Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет14/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71

Орындалып  біткен  соң,  қате  пікірлерді  сіз  достарыңызбен  әңгімелесіп  өзгерте  аласыз  ба?
Алған  білімдеріңізді  сіз  достарыңыздың  арасында  қалай  әңгімелеп  бере  аласыз?
Бағалау:  Сіз  топтағылардың  қасиетті  білім  алғанын  бағалау  үшін  олардың  пікірталасқа 
қатысуына  көңіл  бөлуіңіз  қажет. 
Оқу  нәтижелері:
1.Қатысушылар  қауіпсіз  жыныс  қатынасы  жайлы  ақпарат  алды.
2.Қатысушылар  жыныс  және  жыныстық  қатынасқа  қызығушылық  жайлы  қате  ойлармен 
таныс  болды.
3.Қатысушылар  сексуалдық  тақырып  жайлы  еркін  түрде  ой  қозғауға  мүмкіндік  алды.
Оқытушыға  ұсыныс:
1.  Бұл  жаттығулар  ортақ  топқа  жүргізіледі  (бозбалалар  мен  бойжеткендер  арасында).
2.  Пікір  -  сайыс  барысында  қатысушылардың  бірін-бірі  кекетуін  қадағалау.
3.  Әркімнің  өз  ойының  бар  екендігін  ескерту.
4.  Қатысушыларға  қоғамдағы  қалыптасып  кеткен  екі  үлгі  қалыпты,  ойды  түсіндіру.  Бірі  жігіт-
тердің  отау  құрғанына  дейін  жыныстық  жөніндегі  тәжірибелерін  молайту,  екіншісі  бойжеткен-
дердің  қыздығын  сақтау  мәселелері.
5.  Егер  қатысушы  өз  атынан  айта  алмаса,  онда  достарының  өміріне  немесе  оқыған 
ақпараттарынан  мысал  келтіру,  оны  талдау.
6.  Талқылау  барысында  гендерлі  аспектілерді  қадағалау.
7.  Тұжырымдау  парағында  қаржыланған  ақпараттың  жаттығуларын  қолдану  1.3.
8.  Белсенді  қатысушыларға  сыйлық  даярлап  қоюға    да  болады.
1.4    ЖАТТЫҒУ
Ойын  жаттығулары
“Ең  ұзын  сызық”  бөлменің  ішінен  ең  кең  жерін  таңдаймыз.  Қатысушыларды  екі  топқа 
бөліңіз  (қатысушылар  көп  болса,  бірнеше  топқа  бөлеміз).  Олар  дәл  қазір  өздерінің  үйлерінде, 
мысалы,  сағат,  аяқ-киімдері,  әшекейлері,  максималды  ұзын  сызықты  жасау  керек  екенін 
түсіндіріңіз.  Бөгде  заттарды  қолдануға  мүмкіндік  бермеңіз.  Егер  қатысушылар  шығармашылық 
жағынан  мықты  болып  келсе,  онда  олар  қатар  топтан  озу  үшін  өз  сызықтарын  ұзарту 
барысында  өздері  де  жерге  жатып  ұзартады.
Сызығы  ең  ұзын  болып  шыққан  топ  жеңеді.  Жаттығудан  кейін  бұл  ойын  топты  қалай 
ұйымшылдыққа,  тартатынын  талдаймыз. 
“Салат  ойыны”  қатысушылар  үлкен  шеңберге  отырып  көкөністердің  аттарына  сай 
бөлінеді.  Алма,  алмұрт,  шабдалы  т.б.
Алмаларға  орындарымен  ауысуды  ұсынамыз,  кейін  алмұрттарға  т.с.с.
Жаттығуға  арналған  қажетті    мәліметтер  1.1.
Жеткіншек  кезінде  адамның  анатомиясын  және  физиологиясын  білу  және  жыныстық  даму 
мен  секс  жөніндегі  психологияның  ерекшеліктерін  түсіндірудегі  мақсат  жастардың  өз  денсау-
лықтарына  мән  беру,  өз  ағзаларын  түсіну  болып  келеді.
Төмендегідей  жоспардағы  білім  ересектену  процесінде  қажетке  асуы  мүмкін;
Жыныстық  даму  барысы
Жалпы  9-17  жас  аралығында  адам  жыныстық  даму  сатысынан  өтеді,  оның  ішінде  неше 
түрлі  психологиялық  физиологиялық  өзгерістер  болады.  Жыныстық  өзгерістер  гормондардың 
жетілуінен  пайда  болады.  Гормондар  екі  түрлі  болады: 
1-сі  ер  адамдардың  гормондары  (тестостерондар).
2-сі  әйелдердің  гормондары  (эстрогендер,  прогестерондар)  деп  аталады.  Олар  мидың 
ішіндегі  гипофиза  мен  гипоталамустар  арқылы  өз  қызметтерін  атқарады.
Ер  адамдардың  ағзаларында  болады,  солай  әйелдерде  ер  адамдардың  гормондары 
болады.  Дегенмен  осы  тестостерондар  арқылы  ер  баланы  жігітке,  ал  эстрогендер  мен 
прогестерондар  арқылы  қыз  баланы  бойжеткенге  айналдырады.
Әр  адамның  бұл  өзгерістерге  ұшырау  уақыты  жекеше  болып  келеді.  Жалпы  10  жасқа  таяу 
баланың  гормондардың  өзгерулеріне  байланысты  дене  салмағы,  бойдың  өсуі,  дауыс  ырғағы 
өзгереді  және  қолтықтың  астындағы  шаштың  өсуі,  жыныс  мүшелерінің  өзгеруі  байқалады. 
Кейбір  12-13  жастар  арасындағы  қыз  және  ұл  балалар  өз  жастарынан  ересектеу  көрінеді,  ал 
ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
39


қалғандарында  жыныс  мүшелері  енді  жетісу  ісінде.  Бұған  уайымдамау  керек.  Өйткені  ағзалар 
әр  алуан  болып  келеді.
Бойжеткендердің  жыныстық  жетілулері
Бойжеткендер  бозбалалармен  салыстырғанда  ерте  жетіледі,  олардың  кеуделері  өсіп, 
қолтық  асты  шашы  мен  жыныс  мүшелерінің  шашты  жамылғысы  өседі.
Осымен  қоса  жамбас  маңайы  кеңейеді,  ал  иық  өзінше  таралады.  Жыныс  мүшелері  жетіледі. 
Жұмыртқаларда  жұмыртқа  түйіршектері  пайда  болады.
Бірінші  етеккір  келеді.  Етеккір    бұл  физиологиялық  құбылыс,  оның  басты  себепкерлері  ми-
дағы  ортақ  реттеу  бөлімдері  мен  жұмыртқалардың  гормондары  болып  келеді.  Бұл  құбылыс  4 
апта  сайын  жаңа  жұмыртқа  түйіршігінің  жетіліп,  труба  арқылы  жатырға  жеткізіледі.  Егер  де  жұ-
мыртқа  түйіршігі  ұрықтанбаса  және  жүктілі  болмаса,  онда  ол  бұзылып  ағзадан  жатырдың  қа-
быршығымен  бірге  шығып  кетеді.  Бұл  құбылыс  3-7  күндер  аралығында  қан  шығу  арқылы  жалға-
сады.  Етеккірдің  айналымы  алдында  келген,  етеккірдің  соңғы  күннен  басталады  да,  келесі  келе-
тін  етеккірдің  күндерінің  арасы  болып  есептеледі.  Бірінші  етеккір  шамамен  11-14  жастар  аралы-
ғында  келеді,  дегенмен  әр  ағза  ерекше  етеккір  15  жастан  кейін  келмесе,  дәрігерге  қаралу  қажет.
Әйелдердің  жыныс  мүшелері
Ішкі  жыныс  мүшелері:  кіші  жамбас  аралығында  орналасқан  және  бұлшық  еттер,  сүйек  арқы-
лы  қорғалады.  Әйелдердің  жатыры  бұлшық  етте  алмұрт  тәріздес  мүше,  оның  ішінде  сұйықтық 
тәріздес-эндометриі  бар.  Оның  құрамында  көптеген  қан  түтіктері  бар,  жатырдың  ішкі  бұрышта-
рында  екі  кішкентай  бұлшық  етті  түтіктер  бар,  ол  жатыр  мен  жұмыртқаны  байланыстырады. 
Оларды  жатырдың  тетіктер  деп  атайды.  (фаллопиялылар).         
Жұмыртқаларда  жұмыртқа  түйіршіктері  болады,  олар  қызбаланың  жатырында  400-500 
мыңдай  жұмыртқа  түйіршіктері  болуы  мүмкін.  Бүкіл  ғұмыр  бойы  бұл  жұмыртқа  түйіршіктері 
жаңармайды,  керісінше  жоғалады.  Сондықтан  да  жағымсыз  әрекеттер  мен  аурулар  әр  жаста 
жұмыртқа  түйіршектерінің  өсуіне  байланысты  белгісіздікке  әкеледі.  Сыртқы  жыныс  мүшелірі-
мен  сыртқы  жатыр  арқылы  байланысады,  ол  жұмсақ  бұлшық  етті  труба  тәрізді,  ұзындығы  12-14 
см-ге  жететін  мүше  кірісте  тарлау,  ал  тереңдете  келе  кеңейеді.  Жатырға  кіре  берісте  қыздықтың 
белгісі  ретінде  жұмсақ  созылмалы  бөгеті  және  кешірек  ерін  тектес  жыныс  мүшелері  болады. 
Қыздық  бөгеттегі  табиғи  те  тік,    (1  немесе  бірнеше),  ол  арқылы  етеккір  келеді.    Әр  әйелдің    жеке 
басының  ерекшелігіне  байланысты  жатырдың  өлшемдері  мен  қалыптасуы  әр  түрлі.
Бозбалалардың  жетілуі
Жуық  шамамен  13-16  жас  аралығында  бозбалалардың  бойлары  өседі,  салмақ    қосады, 
кеуделері  дамиды,  иықтары  кеңейеді.  Дауыстары  өзгереді,  жыныс  мүшелерінде  өзгеріс  байқа-
лады.
Сәлден  кейін  беттеріне  шаш  шығады  (кеуделерінде  мүмкін).  Жыныс  мүшелерінен  жұмырт-
қасы  дамиды.  Жыныс  мүшелері  әр  түрлі  өлшемдерде  және  қалыпта  болады.  Жұмыртқа-
ларында  сперматазойдтар  жетіледі.  Эррекциялары  көбейе  түседі,  ол  кезде  жыныс  мүшелеріне 
қан  мөлшері  көбейіп,  оны  қаттылыққа  дейін  жеткізеді.  Осындайда  ең  бірінші  поллюция  болады, 
ол  ұйқы  мезгілінде  өз  бетінше  болып  қалады.  Бұл  жағдайда  қорқып  абыржымау  керек.  Өз 
бетінше  бөлінген  ұрықтану    қалыпты  құбылыс.  Поллюция  арқылы  ағза  қажет  емес  ұрықтанудан 
құтылады. 
Ер  адамның  жыныс  мүшелері
Ішкі  жыныс  мүшелеріне    қос  жұмыртқалар  жатады,  ол  ер  адамның  жыныс  мүшелерінің  ас-
тында  терімен  қаптасып  орналасады.  Оларда  сперматазойдтар  мен  тестостерондар  өңделеді. 
Егер  ер  адам  қозу  жағдайында  болса,  онда  жыныс  мүшесі  қан  мөлшері  көбейеді  де  жыныс 
мүшесі  үлкейіп  қаттылану  жағдайына  жетеді.  Бұны  эрекция  деп  атаймыз. 
Шәуіт  ағзадан  зәр  жіберу  жолдары  арқылы  шығады.  Бұны  эякуляция  дейміз.  Зәр  жіберу 
жол-дары  арқылы  зәр  жіберіледі,  бірақ  ағзаның  жаратылысы  бойынша  шәуітпен  зәр  ешқашан 
да  қосылмайды.
Жетілу  барысында  бозбаларда  тер  шығару  бөлімдері  белсенді  жұмыс  істейді.  Әсіресе  қол-
тық  пен  жыныс  мүшелер  маңайында  шаш  өседі.  Өз  бетінше  тердің  иісі  болмайды,  бірақ  неше 
түрлі  бактериялармен  қосылу  барысында  жағымсыз  иіс  шығады.  Мұндайды  болдырмау  үшін 
күнделікті  шайынып-жуынып  отыру  керек,  жыныс  мүшелерін  сабынмен  жылы  сумен  бірге  күніне 
1  рет  жуып  отыру  қажет.  Тағы  да  бір  мәселе  жасөспірімдердің  беттеріне  неше  түрлі  дақтардың 
40
ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау