АҚТҚ инфекциясының алдын
алу бойынша педагогтік колледж
оқытушыларына арналған
әдістемелік нұсқау
Алматы, 2006 жыл
Алғашқы сөз
Қысқарту тізімі
Кіріспе:
Модуль-1
Модуль-2
Модуль-3
Модуль-4
Модуль-5
Модуль-6
Модуль-7
Модуль-8
Модуль-9
Модуль-10
Модуль-11
Қайраткерлік бағыты
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1. Бөлім. Нұсқауды іс жүзінде асыру
Кіріспе
Оқытушы рөлі
Оқытушы шеберлігі.
Қосымша А:
Колледжде/мектепте/ АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша сауықтыру білімінің
бағдарламасы. Жаттығуды өткізуге берілетін ұсыныс сызбалар.
Қосымша Б:
Ойлану
Қосымша В:
Ашық сабақты қалай өткізуге болады
Қосымша Г:
АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұруға бағытталған сауықтыру
бағдарламасы. Бақылау парағын жазу.
Қосымша Д:
Бағалау сауалнамасы.
2. Бөлім. Модульдер
Кіріспе.
Модуль
Есею жасөспірімнің анатомо - физилогиялық және психологиялық
ерекшелігі.
Модуль
Қажетсіз жүктілік пен жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекция.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ жайлы негізгі мәлімет.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясы және әсері.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ және есірткі қолдану.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ және адам құқығы.
Модуль
АҚТҚ мен өмір сүретін адамдарға көмек және оларды қорғау.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясының таралуына қарсы қоғам қарсылығын-
ың ықпалы.
Модуль
Оқу-білім беру үрдісіне АҚТҚ/ЖҚТБ - ның білімдік-сауықтыру бағдарла-
масын енгізу.
Модуль
Өмір сүру бейімділігіне үйрету.
Модуль
АҚТҚ/ЖҚТБ білімдік-сауықтыру бағдарламасы. Бағалау мен
мониторинг.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3
МАЗМҰНЫ
Құрметті оқытушылар!
Жаңа мың жылдықтың келуі, жаңа ақпараттық техногологиялардың дамуы, қоғам мен
адам санасындағы қайта құру, тек қана, қоғамның сана сезімінің қарқынды дамуына ғана емес,
сонымен қатар адамзаттың денсаулығына қатер төндіретін мәселелердің пайда болуына
әсерін тигізді.
АҚТҚ/ЖҚТБ ауруының таралуына жол бермеу және оның алдын алу жұмыстары - өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы өмір шындығы болып
отыр, оған назар аудармау мүмкін емес. Жылдан жылға АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы барлық әлем
континенттеріне таралып, коғамға қиын қыстау кезеңін тудыру, отбасы мүшелеріне қайғы әкелу
мәселесі оған шындықпен қарауды талап етіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасында жеке
тұлғалық алдын алу жұмысын жүргізу болашақ мамандардың, мұғалімдердің міндеті. Ата-
аналардың, мұғалімдердің, қоғамның АҚТҚ/ЖҚТБ инфекциясының таралуының алдын алу
жұмыстарына бағытталған өзара тығыз байланысы, осы мәселенің шешілуінің негізгі
себептерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен мемлекеттік және мемелекеттік
емес ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауы АҚТҚ инфекциясының алдын алу шараларының тиімді
жүргізілуіне ықпалын тигізеді.
АҚТҚ инфекциясының таралуы мен алдын алу жолдары туралы білімі мен қалыптасқан
дағдыларының арқасында әр адам өзін ауру жұқтырудан сақтай алады. ЖҚТБ - бұл жай ғана
статистика емес, жай ғана санау емес, адам өмірі екендігін оқушыларға түсіндіру қажет.
Осы, ақпараттық және оқытатын мәселелерді көтеретін нұсқау, болашақ педагогтарға
оқушылардың қауіпсіздігі және мінез - құлқының жауапкершілігін, салауатты өмір салтын,
алғашқы алдын алу шараларын қалыптастыруына көмек көрсетіп, сауатын көтеретініне
сенеміз. Берілген нұсқау АҚТҚ-ның ақпараттық талдау жұмысына оқушыларға рухани және
мәдени байлығын арттыруға, салауатты өмір салтына үгіттеуіне, туыстары мен
айналасындағыларға құрметпен қарауға көмектесуге бағытталған.
Құрметті оқытушылар, сіздерге денсаулық, бақыт, оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық
табыс тілейміз.
Мектепке дейінгі және орта білім беру
Департаментінің орынбасары
К.Бөрібеков.
Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың соңғы екі он жылдықтағы, АҚТҚ-ның алдын алуы
жайлы көптеген материалдары жарияланғанына қарамастан оқу жоспарларын
құрастырушыларға, әдіскер- педагогтарға, оқытушыларға оның стратегиясы мен тиімді оқыту
әдістерін дамыту әлі де қажет.
Жоба деңгейінде, қаржыландырушы Жапон Үкіметі мен БҰБҒМЖҰ “Тынық мұхит аймағы,
Азия елдерінде есірткі қолдану және АҚТҚ инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша оқыту
материалдары мен оқу жоспарын жетілдіру”, БҰҰ ғылым мен білім және мәдениет мәселесі
бойынша Оңтүстік Шығыс елдерінің білім министрлігі Азия тынық мұхитының жалпыға білім
беру бағадарламасы мен аймақтық ұйымдар жүйесі бірлесе қоғамдық денсаулық сақтау және
тропикалық аурулар бойынша шұғылданатын, колледж оқытушыларына арналған нұсқау
әзірледі. Нұсқаудың жұмыс түрі 1998 жылы аймақтық кездесуде сарапшыларға берілді.
Нәтижесінде әрбір елдің әлеуметтік ерекшелігі мен мәдениетін ескере отырып, жеке қажеттілігі
мен басшылықтың соңғы жобасын заман талабына сай бейімдеу туралы шешім қабылданды.
Нұсқаудың соңғы жобасы 2000-2002 жылдары 9 елдің педагогтік колледж
оқытушыларының жұмысына аударылып, бейімделе қолданылды.
Нұсқаудың соңғы жобасы 2003 жылы қабылданған ұсыныстарға сәйкес өзгертіліп, қайта
қаралды.
Осы нұсқаумен жұмыс жасауды іске енгізген аймақтардан пікірлер түсті, яғни оқыту
бағытының өзектілігін, жыныстық тәрбие сұрақтарына бейімделген және өмірлік дағдыларды,
сонымен қатар, оқыту үрдісінде түрлі әдістерді қолданып жиі іске асыратынын көрсетеді.
БҰҰ құрамындағы БҰБҒМЖҰ, БҰҰБҚ және БҰҰ елдерінің қоры сияқты көптеген
бөлімдерімен талқыланған. Яғни, БҰБҒМЖҰ жыныстық тәрбие мен репродуктивті денсаулық
сұрақтары бойынша білімді енгізу мәселесімен білім министрлігіне ұлттық бағдарламаны іске
асыруға көмектесу мақсатында БҰҰ елдерінің қоры айналысады.
АҚТҚ инфекциясының алдын алуын дамыту мәселесін күшейтуге бағытталған, педагогтік
колледж жүйесіне қажетті өмірлік дағды мен 12 елде дамыған жобаны Жапон Үкіметі және
қосымша қаржыландырды.
АҚТҚ инфекциясын сауықтыру мәселесімен айналысатын 2004-2005 жылдары БҰБҒМЖҰ
мамандары оқушылардың денсаулығы мен сауықтыру бағдарламасын насихаттап сонымен
қатар техникалық көмек көрсетті. БҰБҒМЖҰ қызметкерлері БҰҰБҚ және БҰҰ елдерінің
қорымен тығыз бірлікте жұмыс жасады. БҰҰ агенттігіне, денсаулық сақтау министрлігінде
жұмысқа қызығушылық танытатын және білім министрлігі қызметкерлеріне, оқу жоспарын
құрастырушылар, педагог кадрларының біліктілігін көтеру аумағында жұмыс істеуші
қызметкерлерге техникалық көмек көрсетілді.
Осы кезеңде Нұсқаудың нәтижеге жету жолдары жаңартылып, жақсартылды. Оған
қосымша бөлімдер қосылды, мысалы: “Есею. Жасөспірімдердің анатомо-физиологиялық және
психологиялық, ерекшелігі”, “АҚТҚ/ЖҚТБ және есірткі қолдану”, “АҚТҚ/ЖҚТБ және адам
құқығы”, “АҚТҚ- пен өмір сүретіндерге көмек және оларға қолдау көрсету”.
Паттай қаласындағы аймақтық семинарда Нұсқаудың қосымша ұсынылған жобалары 2004
жылдың қыркүйек айында сарапшылармен тағы да бағаланды.
Студенттер мен оқушылар арасында АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясын төмендету қиындығы
бойынша Нұсқаудың соңғы жобаларына барлық ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.
Мен, Нұсқауды түзетуге қатынасқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді.
БҰҰ/ЖҚТБ, БҰҰБҚ, БҰҰ елдерінің қоры - мен бірлесіп осы Нұсқауды іске асыра отырып, біз
Тынық мұхит пен Азияның жастарына АҚТҚ инфекциясының алдын алу білімін жоғарылатуға
жағдай жасай алатынымызға шын ықласыммен сенемін.
Доктор Шелдон Шефер,
БҰБҒМЖҰ ның білім бойынша Азия -Тынық мұхит бюросы Директоры Бангкок, Тайланд
5
КІРІСПЕ СӨЗ
Достарыңызбен бөлісу: |