Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет8/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71

Пункт
1
2
3
4
5
11.  Біз  өмір  сүріп  жатқан  қоғамда  АҚТҚ,  ЖҚТБ  эпидемиясы 
туралы  мәселелер  қозғалуда
12.  Ең  жақын  адамдарыңа  АҚТҚ  инфекциясы  деген  диагноз 
қойылса,  оларға  көмек  көрсетіп,  мейіріммен  қарауымыз 
керек
13.Келер  жылдарға  біз  АҚТҚ  эпидемиясының  таралу 
тенденциясын  жобалай  аламыз
14.  АҚТҚ-мен  өмір  сүретін,  оларға  күтім  көрсететін 
адамдармен  қол  алысуға,  құшақтасуға  болмайды
15.  Ішімдік  және  тағы  басқа  тәуелділер  АҚТҚ 
эпидемиясының  таралуына  әсер  етуі  мүмкін
16.  АҚТҚ  инфекциясы  деген  диагнозы  бар  мұғалімдер 
мектепте  сабақ  беруге  рұқсат  етілуі  тиіс
17.  АҚТҚ  жұқтырған  студент  өз  топтасымен  бір 
партада  отыра  алады
18.  Біз  дәстүрден  тыс  жыныстық  қатынасқа  бейім 
адамдарға  өктемдік  жасауға  жол  бермеуіміз  қажет
19.Біз  АҚТҚны  жұқтырған  балалармен  оқушылардың 
ойнауына  тыйым  салуымыз  қажет
20.  АҚТҚ  жұқтырған  балаларға  жеке  мектептің  болуы 
тиіс.
ҚОСЫМША
 А
22


ОЙЛАНУ
Оқытылатын  жаттығу  :“Өзіңді  таны”
Уақыт: 
20  минут.
Керек-құралдар:
1.  Бейдж  түріндегі  кесілген  парақтарды  (таратпа),  фломастерлер.
2.  Сипаттаушы  сын  есімдердің  тізімі.
3.  Өзі  туралы  мағлұматтық  кесте.
Дайындық:
Есімдерге  арналған  түрлі-түсті  таратпалар  әзірлеу.
Адамдардың  қасиеттерін  сипаттау,  тізім.
Өзі  туралы  мағлұматтық  кестені  әзірлеу.
Кіріспе
Психологтардың  тұжырымдауынша,  түрлі  музыкаға  қарағанда  өз  есімдері  жақсы  естіледі. 
Осыны  еске  ала  отырып,  оқытушы  топ  оқушыларының  атын  жақсы  білуі  қажет,  оқушы  аттарын 
жиі-жиі  атау  керек.  Есімдерін  есте  сақтауда  сындық  бейнелеу  сөздерін  қолдану,  оқушылармен 
жақын  болуға  көмектесуі  мүмкін.  Бір-бірін  жақсы  білуі  арқылы  оқушылардың  бірлесіп,  топтық 
қасиет  қалыптасуы  мүмкін. 
Тапсырмалар:
1. Оқушылардың      қарым-қатынас  жүйелеу      дағдысын  қалыптастыру.
2. Оқушыларға  өзі  туралы  мәлімет  және  өзгелер  туралы  мәліметтерді  айта  білуге  үйрету.
3. Өзара  түсінісу  мен  өзгелердің  сезімін  қабылдау,  өзара  саналы    түсінісу    негізінде  топпен 
бірігіп  кетуіне  көмектесу.
Мазмұны:
1.    Оқушы  есімдерінің  сындық  бейнеленуі.
2.  Әрбір  оқушы  туралы  мәлімет.
Жұмыс  барысы:
1. Оқушыларға  бейдждерді  тарату.  Әр  оқушыға  таратылған  бейджге  өз  аттарын,  есімдерін 
үлкен  әріптермен  жазу  керек  екендігін  ескеру.
2. Өз  аттарына  мінездеме  беретіндей  екі  немесе  одан  да  көп  айқындауыш  есімдерін 
таңдау.  Мысалы:  Сәуле-қарапайым,  Батыл-Сәуле,  Алма-ұқыпты,  әдемі-Қайрат,  әдепті-Виктор, 
Ойшыл-Виктор,  тәртіпті-Павел,  көкірек-Гуля,  келбетті-Гуля,  ұрысқақ-Гуля  т.б.  яғни, 
айқындауыш    есім  оқушы    есімінің    бірінші    әрпі    қандай,        сол    әріптен  басталуы  керек.
3. Бір-біріне  бетпе-бет  2  қатарға  тұруды  өтіну.
4. Қарама-қарсы  тұрған    оқушылар  бір-біріне    қарап  екі  немесе  одан  да  көп 
айқындауышты  өз  атымен  байланыстыра  айтуы  керек.  Әрбір  оқушы  өзі  туралы  осындай 
қысқаша  мағлұмат  айту.
5. Әрбір  оқушы  өзі  туралы  мағлұматты  оң  және  сол  жақта  тұрған  оқушымен  алмасуын 
өтіну.
6. Оқушылар  өз  орындарына  отырады.  Оқушылардан  кім  бес  оқушыны  қатыстыра   
мағлұматтарын  айтып  бере  алатынын  сұрау.
Күтілетін    нәтижелер:
Бұл  жаттығуларды  орындағаннан  соң,  оқушылар  бір-бірі  туралы  кем  дегенде  екі 
айқындауыш  есімдерін  қатыстыра  отырып  мәлімет  айта  алады. 
Оқытушыға  ұсыныс:    Өз  жұмысына  қатысты    есіміне  байланысты  айқындауыш  есімдерін   
қатыстырып  оқушыларға  өзін  таныстыру. 
Оқытушыда  өз  есімі  жазылған  бейдж  болуы  тиіс. 
Жаттығу  аяқталған  соң,  оқушыларға  сұрақ  қою. 
1.  Жаттығудан  кейінгі  сезімдері  қандай?
2.  Бір-бірі  туралы  мәлімет  сендерді  жақындатты  ма?
3.  Көзқарастарың  бойынша,  өзіңді  тану  барысында  суреттеме  сын  есімдер  қандай  рөл 
атқарады?
4.  Нені  үйрендіңдер,  қандай  мәлімет  алдыңдар?
ҚОСЫМША  Б
ҚОСЫМША
 Б
23


5.  Жаттығуды  орындау  барысында  ұжыммен  қарым-қатынасың  қандай?
СЫН  ЕСІМДЕР,    ӨЗ-ӨЗІНЕ  МІНЕЗДЕМЕ  БЕРЕ  АЛАТЫН  СЫН  ЕСІМДЕР
Қабілетті,  таңдаулы,  белсенді,  ұқыпты.  т.б.
Жылдам,  сөзшең,  батыр,  қамсыз  т.б.
Өзімшіл,  дөрекі,  ашулы  т.б.
Қайырымды,  сенімді,  үқыпты  т.б.
Көңілді,  ойшыл,  әдепті  т.б.
Қамқоршыл,  қызғаншақ,  ызылдақ,  қаһарлы  т.б.
Ойнақы,  сымбатты,  бесаспап,  алфавиттік  тізімге  сәйкес  т.б.
Оқытылатын  жаттығулар  №2    "Менің  күтетінім"
Уақыт:
 
30  минут
Керекті-құралдар:
  флипчарт,  2  қағаз,  маркерлер.
Дайындық:
Алдын-ала  екі  үлкен  қағаздарға  жазылған  жазуы  бар  парақшалар:    қағазда:    "Күтетінім" 
қағазда:    "Жаңа  білім,  дағды,  білік"
Кіріспе:
Оқытушы  жаттығу  жұмысының  алдында  оқушыларға  кіріспе  сөз  айтуына  болады,  ол 
төмендегідей  түрде  болуы  мүмкін.
Сіздер,  өз  тәжірибелеріңізден  және  айналадағыларыңыздың  тәжірибесінен,  өмір  -  бұл  қай-
тымсыз  оқу  процесі    екендігіне  көздеріңіз  жеткен  шығар.  Біздің  әрқайсысымыздың  білетініміз  аз 
емес,  бірақ  үйренуге  ашық  болып,  ол  үшін  талаптанатын  болсақ  біз  әлі  де  көп  нәрсені  үйренуі-
мізге  болады.    Біз  әрқашан  ата-анамыздан  және  туыстарымыздан,  оқытушылардан,  құрбыла-
рымыздан  және  т.б.  үйренуді  жалғастырамыз.  Бүгін  сіздерге  өз  білімдеріңізді  толықтыруға, 
жаңа  шеберлік  пен  дағды  қалыптастыруға  тағы  да  бір  мүмкіндік  туды.  Сіздер  әр  сабақтан  өз 
тәрт-ібіңізді  қалай  өзгертуді  ойлап  қандай  білім,  дағды,  шеберлік  алғыларыңыз  келеді,  не 
күтетініңіз  туралы  ойланып  көріп,  өз  ойларыңызды  жүйелеп,  сыртқа  шығарып  айтуға 
дайындалыңыз.
Тапсырмалар:
1.  Оқушыларда  оқылып  жатқан  материалға  қатысты  өз  мүмкіндіктерінің  қажеттілік    деңгейін 
білу
2.  Осы  жаттығу  барысында  қандай  білім,  білік  дағдыларын  қалыптастырды?
Мазмүны:
1. Оқушылардың  оқудан  күтілетін  нәтижесін  сипаттау.
2. Алған  білім,  білік,  дағдыларын  негізге  сүйене  жүйелеу.
3.  Күтілетін  нәтиже  туралы  ойы.
Жүргізу  барысы:
1.  Оқушыларды  бес  оқушыдан  топқа  бөлініп  және  топ  ішінде  көшбасшыны  сайлауды 
сұраңыз. 
2.  Осы    жаттығулар  барысында  әр  топқа  ой  қозғау  тапсырмасын  орындауда  қандай  жаңа 
білімді,  білікті,  игергілері  келетінін  бірге  талдап,  әр  топ  қағазға  тізімін  жазу.
3.Топ  көшбасшылары  бірігіп  3-5  минут  уақыт  өткеннен  кейін,  бір-бірінің  жазуын    салыстыру. 
Әр    топқа    өз    тізімін    толықтыруды  тапсырыңыз. 
4.Көшбасшылардың  қағазды  оқуын  өтіну: 
1)  "Күтілетін  нәтиже"
2)  "Жаңа  білім,  білік,  дағды"
5.  Әр  топ  қағаздарын  тақтаға  ілу.  Бүл  тапсырмалар  жаттығу  аяқталғанша  ілініп  тұруы  тиіс.   
Оқу  кезеңінде  оқтын-оқтын  оған  қарап  тұруға  болады.
Баға:
Баға  беру  талқылау  барысындағы  кері  байланысқа  негізделеді
1.Қатынасушылардың  күтілетін  нәтижесін  тыңдау.
2.Қандай    жаңа    білім,        білік,      дағды,        шеберлік    алғысы  келетіндерін  сұрастыру.
3.  Оқыту  тапсырмалары  мен  күтілетін  нәтижені  салыстыру.
ҚОСЫМША
 Б
24


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау