен еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты
адамдарды еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымда-
стыруға;
4) жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдай-
лар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бел-
Достарыңызбен бөлісу: |