Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

малыс  алып  кетті.  «Қараша  айында  студент-

тер қайтып келеді. Олардың орындарын әдейі 

ұстап отырмын. Бізге Виктор секілді қызмет-

керлер өте қажет», – дейді Дастан Бейсембаев.



BN анықтамасы:

Дастан  Бейсембаев  «БАЗИС»  компа-

ниясында Талғат Елемесовтің ҚМБ 2013 

жылдан  өзінің  бригадасымен  бірге  жұ-

мыс істеп келеді. Студенттерді оқыту-

ды сол жылдан бастады. 

Құрылыста жалқаулық пен 

жауапсыздықты құптамайды 

Бір қарағанда студенттермен жұмыс істеу 

мереке  секілденіп  көрінуі  мүмкін.  Алайда, 

шын мәнісінде бұл тек физикалық қана емес 

сонымен  бірге  моральдық  та  күшті  талап 

ететін  үлкен  жұмыс.  Тәлімгер  әр  студенттің 

тілін табуы үшін нағыз психолог болуы керек. 

Сырлаушылар бригадирі Сайлаугүл Вебер дәл 

осындай тілімгер. 

«Кейде  студенттермен  жұмыс  істеу  өте 

қиын. Әрқайсысы әртүрлі, кейбірі жұмыс істе-

гісі келмейді. Олар үшін бастысы – күн өтсе 

болды.  Айдың  соңын  —  тәжірибеден  өткені 

туралы белгіні қоятын күнді күтеді. Әуелі мұн-

дай студенттермен әңгімелесеміз, тәжірибенің 

кез-келген  істе  керек  екендігін  түсіндіреміз. 

Егер  адамның  жұмысқа  деген  ықыласының 

жоқтығын байқасақ – қош айтысамыз», – дей-

ді Сайлаугүл Вебер. 

«Егер  студенттің  білуге,  үйренуге  деген 

ынтасын аңғаратын болсақ, ондай адамға біз 

құрылыс  алаңында  бар  білгеніміз  бен  қолы-

мыздан келетін нәрсені қуана үйрететін бола-

мыз», – деп шегелейді Сайлаугүл Вебер. 

«Менде  жұмыс  істеп  бастаған  көптеген 

студенттер  қазір  біздің  әріптесіміз  –  олар 

оқуын бітіргеннен кейін біздің компаниямызға 

жұмысқа келді. Бірқатары прораб болып, ман-

сап  жасауды  ұйғарып  ары  қарай  оқуға  кетті. 

Екі қыз менде жүріп небәрі үш айдың ішінде 

төртінші дәреже алды. 2-ші – 3-ші дәрежесі бар 

студенттер  қабырғалардың  саңылауын  бітеп 

тегістеуді, оларды қыруды, сылауды білуі тиіс. 

Бесінші  дәрежесі  бар  адам  қабырғаны  тегі-

стеуден бастап декоративке дейін, тұсқағазды, 

декоративті  материалдардың  барлық  түрімен 

жұмыс  істей  білуі  қажет.  Нағыз  маман  асқан 

әмбебап болуы тиіс», – дейді Сайлаугүл Вебер. 



BN анықтамасы:

Сайлаугүл  Вебердің  «БАЗИС»  компа-

ниясында  жұмыс  істеп  келе  жатқанына 

18  жыл.  Мамандығы  бойынша  ол  инже-

нер-құрылысшы,  сырлаушылар  бригадирі 

болып  еңбек  етеді.  Осы  жылдар  ішінде 

ол  жас  мамандардың  талай  легін  өсіріп, 

тәрбиелеп  шығарды.  Оның  құрылыста 

немқұрайдылық пен салақтыққа жаны қас. 

Кез-келген мамандық өмірде кәдеге 

асуы мүмкін

Студенттер  мен  олардың  тәлімгерлерінің 

бүкіл жұмысына ҚМБ басшылары жетекшілік 

етеді.  Мәселен,  ҚМБ  әрлеу  жұмыстары  бой-

ынша директоры Талғат Елемесов әр студент-

ті тәжірибелі бригадирлердің сенімді қолына 

жеке өзі алып барып «тапсырады». 

«Әдетте мен әр студентті біздің тәжірибелі 

бригадирлеріміздің біріне тапсырамын да оған 

өзінің бар білгенін үйретуін міндет етіп қоя-

мын. Егер студент әлденені істей алмаса бри-

гадирлерге: «Демек, сенің өзің мұны істей ал-

майсың» деймін», – дейді өзінің жұмыс тәсілі 

жайында Елемесов. 

«Бригадир  біліктілігі  жоғары  деңгейлі, 

жауапкершілікті,  тәртіпті  және  өзге  адамдар-

дың  жұмысын  сауатты  ұйымдастыра  алуы 

тиіс. Бригадирлердің барлығына студенттерді 

зыр жүгіртіп, қап тасытып қоюға болмайтын-

дығын айтамын. Оларды жұмыс істеуге үйре-

ту керек. Тіпті, қап тасу қажет болса – брига-

дирдің өзі оны қалай тасу керектігін көрсетуі 

керек. Сонда ғана студенттер түсінеді», – дейді 

Талғат Елемесов. 

Оның  айтуынша,  студенттер  тәжірибе 

кезінде сырлаушы, плита төсеуші, кірпіш қа-

лаушы, тас қалау жұмыстары және тағы басқа 

құрылыс мамандықтарында белгілі-бір уақыт 

жұмыс істеуі тиіс. «Осылайша студенттердің 

екі  бірдей  мамандық  алуына  болады.  Айта-

лық,  сырлау  жұмыстары  бойынша  емтихан 

тапсырады да кейін ағаш ұстасы болып жұмыс 

істейді, емтихан тапсырады да плита төсеуші 

болып істейді. Екі мамандықты жақсы меңгер-

ген балалар бар, біз оларға екі түрлі мамандық 

бойынша  сертификат  бердік.  Менің  өзім  жі-

гіттерге  екінші  мамандығы  бойынша  жұмыс 

істемеген күннің өзінде оның өмірде қажетке 

жарайтындығын айтамын», – дейді  парасат-

ты  басшы  және  кеңес  заманында  балаларды 

еңбекке  сонау  мектеп  партасынан  баулыға-

нын еске салды. «Қазір ондай жоқ. Көпшілігі 

құрылыс  дегеннің  не  екенін  білмейді,  басқа 

нәрсе  күтеді.  Сондықтан,  оларға  түсіндіріп, 

көрсетіп, үйрету керек», – дейді Елемесов. 

BN анықтамасы:

Талғат Елемесов кез-келген студент-

тің  құрылыс  саласында  жетістікке 

жете алатындығын өз мысалымен дәлел-

деп келе жатыр. Ол студенттерге өмір 

бойы  ҚМБ  директоры  болмағандығын 

–  қарапайым  жұмысшыдан  бастаған-

дығын айтып отырады. Өзінің шеберлігін 

табанды түрде шыңдап, ақырындап ман-

сап жолымен жоғарылап отырды. Қазір 

оның қарамағында 400-дей адам бар. 

Алматыда бірінші курс студенттері 

алғаш рет құрылысқа келді 

13  қазанда  компаниямыз  Алматы  қа-

ласының Алатау ауданында салып жатқан 

12  000  орынға  арналған  мұзды  аренада 

ашық есік күні өтті. салынып жатқан ны-

санға  Алматы  құрылыс  және  халықтық 

кәсіпшілігі  колледжінің  бірінші  курс  сту-

денттері  үшін  арнайы  экскурсия  ұйымда-

стырылды. 

Қауіпсіздік техникасы бәрінен 

маңызды 

Арнайы  автобус  таңертең  бірінші  курс 

студенттерін колледж қақпасы алдында күтіп 

тұрды. Студенттер автобусқа отырмас бұрын 

«Базис» ҚК Алматыдағы филиалы Қызметкер-

лермен жұмыс істеу басқармасының бастығы 

Светлана  Федотова  студенттерге  құрылыста 

қауіпсіздік техникасын сақтау жайында айтып 

берді. Автобус оларды нысанға алып келгенде 

оларға бірінші кезекте каскалар берілді. Онсыз 

құрылыс нысаны аумағына күруге болмайды. 

Басқарушы  директордың  өндіріс  жөніндегі 

орынбасары Сергей Чакалов құрылыста жүру 

тәртібін  түсіндіріп,  Мұзды  арена  бойынша 

шағын экскурсия жасады, әр ғимараттың қы-

зметі мен міндеті туралы айтты. 

Светлана  Федотова  студенттерге  Мұзды 

аренаның тек Алматыда ғана емес бүкіл Қа-

зақстанда теңдесі жоқ бірегей нысан екендігін 

айтып берді. 

«Қазір  сіздер  нысанды  ішінен  көрсе  ала-

сыздар, нысанның жұмысын қамтамасыз ету 

жүйесінің,    жақында  әрлеу  сылақтарының 

астында  жасырылатын  коммуникациялық 

желілердің қалай орналасқанын көрсе аласы-

здар. Сіздердің міндеттеріңіз – нысанның қа-

лай салынып жатқанын көру, құрылысшылар-

дың кейін адамдардың осы бірегей ғимаратты 

пайдалануына  ыңғайлы  болуы  үшін  жанын 

сала жұмыс істеп жатқандығын сезіну», – деді 

студенттерге Федотова. 

Колледжге  түскенде  балалар  бір  мезет-

те  жұмыстың  ондаған  түрі  қатар  атқарылып 

жатқан  осындай  үлкен,  ауқымды  құрылыста 

боламыз деп ойламаған да еді. Олар өз кәсіп-

терінде  мамандықтың  саналуан  екендігін 

түсінді. Көптеген жігіттер көрген жайттардан 

алған әсермен өздерінің біздің компаниямызда 

жұмыс істегісі келетіндіктерін де айтып қалды.

рахымбаев  рауан,  өндірістік  оқыту  ше-

бері:  «Біз  стденттермен  бірге  «БАЗИС»  ком-

паниясы  «Универсиада-2017-ге»  арнайы  са-

лып жатқан «12 000 орынға арналған Мұзды 

аренаға»  экскурсияға  бардық.  Экскурсия 

барлығына қызықты боды. Студенттердің өз-

дері  оқып  жатқан  мамандықтарға  деген  қы-

зығушылығы  оянды.  Бұл  спорт  нысаны  ең 

соңғы үлгідегі қазіргі заманғы технологиялар-

мен және әлемдік стандарттарға сәйкес салы-

нуда. Біз оны барлық қырынан қарап шықтық, 

студенттерге  ғимарат  өте  ұнады.  Балаларға 

үлкен  жүзу  бассейні  үлкен  әсер  қалдырды, 

онда қазір тек гидрооқшаулау мен декоративті 

плитканы төсеу ғана қалып тұр. Студенттерді  

12 000 орынға арналған Мұзды аренаның мөл-

шері мен шатырдың алып металл конструкци-

ялары таңқалдырды. Нысанда пайдаланылып 

жатқан арматураның түрлерін көріп таң қал-

ды.  Студенттер  кәсіптің  барлық  қыр-сырын 

үйренуге  тырысатындықтарын  және  диплом 

ала  салысымен  жоғары  білікті  маман  болу 

үшін  «БАЗИС»  құрылыс  компаниясына  жұ-

мысқа келетіндігін айтады. 



Өтегенов  қайсар,  студент:  «Маған  «БА-

ЗИС»  компаниясы  салып  жатқан  12  000 

орынға  арналған  Мұзды  аренаға  жасалған 

экскурсия  қатты  ұнады.  Құрылысшылардың 

атқарған жұмыстары сәтті шыққан. Келешек-

те  жақсы  маман  атанып,  «БАЗИС»  құрылыс 

компаниясында жұмыс істемекпін». 

Оразаев  Иманғали,  студент:  «Маған 

Мұзды аренаға жасалған экскурсия өте ұнады. 

Біліктілердің  жұмысына  қарап  менің  де  дәл 

солар  секілді  жоғары  білікті  маман  болғым 

келіп кетті және солар секілді маман болу ту-

ралы мақсат қойдым».



Омаров  Фархат,  студент:  «Маған  салы-

нып жатқан нысанға жасалған экскурсия кере-

мет ұнады. Құрылысшылардың қалай жұмыс 

істеп  жатқанын  көріп  алдыма  колледждегі 

оқуымды аяқтағаннан кейін жоғарғы оқу ор-

нына түсіп, жоғары білім алып, осы компания-

да жұмыс істеу туралы мақсат қойдым». 

дәулет Айдар, студент: «БАЗИС» компа-

ниясы салып жатқан 12 000 орынға арналған 

Мұзды аренаға жасалған экскурсиядан үлкен 

әсер  алдым.  Маған  осы  компания  маманда-

рының  атқарып  жатқан  жұмыстары  ерекше 

ұнады.  Өз  мамандығымды  жан-жақты  үй-

реніп,  болашақта  «БАЗИС»  құрылыс  компа-

ниясының жоғары білікті қызметкері болғым 

келеді». 

Бақытов Бекасыл, студент: «Экскурсия ке-

ремет болды. Компанияның ең жоғары деңгей-

де жұмыс істейтіндігі көрініп тұр. Олар бізге 

жеке автобус жіберіп, 12 000 орынға арналған 

Мұзды  аренаға  экскурсия  жасауға  алып  кел-

ді.  Экскурсия  кезінде  маған  жұмысын  мінсіз 

атқарып жатқан мамандардың жұмысын бақы-

лаған  қатты  ұнады.  Мен  өзім  алып  жатқан 

мамандығымның  керемет  екендігін  ұқтым! 

Нағыз  білікті  маман  болып,  осы  компанияда 

дәнекерлеуші болып істегім келеді!». 



BN-нен:

Көп  жағдайда  түлектер,  тіпті,  қызыл  ди-

пломы барлар да мамандығы бойынша жұмыс 

таба алмайды, себебі, теория мен тәжірибенің 

кез-келген салада, оның ішінде құрылыста да 

екі түрлі екендігі ешкімге құпия емес. Нақты 

өндірістің өз ережелері мен қыр-сыры бар, олар 

туралы оқу орындарында айта бермейді. Сон-

дықтан,  біздің  нысандарымыздың  құрылыс 

алаңдарында  тәжірибеден  өтіп  жатқан  сту-

денттердің жолы болды: олар таңдап алған са-

ласының алғашқы күнінен бастап тәжірибелі 

адамдарға, көп жылдар бойы түрлі нысандар-

ды тұрғызып келе жатқан өз ісінің шеберлері-

не түсіп отыр. Олар өз тәжірибелерімен қуана 

бөлісуде, жұмыстың барлық қыр-сырын үйре-

туде. Студенттер қиялға орын қалдырмай бір-

ден өздеріне өмір бойы серік болатын шынайы 

жағдайларға тап болады. Осының арқасында 

адам  өзінің  мамандығын  дұрыс  әлде  бұрыс 

таңдағанын  бірден  түсінеді  де  өзін  арманы 

мен табысқа жеткізуі мүмкін тиісті таңдау жа-

сайды. 

13

12



BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015

КАДРлАР БАРлыҒыН ШЕШЕДі




жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау