натылған қалыптың геодезиялық белгілер мен
сызбаларға сәйкестігін тексеру қажет. Оның
орнықты орналасқандығына көз жеткізу керек.
– арнайы май қалыптың жайылған тақтай-
ларына ұзындығы 1,5 м сабы бар арнайы шва-
брамен жабынның шетінен ортасына қарай
жағылады. Бұл жұмысты қоршаусыз және
сақтандырусыз атқаруға атқаруға тиым салы-
нады!
— бүкіл құрылыс қоқысын, құрылыс ма-
териалдарының қалдықтарын тазалау керек,
құрал-саймандарды, аспаптар мен инвентарь-
ды оларды сақтайтын орындарға қою қажет.
Назар аударыңыз!
қауіпті жерлерде жұмыс істегенде биік-
тіктен құлап кетпес үшін сақтық белдеуін
қолдану қажет. егер сақтандыруға керекті
арнайы орын болмаса – сақтандыру арқа-
ны тартылып, конструкцияға мықтап
бекітіледі. Фанераларды төсеу кезінде ағаш
тірек бөренелерімен сақтандырусыз жүруге
қатаң тиым салынады!
Бетон құюшының назарына
Жоба бойынша қалып орнатылып, армату-
ралау жасалғаннан кейін алаңға бетон құюш-
ылар келеді.
– кранның және арнайы қауғаның көме-
гімен (немесе «жең») бетонды қабат жабыны
қалыбының бетінің өне бойына қауіпсіздік
техникасын сақтай отырып жаяды. Жайылған
масса электрлі вибраторлармен жақсылап
нығыздалуы тиіс. Бұл жұмысты арнайы диэ-
лектрлі қолғаптар мен резина етіктермен атқа-
ру керек.
– бетон технологияға сәйкес қажетті дең-
гейде қатайғаннан соң қалыпты шешіп, оны
кранның көмегімен келесі участокқа жеткізу
керек, ол орынды алдын ала бетон мен май
қалдықтарынан тазалау қажет.
Бетон құюшы бетон қоспасын қауғамен
беру кезінде есте сақтауға міндетті:
– бос немесе толтырылған қауғаны тек
қақпағы жабық күйде ғана тасымалдауға бо-
лады;
– бетон қоспаны бункерден қабылдау
кезінде бункердің төменгі ернеуі мен алдында
төселген бетон немесе бетон төселетін беткі
қабаттың ара қашықтығы 1 метрден аспауы
тиіс;
– бетон қоспасын қалыпқа бірқалыпты, аз
мөлшерде, бетон үлкен мөлшерде түсіп, қалы-
пқа салмақ түсірмейтіндей етіп құю керек.
Бетонды бетон насосымен беру кезінде
бетон құюшы:
– бетон құйғышты монтаждау, демонтаж
жасау, сонымен қатар, кептелістерді тазарту
жұмыстарын қысымды атмосфералық деңгей-
ге төмендеткеннен кейін атқаруға;
– үрлеу кезінде барлық жұмысшыны бетон
құйғыштан 10 метр жерге аластатуға;
– бетон құю кезінде арматуралық қаңқа
мен қалыпқа түсетін динамикалық ауыртпа-
лықты азайту үшін бетон құйғышты аралыққа
қоюға міндетті.
Бетон қоспасын автобетонараласты-
рғышпен айналмалы араластырғыш барабан-
мен жеткізген жағдайда бетон құюшының
қоспаны күрекпен немесе басқа да аспаппен
түсіруіне тиым салынады.
– тиегіш шөмішті оны тек көтерілген
жағдайда мықтап бекітілгеннен кейін ғана та-
залауға болады;
– барабандар мен араластырғыш машина-
ның ақырын қозғалтқыш сөндіріліп, токтан
ажыратылғаннан кейін ғана және «Қосуға бол-
майды! Адамдар жұмыс істеуде!» плакатын іл-
геннен соң тазалау керек.
Жұмыс аяқталғаннан кейін бетон құюшы
қолданылған механикаландырылған құрал
мен механизмдерді электр желісінен ажыра-
туға міндетті.
Есте сақта!
Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін не-
месе ұзаққа созылған үзілістерден кейін (екі
сағаттан артық) бетон насосы мен бетон құй-
ғышты жабысқан бетоннан тазалап, құмыр-
шектен сумен жуу керек.
Өзіңді сАқтА –
ережелерді ОрындА
Құрылыс алаңындағы кез келген жұмыс әр мамандыққа арнайы әзірленген қауіпсіздік ережелері сақталмайтын болса
үлкен қауіп туғызуы мүмкін. Бүгін біз қалып орнатушылар, бетон құюшылар, арматурашылар мен дәнекерлеушілер
сақтауы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері жайында айтпақпыз.
Қауіпсіздік негіздері
Бетон құюшы, арматурушы, қалып орна-
тушы болып жасы 18-ге толған, қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқамадан өткен, ар-
матура және бетондау, қалыпты орнату мен
шешу жұмыстарын атқаруда кәсіби машығы
бар адамдар істей алады.
Қалыпты құрастыру мен шешу аса қа-
уіпті жұмысқа жатады (биікте де, қолайсыз
ауа райы мен технологиялық жағдайларда да
атқарылады) және ерекше назарды, жауапкер-
шілікті және жоғары біліктілікті қажет етеді.
Жұмыс процесіне ТҚ пен ЕҚ бойынша нұсқа-
мадан өткендер ғана жіберіледі.
Жұмысты бастар алдында:
– арнайы киімді, касканы, қолғаптарды,
сақтандыру белдеуін (ақауы бар белдеуді қол-
дануға қатаң тиым салынады!), жабық мығым
аяқ киімді кию;
– рацияны, құрал-саймандардың, аспаптар-
дың ақаусыздығын және қалыптың жай-күйін
тексеру;
– бригадирдің (прораб, шебер) тапсырмасы
Арматурашы білуі тиіс
Арматураны дайындау мен өңдеуді (кесу,
ию) жеке жайда немесе бастырмада, арнайы
тағайындалған және қоршалған участокта –
арматура цехында атқару қажет. Участоктағы
өтетін жерлерде материалдар, бөлшектер және
дайын өнімдер үйіліп жатпауы тиіс.
Арматуралауға кіріспес бұрын қалыптың
жұмысқа толығымен дайын екендігіне көз
жеткізу керек (дұрыс орнатылған және май-
ланған). Арматураны алаңға кранның көме-
гімен жеткізіп, төсеме бөлшектерді сызба мен
технологиялар негізінде барлық қауіпсіздік
ережелерін сақтай отырып жабынды армату-
ралау қажет.
Маңызды!
Бағаналардың, қабырғалардың және басқа
да биіктігі 3 метрден асатын тігінен орына-
тылған (вертикальді) конструкциялардың ар-
матуралық қаңқасын орнату кезінде төсенішті
ені 1 м төсемемен және биіктігі 0,8 м қоршау-
мен орнату керек. Бағаналардың дайын қаңқа-
сының жоғарғы жағын ілу және оны босату
кезінде діңгек пен тақтайларды қолданады. Бір
жұмыс орнынан екіншісіне жабықталған са-
тыларды, басқыштарды, өтпелі көпіршелерді
пайдалана отырып ауысуға болады. Құрылған
арматуралармен ені 0,6 метрден кем емес қа-
лыпқа қойылып, тұғырларға орнатылған ар-
найы көпіршемен жүруге болады.
Қатаң тиым салынады:
– вертикальді орнатылған қаңқаларды
байлау мен дәнекерлеу кезінде олардың білік-
терінде тұруға;
– толығымен орнатып, бекіткенге дейін ар-
матуралық-қалыптық блоктарда тұруға;
– арматураларды тұғырларда сақтауға;
– орнатылған арматуралық элементтерді
бекітусіз қалдыруға;
– арматураны байланған немесе дәнекер-
ленген қамыттар мен біліктерде тұрып байла-
уға немесе дәнекерлеуге.
мен атқарылатын жұмыс жайындағы қысқаша
нұсқаманы мұқят тыңдап, тек осыдан кейін
ғана жұмысқа кірісу керек.
Қалып орнатушылардың назарына
Қалыпты орнату жұмыстарын бастар
алдында:
– қалыпыты орнату кезінде жүкті ұстай
алатын аспаптарды қолдану қажет. Жүкті сым-
мен тіркеуге мүлдем болмайды.
– жүкті мұнаралы кранмен тасымалдау
кезінде егер машинисттің көруге мүмкіншілігі
болмаса оған нақты командаларды радио бай-
ланыстың көмегімен беру қажет;
– фанера тақтайларды (қалып пен қабы-
рғаның еденін) технологияны сақтай отырып
асқан сақтықпен жаю керек.
Қалыпты орнату жұмыстары аяқтал
ған нан кейін:
– дайындалған қалыпты қарау қажет. Оның
бүтіндігін тексеріп, құю кезінде бетон төгілмес
үшін саңылауларды скотчпен бекіту керек. Ор-
Арматураны токқа қосылған электр сымда-
рына жақын жерде орнату кезінде арматураны
сымдарға тиюден сақтайтын шараларды қолға
алу керек. Біліктер мен арматуралардың дәне-
керленген жерлеріндегі металл қақты, шаңды,
батпақты қолмен немесе механикалық тәсіл-
мен тазалайды, бұл жұмысты қорғаныш көзіл-
дірік пен қалың қолғаппен атқарады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін арматурашы
жұмысқа қолданылған сайман мен меха-
низмдерді электр желісінен ажыратуға міндетті.
(Жалғасы 20 бетте)
БАСыңДы ҚАТЕРГЕ ТіКПЕ
19
BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015
18