Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет35/36
Дата16.05.2018
өлшемі1,05 Mb.
#14164
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

81 

 

«Консультативтік  әлеуметтік-психологиялық  көмек  көрсетуге  арналған 



«Қызу  желі»  бірыңғай  нөмірін  белгілеу  туралы»  ІІМ,  БҒМ,  ДСӘДМ  бірлескен 

бұйрығы  шығарылды  (24.07.2015  ж.  №630,  27.07.2015  ж.  №486,    29.07.2015  ж. 

№636) 

Бұйрыққа  сәйкес  «150»  телефонының  функцияларын  кеңейту  және  кіріс 



қоңырауларды  «112»  телефон  нөміріне  коммутациялау  мүмкіндігі  бойынша 

ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 

 

Бала құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау

 

 



Бала  құқықтары  туралы  конвенция  бала  құқықтарының  кең  спектіріне 

арналған, міндетті сипаттағы бірінші және негізгі халықаралық-құқықтық құжат 

болып табылады.  

Аталған  Конвенцияны  БҰҰ  190  мүше  елдер  ратификациялаған.  Қазақстан 

1994  жылы  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны  ратификациялау  күнінен 

бастап, барлық мемлекеттік, жекеменшік, әкімшілік, сот және заң органдарының 

қызметінде  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін  басымырақ  және  мейлінше 

жақсы қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.  

Бала құқықтары туралы конвенцияға қатысушы - әр мемлекет бес жылда бір 

рет БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетке Конвенцияның орындалуы туралы 

баяндама ұсыну қажет. Қазақстан 2003, 2007 жылдары баяндамалар жолдады.   

2015  жылғы  16-17  қыркүйекте  Женева  қаласында  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  Бала  құқықтары  жөніндегі  комитеттің  70-сессиясында    Қазақстан 

Республикасының  Бала  құқықтары  туралы  конвенция  ережелерін  іске  асыру 

туралы 4-інші мерзімдік баяндаманың қорғалуы өтті.   

Делегация құрамына орталық мемлекеттік органдардың, Жоғарғы Сот, Бас 

прокуратура,  сондай-ақ  ұлттық  құқық  қорғау  институттары  –  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  жанындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  комиссия, 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және ҮЕҰ өкілдері енді. 

БҰҰ  Комитеті  мүшелерінің  назарына  қазақстандық  делегация  елімізде 

жүргізіліп  жатқан  саясат,  соңғы  төрт  жылда  (2011  жылы  БҰҰ  Комитетіне 

баяндаманы  жолдау  уақытынан  бастап)  Үкіметтің  іс-қимылы  туралы  есебін 

ұсынды.  «Қазақстан  жолы-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  жыл 

сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауда  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев 

балаларды қорғау ұлттық саясаттың негізгі басымдығы ретінде жариялағандығы 

атап өтілді.   

Елде  Комитеттің  бұрынғы  ұсынымдарын  орындау  жөніндегі  кешенді  іс-

қимыл  жоспары  іске  асырылуда,  оның  ішінде  ұлттық  заңнаманы  халықаралық 

шарттар 

нормаларына 

сәйкестендіру, 

балалар 


мүддесіне 

сәйкес 


қаржыландыруды  ұлғайту,  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияның  ережелері 

туралы сот, заң шығару органдары қызметкерлерінің азаматтық қоғамның және 

бұқара  халықтың  хабардарлық  деңгейін  жоғарылату  үшін  шаралар  қабылдау, 

бала  құқықтарын  қорғаудың  қолданыстағы  ұлттық  механизмдерді  қабылдау, 

Бала  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  институтын  құру,  балаларды  қоғам  мен 

мемлекет өміріне қатысуды қамтамасыз ету және басқалары. 




82 

 

Жалпы,  Бала  құқықтары  жөніндегі  Комитеттің  ұсынымдарын  Қазақстан 



орындады.  

Халықаралық  балалардың  құқықтарын  қорғаудың  негізгі  бағыттарын 

Қазақстан бұлжытпай сақтайтындығын атап өтуге болады. 

Бірқатар  конвенциялар  ратификацияланды,  оның  ішінде  балаларды 

халықаралық 

ұрлаудың 

азаматтық-құқықтық 

аспектілері, 

отбасылық 

міндеттермен еңбек ететін еңбекші ерлер мен әйелдерге арналған тең қарау және 

тең мүмкіндіктер, мүгедектердің құқықтары туралы конвенциялар.  

Ұлттық заңнама халықаралық нормаларға сәйкестендірілді. 

Жүргізіп 

отырған 


саясаттың 

арқасында, 

Қазақстан 

өскелең 


экономикалардың  бірінші  ондығына  енді.  Жыл  сайын  халықтың  жан  басына 

шаққанда жалпы ішкі өнім өсуде, бұл балаларды қорғауға мемлекет шығыстарын 

ұлғайтуға  мүмкіндік  береді.  Балалар  мүддесіне  сәйкес  жаңа  ұлттық 

бағдарламалар мен жоспарлар іске асырылуда.   

Бала  құқықтарын  қорғау  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  Бала  құқықтары 

жөніндегі Уәкіл институтын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.  

БҰҰ  Бала  құқықтары  комитетінің  мүшелері  Қазақстан  Республикасында 

балалардың  құқықтарын  қорғау  мәселесінде  алға  бағытталған  прогресті  атап 

өтті.  Сондай-ақ,  қазақстандық  тарап  Комитет  ұсынымдарын  орындалуына 

барлық  жауапкершілігімен  қарағандығын  және  Қазақстанның  қазіргі 

жетістіктері  бала  құқықтарын  қорғау  саласында  қойылған  міндеттердің 

орындалатынына  және  Қазақстанның  халықаралық  міндеттерді  орындады  деп 

есептеуге толық негіз бар екендігі туралы баса айтылды.     

Қорытындылар мен тұжырымдар 

2015 жылы республикада балалар мүддесіне сәйкес кең шаралар кешені іске 

асырылды. Балаларды, оның ішінде ерекше осал санаттағы балаларды құқықтық 

қорғауға  бағытталған  бірқатар  жаңа  нормативтік  құқықтық  актілер  әзірленіп, 

бекітілді.Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметі 

жанындағы 

Кәмелетке 

толмағандардың 

ісі 

және 


олардың 

құқықтарын 

қорғау 

жөніндегі 



ведомствоаралық  комиссия  жұмысын  жалғастыруда,  комиссияның  16-ншы,  17-

інші  отырыстары  өткізілді,  балалардың  заңды  мүдделерін  қамтамасыз  ету 

мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленді. 

Республиканың  әлеуметтік-экономикалық  даму  стратегиясын  жоспарлы 

жүзеге асыру демографиялық дамудың позитивті жылжуына себеп болды. 

Халық саны ұлғаюда, жыл сайын балалардың туылуы өсуде. 

Денсаулық  сақтаудың,  білім  берудің  және  мәдениеттің  одан  әрі  дамуы 

балалардың жағдайын, олардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша отбасы мен 

мемлекеттің мүмкіндіктерін едәуір жақсартты. 

Денсаулық  сақтау  мекемелерінің  материалдық-техникалық  базасы 

нығайтылды, сырқаттанған балаларды емдеу ең үздік халықаралық стандарттар 

бойынша жүзеге асырылуда. 

БҰҰ  сарапшыларының  деректеріне  сәйкес  Қазақстанда  2013  жылдың 

қорытындысы  бойынша  сәбилер  өлімінің  көрсеткіші  төмендеді.  Қазақстан 

балалар  өлімін  70%  дейін  төмендетіп,    Мыңжылдықты  дамытудың  4-інші 

мақсатына мерзімнен бұрын қол жеткізді. 




жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау