Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тиым салынады!

Орағышы мен оқшаулаушысы зақымдалған 

сымды қолдануға. 

Жақындарыңның қамын ойла 

Қауіпсіздік  техникасын  сақтаумен  қатар 

жұмыс  кезінде  нысанда  жұмыс  істеп  жатқан 

кез келген адам қандай да бір оқыс жағдайлар-

да зардап шеккен (зақым алған) адамға дәрі-

герге дейінгі көмек көрсете алуы тиіс. 



МАҢЫЗДЫ! 

Қалыпты  бекіткіштер,  механикаландыру 

құралдары немесе электр аспаптары, дәнекерлеу 

аппаратында ақау бары анықталғанда, сондай-ақ, 

темір бетон конструкцияларының бетондалмаған 

арматурасында  немесе  қалыптың  металл  бөлік-

терінде  және  көмекші  құралдарда  электр  тогы 

пайда болғанда жұмысты тоқтатып, бұл жайында 

бригадирге, прорабқа немесе шеберге хабарлап, 

кемшілікті жою шараларын қолға алу қажет. 



Есте сақтаңыз! 

Қауіпсіздік  техникасын  мүлтіксіз  сақтаңыз 

және өз өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төн-

дірмеңіз. Сізді үйде туыстарыңыз бен жақында-

рыңыз күтіп отыр! Өзіңізді сақтаңыз! 

Дәнекерлеушісіз монолит құя 

алмайсың

Орнатылған элементтерді бекітуге қа­

тысты  электрмен  дәнекерлеу  жұмыста­

ры мен арматураларды дәнекерлеу алдында 

мына жайттар тексерілуі тиіс:

– электрмен дәнекерлеу аппараты, аппарат 

корпусының  оқшауландырылуы,  дәнекерлеу 

сымы  мен  электрлі  қозғалтқыштың  дұры-

стығы  (алыстан  басқарылатын  аппараттар-

дың);


–  дәнекерлеу  аппаратының  тұйықталуы-

ның болуы мен дұрыстығы;

–  дәнекерлеу  жасалатын  орынға  жақын 

маңда (5 метрден астам) оңай тұтанатын зат-

тардың болмауы.

Ашық  алаңда  орналастырылған  дәнекер-

леу  агрегаттары  мен  аппараттары  атмосфе-

ралық  жауын-шашыннан  бастырмалармен 

немесе брезентпен және механикалық зақым 

келуден қорғалуы тиіс.

Қуат беруші желі мен қолмен имектеп дә-

некерлеуге арналған жылжымалы дәнекерлеу 

агрегаты  арасындағы  қашықтық  15  метрден 

аспауы керек. Механикалық зақымнан сақтау 

үшін сымдар резина құмыршекке салынады. 

Дәнекерлеу  жұмыстарын  биікте  көмек-

ші  құралдарда,  тұғырлар  мен  бесіктерде 

тұрып  атқаруға  тек  осы  құрылғылардың  ор-

нықтылығын  жұмыс  жетекшісі  тексеріп, 

төсеніштің  тұтануын  және  еріген  металдың 

төменде жұмыс істеп жатқан немесе өтіп бара 

жатқан адамдарға түсуінің алдын алатын ша-

ралар  қолға  алынғаннан  кейін  ғана  рұқсат 

етіледі. 

Биіктікте  жұмыс  істейтін  дәнекерле-

ушілердің  қолында  электродтарға  арналған 

сауыт пен тұқылдарға арналған сөмке болуы 

тиіс. Тұқылдарды құрылыс алаңына тастауға 

тиым салынады. 

Ашық  электрлі  имекпен  жұмыс  кезінде 

электрмен  дәнекерлеушілер  беті  мен  көзін 

шлем-маскамен немесе қорғаныш шынылары 

–  жарық  фильтрлері  бар  қалқанмен  қорғай-

ды. Балқыған металлдың шашырауы мен жа-

рық фильтрінің кірлеуінен қарапайым шыны 

арқылы  сақтанады.  Дәнекерлеуші  жұмысты 

тығыз матадан тігілген арнайы қорғаныш ко-

стюмі мен жабық аяқ киіммен атқара алады. 

Электрмен  дәнекерлеушілерге  көмекте-

сетін  жұмысшылар  да  жағдайға  байланысты 

қалқан мен көзілдірікпен қамтамасыз етіледі. 

Қосындымен дәнекерлеуге арналған автомат-

тарға қызмет көрсету кезінде көк жарық филь-

трі бар қабыршақты ілдірігі бар көзілдірік кию 

қажет. 

дмитрий маслактың «БАзИс» компа-

ниясында жұмыс істеп келе жатқанына - 5 

жыл болды. қазір ол № 3 қмБ-ның  уча-

сток  бастығы.  Ол  және  оның  бригадасы 

Алматыдағы    Royal  Gardens  тК  қасбет 

және монтаждау жұмыстарын атқаруда. 

– Біздің мамандығымыз – ең маңызы да жа-

уаптылардың  бірі.  Бетон  құюшылардың,  тас  қа-

лаушылардың,  сылақшылардың  жұмысы  көзге 

көрінбейді,  себебі,  ол  жұмыстардың  барлығы 

әрлеудің  астында  қалып  қояды.  Ал,  біздің  жұ-

мысымыз бірден көзге түседі. Егер қандай да бір 

кемшілік табылып жатса, сөз бізге келеді, себебі, 

біздің  жұмысымыз  –  бұл  нысандардың  бет-бей-

несі. Барлық құрылыс жұмыстары біткеннен кейін 

ғимаратты әсем кейіпке біз келтіреміз. Қазір Royal 

Gardens-те істеп жатырмыз – қасбетті әрлеудеміз. 

Менің  үнемі  әлемді  әдемірек  еткім  келетін, 

құрылыс саласын таңдағаным да сондықтан. Бар-

лығынан  бұрын  маған  басшылықтың  біздің  жұ-

мысымыздың  нәтижесін  қарап  тұрып  «Барлығы 

қандай жақсы әрі әдемі шыққан!» деп айтатыны 

ұнайды. Мамандығымды жақсы көремін. 

Өзім  құрылысына  қатысқан  барлық  нысан-

дардың  ішінде  маған  Алматыдағы  Н.Назарбаев 

зияткерлік  мектебі  ұнайды,  себебі,  мектептің 

қасбетін біздің ҚМБ командасы жасады.

Мен үшін ең ауыр нысан «БАЗИС» Алматы қа-

ласының Алатау ауданында салып жатқан 12 000 

орынға арналған Мұзды арена. Біз қасбет жұмы-

старын атқардық – сыладық, гранитпен қаптадық. 

Кезекті  нысанды  аяқтағаннан  соң  демалып 

үлгермей  жатып  келесісіне  кірісеміз.  Жұмы-

стың көптігі соншалық кейде атқарған еңбегіміз-

ге  марқайып  та  үлгермей  жатамыз.  Алайда,  біз 

аяқтаған нысанға жол түсе қалғанда оған қарай-

мын  да  бойымды  қанағаттану  сезімі  билейді, 

ішімнен:  «Бұл  нысанды  мен  салдым!»  деймін. 

Мұндай сәттерде балаларымды алып келіп, «Қа-

раңдаршы,  мұны  мен  салдым,  сендердің  әке-

лерің!» дегім келеді.  

Екі балам бар – ұл мен қыз. Үй салып жаты-

рмын,  ағаш  отырғыздым.  Ендігі  менің  арманым 

– балаларыма жоғары білім беру. Қызым рестора-

тор болуды армандайды, ал, ұлым ТЖМ қызмет 

еткісі  келеді.  Армандарына  жетіп,  әкелерін  де 

ұмытпауын қалаймын. 



Ақылбек  дәрібаев  «БАзИс»  компани-

ясына 2006 жылы келді. қазір Астанадағы 

City Palas нысанында ағаш ұстасы болып 

еңбек  етеді.  Оның  міндеті  қалып  жасау 

және оны орнату, қажет кезде арматура бай-

лап, бетон құяды. 

– Мен – ағаш ұстасымын. Жоба бойынша 

арнайы  қалыптар  дайындаймын.  Сондай-ақ, 

мен арматураны байлауды және бетон құюды 

жоғары  деңгейде  жасаймын.  Мені  әмбебап 

маман деуге де болады. (Күледі). 

Маған  кәсібім  өте  ұнайды.  Бұрын  үл-

кен  ағам  құрылыста  істеген,  өз  жолымды 

құрылыс  саласынан  соған  қарап  таңдадым. 

Құрылысшы  –  бұл  ең  жақсы  мамандық,  се-

бебі,  біз  келешек  ұрпаққа  әсем  де  пайдалы 

сәулет  нысандарын  мұра  етіп  қалдырамыз. 

Құрылысты  динамикалылығы  үшін,  жасам-

паз еңбек болғаны үшін жақсы көремін. 

Маған  «БАЗИСтің»  Астанада  салып 

жатқан  нысандары  қатты  ұнайды.  Ешқай-

сысын  бөліп-жарып  айта  алмаймын,  себебі, 

әр  нысан  өзінше  қайталанбайтындай  әдемі, 

өзінің ерекшеліктері бар. ЕХРО нысандарын-

да жұмыс істедім, Астанадағы ең қайталанбас 

ғимараттардың бірі «Изумрудный кварталды» 

салдым.  Оқушылар  сарайы  мен  «Шабыт» 

сарайын, 48 қабатты «Северное Сияние» ТК 

тұрғыздым. Биіктіктен қорықпаймын, нысан-

дарымыздың ең биік ұшар басында да өзімді 

жақсы сезінемін. 

Отбасым  -  жұбайым,  ұлым,  қызым  бар. 

ұлым – Мадияр бірінші сыныпқа барады, ал, 

қызым Аружан – балабақшада. 

Біз,  құрылысшылар,  белсенді  өмір  сал-

тын ұстанамыз, жұмыста көп қимылдаймыз. 

Түрлі құрал-сайман, құрылыс материалдарын 

алып қабаттан қабатқа жүгіреміз, ол спорттың 

кез-келген түрін алмастыра алады. 

Менің ең басты арманым – отбасыма үлкен 

үй  сатып  алу  немесе  салу.  Мемлекетіміздің 

абыройлы азаматтары болуы үшін, солармен 

мақтанатындай  болуымыз  үшін  балаларыма 

жоғары білім беру. 

Өтеген  Бозғұлов  «БАзИс»  компания-

сында 1992 жылдан бері еңбек етеді. қазір 

шатырларды орнату, абаттандыру және ин-

женерлік  желілер  қмБ  басқарады.  Оның 

қарамағында  100-ден  астам  адам  жұмыс 

істейді.

– Мен ААҚИ (қазір ҚазБАСА) кешкі бөлімін 

бітірдім. «Базиске» прораб болып келдім, кейін 

участок  бастығы  болдым,  қазір  ҚМБ  директо-

рымын. 

Менің  бригадаларым  компаниямыз  Ал-



матыда  салып  жатқан  барлық  нысандарда  ең-

бек  етуде:  Royal  Gardens  ТК,  12  000  орынға 

арналған  Мұзды  арена,  Рысқұлов  көшесінің 

бойындағы  айналма  жолда,  «Симфония»  ТК, 

Қоскөлде «Байқоңыр» стансасында, Сексеуілде. 

Талдықорғанда  әкімшілік  ғимараты  –  қалалық 

әкімшілікті абаттандыру мен қайта қалпына кел-

тіру жұмыстарын атқарып жатырмыз. 

Біз топырақпен, асфальтпен, тас төсегішпен 

жұмыс  істейміз.  Тек  абаттандырумен  айналы-

сып қана қоймаймыз, сонымен бірге, көгалдан-

дыру жұмыстарын да атқарамыз. Компаниямыз 

Астанада  қаржы  Министрлігінің  ғимаратын 

салған кезде нысанның абаттандыру жұмыста-

рын басынан соңына дейін түгел мен атқардым. 

20  сәуірден  30  қазанға  дейін  нысан  аумағын 

абаттандыруға қатысты барлық жұмысты аяқта-

дым. Және біз онда тек ағаш егіп, гүлзар шөбін 

өсіріп  қана  қойғанымыз  жоқ,  шегірткемен  де 

алыстық.  Бұл  1999  жылы  болатын.  Сол  жылы 

шегіртке  қаптап,  біздің  көшеттеріміздің  бар-

лығын жей бастады да жасыл желегімізді сақтап 

қалу үшін шегірткелерді өлтіруге тура келді. 

Біз  құрылысқа  кірген  кезде  –  территория 

шашылып  жатады,  жол  деген  атымен  жоқ.  Біз 

жұмысымызды  бітіріп  кетіп  бара  жатқанда  – 

көзіңді ала алмай қарайтындай әдемілік қалып 

бара  жатады  –  балалар  алаңдары,  соқпақтар, 

гүлзарлардағы  гүлдер,  ағаштар,  бұталар,  жа-

сыл көгалдар. Міне, осы үшін де мен өз маман-

дығымды  жақсы  көремін.  Таңертеңнен  кешке 

дейін жұмыстамын. іссапарларға жиі шығамын 

– бір орында отырмаймыз.

Менің отбасым үлкен – бес қыз, екі ұл. Үл-

кен қызым ӨТБ инженер, ал, жолдасым – бух-

галтер болып еңбек етеді. 



Біздің жұмысымыз – 

нысандардың бет-бейнесі  

Мен құрылысты 

жақсы көремін

Айналаны ретке келтіріп 

жүрген ұнайды 

мен «БАзИсте» жұмыс істеймін – 

мен БОлАШАқты сАлып жАтырмын

20

21



BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015

ҚұРылыС АлАңыНАН СұХБАТ




ҚМБ-2

Бригадир: Шмаков А.

Нысан: 12 000 орынға арналған Мұзды арена

Алматы


ҚМБ-1 бетондау жұмыстары

Бригадир: Ким В.

Нысан: Royal Gardens ТК, Алматы 

ҚМБ-2


Бригадир: Мықтыбеков А.

Нысан: «Триумфальный» ТК, Хореография 

Академиясы, Астана

ҚМБ-3


Бригадир: Кожухарь А.

Нысан: Хореография Академиясы, Астана

ҚМБ-5

Бригадир: Бейсбеков М.



Нысан: ЕХРО-2017 қатысушыларына ар-

налған ТК

ҚМБ-4

Бригадир: Дүтбаев Б.



Нысан: Әкімшілік ғимараты, Талдықорған

Шатырларды орнату жөніндегі ҚМБ, 

Бригадир: Бағымбаев А.

Нысан: «Симфония» ТК, Алматы

ҚМБ-2

Бригадир: Қожагелдинов Е.



Нысан: ЕХРО-2017 қатысушыларына ар-

налған ТК, Астана

ҚМБ-5

Бригадир: Парманов М.



Нысан: ЕХРО-2017 қатысушыларына ар-

налған ТК, Хореография Академиясы, Астана

ҚМБ-4

Бригадир: Мамажанов Б.



Нысан: Жезқазған–Сексеуіл т/ж, Қоскөл ст.

Арн.ҚМБ


Бригадир: Кириллов Д.

Нысан:  Жезқазған–Сексеуіл т/ж, Промежу-

точная ст.

Арн.ҚМБ


Бригадир: Әбдібеков Ж.

Нысан:  Жезқазған–Сексеуіл т/ж, Көктал ст.

Абаттандыру және инженерлік желілер ҚМБ 

Бригадир: Әлімбет О.

Нысан: Royal Gardens ТК, Алматы

ҚМБ-3


Бригадир: лях А.

Нысан: Millennium Park ТК, 3 Га, Астана

ҚМБ-5

Бригадир: Сәбденбеков С.



Нысан: ЕХРО-2017 қатысушыларына ар-

налған ТК, «Триумфальный» ТК, Астана

ҚМБ-7

Бригадир: Қопабаева П.



Нысан: «Триумфальный» ТК, Millennium 

Park, 3Га, Астана

ҚМБ-4

Бригадир: Дүйсенбаев Т.



Нысан: 12 000 орынға арналған Мұзды арена, 

Алматы


Айдың үздіК БрИгАдАлАры

«Айдың үздік бригадасы» төмендегі 

критерийлер бойынша анықталады

1.   еңбек өнімділігі – Бұл критерий 

бригада  атқарған  жалпы  жұмыс  көлемін 

көрсетеді.  Ол  қолда  бар  барлық  ресур-

старды тиімді қолданыла білген бригада-

ның еңбек өнімділігіің көрсеткіші.

2.  қауіпсіздік  техникасы  және 

еңбек  қорғау  ережелерінің  сақталуы 

-  қауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  ереже-

лерін  бұзу/сақтамау  туралы  ескертулер/ 

тәртәптік  жазалар  ескеріледі  .  Компани-

ямыздың  әр  қызметкерінің  аман-сау  ке-

луін күтіп отырған жақын адамдары мен 

отбасы бар! Сондықтан әр жұмысшының, 

шебердің,  жетекшінің  негізгі  міндеті  – 

барлық  құрылыс  нысандарында  барлық 

қызметкердің  техникалық  қауіпсіздік 

пен  еңбекті  қорғаудың  бүкіл  ережелерін 

сақтау болуы тиіс. Қауіпсіздік және еңбек-

ті қорғау бөлімі бригадаға қатысты жаза-

лау, тәртіп бұзу және тосын жағдайларды 

тіркейтін болса – бригада байқаудан шыға-

рылады.  Алайда,  бұл  бригада  бұдан  ары 

қауіпсіздік ережеделін бұзбаған жағдайда 

келесі  айда  сайысқа  қатысып,  жеңімпаз 

атануына мүмкіндік болады.

3.  жұмыс  сапасы  -  егер  бригада-

ның атқарған жұмысының сапасы төмен 

болып,  кем-кетіктер  анықталып  оларды 

дұрыстауға  (қайта  жасауға)  қосымша 

шығын жұмсалған жағдайда бригада бай-

қаудан шығарылады.



4.  қызметкерлердің 

тұрақсыз-

«Айдың үздік бригадасы» байқауының мақсаты жыл соңында бригада алатын жүлде ғана емес, сонымен қатар, 

әр адамның жұмысының бүкіл компанияның жалпы нәтижесіне тікелей ықпал ететінін ұғыну. 

дығы - бригадамен бригадирдің өзара қа-

рым-қатынасының тиімділігін анықтайды 

және мына көсеткіштер бағаланады: білік-

ті  мамндарды  сақтап  қалу,  бригададағы 

жас  манадарды  оқытып-үйрету  олардың 

бұдан ары бригадад қалып жұмыс істеуін 

қамтамассыз  ету,  бригада  мүшелерінің 

жұмыстан  себепсіз  қалмауы,  жұмысқа 

кешікпеу  және  студенттерге  жетекшілік 

ету . 


Осы  келтірілген  барлық  фактор-

ларды  бағалаудың  нәтижесінде  қмБ 

ұсынған бригадалар арасынана жұмыс 

түрлері бойынша “Айдың үздік брига-

дасы” анықталады.

23

BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015



22

ӨНДіРіС ОЗАТТАРы




BAZIS NEWS корпоративтік газеті

Меншік иесі: «Базис»  құрылыс 



компаниясы» жШс

Жоба жетекшісі: Элла попова

Бас редактор: Юлия тошматова

«BAZIS NEWS» газеттің қазақ тіліндегі 

нұсқасының редакторлары:

Камила толендиева, зеин Алипбеков

Редакторлар: 



любовь ульбашева

Әдеби редактор: 



елена Ким

Дизайн және беттеу: 



сәдуақас қарпықов 

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінен  Баспа 

басылымды есепке қою туралы №15072-Г куәлігі 23.01.2015 

жылы берілген  

газет Астана және Алматы қалаларында таратылады

Газеттің шығу мерзімділігі: айына 1 рет

Тираж: 3 000 дана

Офсеттік баспа

«Print House Gerona» ЖШС баспаханасында басылып 

шығарылған, мекен жайы: 050040, Алматы, Сәтпаев көшесі

30а/3,124 кеңсе, тел.:+7 (272) 398 94 59

Редакция мекенжайы: Алматы, Әл-Фараби даңғ., 5/1, «нұрлы 



тау» жартылай функциялы орталығы, 3 «А» ғимараты

2015 жылдың үздіК жұмыс БеруШісі 

«Жасыл  ел»  жобасы  Қазақстан  Респу-

бликасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назар-

баевтың  бастамасымен  студенттердің  мате-

риалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу,  

жұмыссыз  жастарды  еңбекпен  қамту  мақ-

сатында құрылған болатын. Биыл осы жоба 

аясында  жоғарғы  оқу  орындары  мен  кол-

ледждердің  1500  студенті,  жоғарғы  сынып 

оқушылары  мен  жұмыссыз  жүрген  қыз-жі-

гіттер еңбекпен қамтылды. 

Жылдың басынан еңбек маусымы мерзімін-

де  студенттік  отрядтар  сарбаздары  Қазақстан-

Астанада 22 қазанда қаланың жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқармасының қолдауымен  «Жасыл ел» жастар 

еңбек  жасақтары  маусымының  10  мерейлі  жабылу  салтанатты  рәсімі  өтті.  Маусымның  қорытындысы  бойынша 

компаниямыз «2015 жылдың үздік жұмыс берушісі» деп танылды. 

ның  көптеген  қалаларын  көгалдандыру  мен 

абаттандыруға үлкен үлес қосты. Бұдан бөлек, 

студенттік отрядтар ЕХРО 2017 нысандары мен 

басқа  да  ғимараттардың  құрылысына  атсалы-

сты. 200-ден астам жас жаз айларында компани-

ямыздың - England ТК, London ТК, Millennium 

Park ТК, EXPO Plaza ТК, ЕХРО қатысушыла-

рына арналған ТК, ЕХРО павильондары сиякты 

құрылыс нысандарында  жұмыс істеді. Жастар 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясында  жұмыс 

істеп жазғы маусымда 54 млн теңге шамасында 

еңбекақы  алды.  Күзде  жоғарғы  оқу  орындары 

мен колледждерге оқуға қайтпайтындары «БА-

ЗИС»  құрылыс  компаниясында  жұмыс  істеуге 

қалу туралы шешім қабылдады. 

Маусымның  жабылу  рәсімінде  жастар 

құрылыс  отрядтарының  ең  белсенді  мүше-

лері алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен 

және  мақтау  қағаздарымен  марапатталды. 

«Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтарының 

жұмысы келесі жылы да жалғасады, ал, «БА-

ЗИС» құрылыс компаниясы жігіттер мен қы-

здарды өзінің құрылыс нысандарына тағы да 

қуана қабылдайды.  

Мекен-жай: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5/1, 3А ғимараты

Редакцияның телефоны: 8 (727) 2 777 645

e-mail: bazis-news@bazis.kz

Тарату аумағы:

жШс «Базис» құрылыс компаниясының қазақстан бойынша филиалдары

www.bazis.kz

Газетте жарияланған материалдарды редакцияның жазбаша руқсат хатынсыз қайта басуға (жариялауға) тыйым салынады.



BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015

жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау